Реферат Тақырыбы: Ежелгі грек философиясы Орындаған: Түлкібаева П. Қ. Тобы: ҚТӘ 101-1 Тексерген: Бекежан Ө. Қ


Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель



бет2/2
Дата16.01.2022
өлшемі26,45 Kb.
#112479
түріРеферат
1   2
Байланысты:
реферат Ежелгі грек философиясы
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.
Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.
Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім — менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.
Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де — сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, — дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді.
Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», — деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» — деп жауап беріпті.
Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды.
Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды.
Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды.
Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды.
Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау.
Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.

Антика философиясы

Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады деген пікір төңірегінде дәлелдемек болады. Оның ойынша, ешкімде де теріс пікір жоқ, бірақ сол көп пікірлердің ішінде біреуі ақиқат болуы немесе дұрысырақ болуы ғажап емес. Данышпандардың пікірлері басқа адамдардікінен гөрі дұрысырақ келетініне талас жоқ.

Пікір таңдауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол жамандық пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын , ал объективті нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек.

«Рақымшылық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды үйретуге болады ма? — деген сұраққа Протагор былай деп жауап береді: ізгілікке, рақымшылыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ ізгіліктің, рақымшылықтың өзі туа біткеннен болмайды, сондықтан оған адамдарды үйрету керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда ізгілікті, рахымды адам болып шығады. Осыған байланысты мемлекет қоғамда ізгілік , рахымшылық сияқты қасиеттерді тәрбиелей алатын болғанда ғана қылмыскерді жазалауға болыды, себебі, жазалаудың өзі жамандықты болдырмау үшін қолданылатын шара ғой, — дейді Протагор.

Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде Протагордың ілімін сынға алып, софизм деген шын данышпандық емес, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар көп көрсетеді.

Эмпедокл (б.д.д. 487/82-2424/23). Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Тазару». Бұл шығармалардың кейбір үзінділері ғана қазіргі кезеңге дейін жеткен.

Әлемнің алғашқы бастамасы етіп дәстүрлі қалыптасқан «заттардың төрт тамырын» — жер, су, ауа және отты алған. Бұл бастамалар бір-біріне ауыспайды. Эмпедокл төрт алғашқы бастаманы төрт құдаймен теңестіріп қояды. Олар Зевс, Гера, Аид және Нестис (су құдайы). Ал қалған құдайлар осы тамыр — құдайлардан жаратылады. Әлемдегі заттар осы төрт бастаманың бір-бірімен әртүрлі мөлшерде араласуынан пайда болады. Мысалы, сүйек — судың екі, бір-бір жердің және оттың бөліктерінен тұрса, қанда төрт тамырдың төртеуі де тең орын алған.



Төрт тамырдың қай-қайсысы да белсенді болмағандықтан әлемдегі болып жатқан үздіксіз өзгерістер мен процестердің қозғаушы күші ретінде Эмпедокл бір-біріне қарама-қарсы екі бастаманың күресін алады. Біріншісі, Филия — махаббат (сүйіспеншілік)- ғарыштық күш ретінде, «төрт тамырдың» қойнауын қорғап-сақтауға әрекеттеніп, бірлік пен жақсылықтың, әртектілерді біріктірудің, біртектілерді бөлудің ғарыштық себебі болса, екіншісі — Нейкос жек көру мен жаманшылық ретінде көпшілік пен жамандықтың әртектілерді бөлудің, біртектілерді біріктірудің ғарыштық себебі. Өзара күресте Филия мен Нейкос алма-кезек жеңіске жетеді. Олардың жеңіс кезеңдері ғарыштық циклдің төрт фазасына сәйкес келеді. Бірінші, үшінші фазаларда махаббат (сүйіспеншілік)) жеңеді.Бұл фазаларда әлем шарға (сфайрос) ұқсайды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет