Реферат тақырыбы: Галогендер



бет12/15
Дата08.02.2022
өлшемі152,5 Kb.
#119735
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Галогендер
33 22-OSh TZhB Fizika 8-syn 1179 az, 33 22-OSh TZhB Fizika 8-syn 1179 az, 33 22-OSh TZhB Fizika 8-syn 1179 az, 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР, 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР, TZhB9 FIZIKA vk zhbtb8, УЗИ.ФГДС, 6апта Касенов Р, 3 жастағы бала даму,ой.т.б, 9,12,2020 есеп , альдегидтердің химиялық қасиеттері, 2 5289564675304855175, психология, Психология 3 тақырып

Физикалық қасиеттері


Бром - оңай ұшатын қызғылт-қоңыр түсті, ұнамсыз иісті (грекше «сасық» дегенді білдіреді), суда нашар, ал органикалық еріткіштерде тәуір еритін сұйықтық.
Бром (лат. Bromum, грек. bromos — сасық), Br — элементтердің периодты жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Ат. н. 35, ат. м. 79,904; галогендер тобына жатады. Тұрақты екі изотопы бар: 79Br, 81Br. Б-ды 1826 жылы француз химигі А. Балар бос күйінде бөліп алды. Бром қалыпты жағдайда өткір иісті, қызыл қоңыр түсті, ауыр сұйық. Ауада тез буланып, сары қоңыр түсті бу түзеді, 0ӘС-тағы тығызд. 3,19 г/см3, қайнау t 58,78ӘС, балқу t –7,2ӘС. Жер қыртысындағы мөлш. 1,6Һ10–4%. Табиғатта теңіз суында, тұзды көлдерде, табиғи хлоридтерде кездеседі. Бром сирек кездесетін ромаргирит (AgBr) және эмболит Ag(Cl, Br) минералдарын түзеді. Химиялық активтігі жөнінен хлор мен иод арасында орналасады. Көптеген бейметалдармен (Ca, N, C, инертті газдар) және металдармен тікелей әрекеттеседі, қышқылдармен реакцияға түспейді. Сілтілермен реакцияласқанда гипобромит (салқындатқанда) және броматтар (қыздырғанда) түзеді. Сутегімен әрекеттесіп бромсутегін береді, оның судағы ерітіндісі қышқылдық қасиет көрсетеді. Олар өткір иісті сұйық, күшті қышқылдар қатарына жатады. Бромды сутек қышқылының тұздарын бромидтер деп атайды. Бром суы және бромидтер ерітіндісі арқылы хлор жібергенде Бром бос күйінде бөлінеді. Бұл реакция теңіз суынан және тұзды көл суларынан бром алу үшін пайдаланылады. Бром және оның қосылыстарын органикалық синтезде, фотоматериалдар мен бояулар алуға және дәрі-дәрмек өндіруге пайдаланады.
Йод - металдық жылтыры бар күлгін түсті қатты зат, суда өте нашар ериді, ал органикалық еріткіштер мен калий иодидінде жақсы ериді. Йодтың тағы бір өзіне тән ерекшелігі оны қыздырғанда ол сұйық күйіне айналмай бірден бу (күлгін түсті) күйіне көшеді, осы құбылысты возгонка деп атайды.
Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элементГалогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,60С; қайнау t 184,350С. Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутаритдитцент минералдарындамұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе судабалдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спиртэфиркүкірткөміртекхлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыштотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлорменнатрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титанцирконгафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет