Реферат тақырыбы: Иманжүсіп Құтпанұлы Орындаған: Жұмабай Ақжан Қабылдаған: Данабекова Динара 2022-2023 оқу жылы Өмірбаяны



бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі25,77 Kb.
#187045
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
иманжүсіп құтпанұлы


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Иманжүсіп Құтпанұлы
Орындаған:Жұмабай Ақжан
Қабылдаған:Данабекова Динара
2022-2023 оқу жылы


Өмірбаяны
Мақалада Мəшһур Иманжүсіп Құтпанұлының тарихтағы орны, заманы мен шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектері, тұлғаның қилы тағдыры, қазақ елінің бостандық алу жолындағы күрестердегі даралығы, артына қалдырған əн-өлеңдерінің мəн-маңызын бағамдай отырып, төл əдебиетіміздің көрнекті ақын-жазушыларының мұрағат деректері, батырдың көзін көрген көнекөз тұлғалардың аузында сақталған аңыз-əңгімелердің желісімен Иманжүсіптің көркем əдебиеттегі бейнесі, өмір тарихы мен заманына қатысты жазылған көркем туындылары қарастырылды. Автордың мақсаты ел тарихындағы жарқын бейнесімен халықтың жадында қалған тұлғаның асқақ əндерін, шығармашылығын жəне батырлығын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Əлемдегі əрбір халық өздерінің ішінен түрлі кезеңдерде дараланып шыққан ақын, батыр, əнші, ғалым жəне тағы басқа дарындармен рухтануы, солардың өмір жолы мен игі істерін насихаттап жас өскелең ұрпақты патриоттық рухта тəрбиелеуге талпынады. Жер бетіндегі қандай халық болмасын өзінің туған елін даңқты тұлғалары арқылы таныстыруға мүмкіндік алады. Міне, осындай қазақ халқы ішінен шыққан дарынды ақын, сазгер, сері жəне батыр тұлғалардың бірі жəне бірегейі Иманжүсіп Құтпанұлы еді.
Тұлға өмірде «сегіз қырлы, бір сырлы» адам болған. Өйткені батыр Иманжүсіп Құтпанұлы қазақ сахарасына аты Мəшһүр болған адам. Иманжүсіп елдің азаттығы үшін арпалысып өткен ежелгі əулеттің асыл нəсілі болатын. Оның атасы Тұрғанбай датқа Сіргебайұлы (1794–1850) Қоқан хандығына қарсы азаттық қозғалысты бастап шығып, Түркістан шаһарында қапияда қазаға ұшырайды. Оның əкесі Құтпан (Баймырза) Тұрғанбайұлы (1817–1914) бастан аяқ Кенесарының ұлт- азаттық көтерілісіне қатысқан. Ақыр соңында баласымен бірге Жетісуға жер аударылып, ұзақ жасап, айдауда жүріп өледі. ХІХ ғ. басында, дəлірек айтсақ, Əлім ханның тұсында (1800–1809) қалың қазақ жайлаған Сыр бойын Қоқан басып алғаны тарихтан мəлім. Хиуа хандығы Мұхамед Рахым (1806– 1825) тұсында ерекше нығайып, кəдімгідей іргелі мемлекетке айналды. Осы тұста Қоқан, Хиуа билеушілерінің озбырлығына төзбеген Сыр бойындағы Орта жүзбен Кіші жүз қазақтарының 1812, 1816, 1820, 1850 жж. қанды шайқастарға шығып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүргені мұрағат деректерінде сақталған. Құтпан Кенесары хан əскерінің жасағында жауынгер болған, кейін 1914 ж. тұтқында жүріп Жетісуда қайтыс болған» [1], — дейді.
Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал серілер дəстүрін ұстап, саятшылық құрып, батыр атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, əнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мəди əндерін тамылжыта шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлеңдер арнаған. Патшалық Ресей империясының қысымына шыдамаған Иманжүсіп ХІХ ғ. аяқ шенінде Ақмолаға келеді. Мұнда да əкімдердің зорлығына, əділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлеңдерін айтады. Содан жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905–1912 жж. Өскеменге, 1914 ж. Жетісуға жер аударылады. Сол жердегі Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа тартылған. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал-серілер дəстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, əнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мəди əндерін тамылжыта шырқаған.
Ұлтымыздың тарихи тұлғалығын таныта отырып, Иманжүсіп жайында сыр ақтарған абзалдарымыз Сəкен Сейфуллин, Қаныш Сəтпаев, Əлкей Марғұлан, Сəбит Мұқанов, Жүсіпбек Елебеков, Мұхтар Əуезов, Ахмет Жұбанов, Александр Затаевич, Əбділда Тəжібаев, Евгений Брусиловский, Əуелбек Қоңыратбаев, Əбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қасым Аманжолов, Ғабдол Сланов, Қалижан Бекқожин, Оралхан Бөкеев, Мұзафар Əлімбаев, Шерхан Мұртаза, Төлен Əбдіков, Илья Жақанов, Зейтін Ақышев, Оразбек Сəрсенбаев, Кеңшілік Мырзабеков, Ақселеу Сейдімбеков, Қалихан Ысқақ жəне тағы басқалары.
Қазіргі қазақ поэзиясының көшін бастап келе жатқан Қасымхан Бегіманов, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков сияқты тұлғалардың өлең өрнегіне, соны тақырыбына айналған тұлғаның бірегейі осы — Иманжүсіп.
Тар заманның нар тұлғасы Иманжүсіп Құтпанұлының өмір тарихы, заманы мен шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектері мен көркем туынды, зерттеу мақалалары 3 кезеңге бөліп қарастырылады. Бұл кезеңді қамтитын уақыт төмендегідей:
Бірінші кезең ХХ ғасырдың басынан бастап 60-жылдарына дейінгі уақытты қамтиды. Екінші кезең — 1960 жылдардан кейінгі уақыт.
Үшінші кезең еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі уақытты қамтиды. Иманжүсіп Құтпанұлы 1990 ж. маусым айында толық ақталды.
Иманжүсіп Құтпанұлы туралы мұрағат деректері де, естелік материалдар да едəуір. Мəселен, Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік мұрағатында Омбы дала губернаторлығының іс қағаздары ішінде Иманжүсіпке қатысты біраз құжаттамалар сақталған. Қазақ ССР Ғылым академиясының сирек кездесетін қолжазбалар қорында Иманжүсіптің өлеңдері сақталған.
Батырдың өмір тарихы мен шығармашылығын зерттеудегі бірінші кезең өткен ғасырдың басынан бастап 30-жж. дейінгі уақытты қамтиды. Оған Ə.Қоңыратбаевтың, М.Əуезовтің, А.Затаевичтің , А.Жұбановтың жазғандары айғақ болып табылады. Бұл қатарға академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың есімін де атағанымыз лəзім.
Фольклорист-ғалым Əуелбек Қоңыратбаев «Шиелінің халық ақындары» атты зерттеу мақаласында, «Керуен» деген атпен жарық көрген деректі əңгімелер мен естеліктер кітабында Иманжүсіп Құтпанұлының əншілік, серілік, ақындық қасиеттерін аша отырып, əңгіме желісіне айналдырады. Ал Қ.Сəтбаевтың Иманжүсіпке қатысты құнды пікірлері «Иманжүсіп» [6; 166] атты кітапқа енген. Аталған кітапта ақтаңдақ тұлғаның қилы тағдыры, батырдың көзін көрген көнекөз қариялардың айтқан естеліктері, сырлы да өр үнді əндері жинақталған. Раушан апайымыз ғылыми- шығармашылық жолын атасының рухына арнаған. Бұл еңбектің құндылығы, оның авторы жайлы Бағдат Ілиясова былай деп ілтипат білдіреді: «Ақындар, қолбасшылар мен батырлардың, даналар, ғалымдар, жер жинаушылар мен қазақ мемлекеттігін құрғандардың ұлы есімдері оралуда. Халайықты жинап, олардың Отанға деген рухы мен сүйіспеншілігін нығайтқандар туралы Даланың əрбір шөбінің сабағы естіді, біз үшін тым қастерлі ата-баба есімдерінің сақталғаны да сондықтан, ал біздерге, олардың ұрпақтарына, желдің не туралы əн салғанына, шөптің не жайында сыбдырлағанына құлақ түріп, уақыт пен кеңістіктің аңызын буындап, түйірлеп жинау ғана керек. Мұндай еңбек кез келгенге дес бермейді, бұл адами ерлікті жасауға кез келгеннің күші жетпейді, бірақ жігер, қайрат табылса, қолдан келеді, оған сөз жоқ.
Иманжүсіптану мəселесінің алғашқы кезеңінде əн, өнер зерттеушілерінің орны ерекше. Ең əуелі А.В.Затаевич Иманжүсіптің көзі тірісінде «Қазақ халқының 1000 əні» (1925, 1963) еңбегіне оның бес əнін (№ 117, 196, 217, 758, 840) кіргізді. Қазақ тілін білмеген зерттеуші бұл əндердің нотасын жазған да, əн мəтінін келтірмеген. Иманжүсіп əндерін орындаушылардың ішінде ең атақтылары Қ.Байжанов, И.Байзақов, Қ.Байсейітов болды. Қазақ радиосының «Алтын қорынан» Иманжүсіп Құтпанұлының он үш əні табылған. Орындаушылар: Рамазан Баймағанбетов, Ғалымбек Нұрғазинов, Қайрат Байбосынов, Жүсіпбек Елебеков, Мейіргүл Нұрмағанбетова, Жаппас Қаламбаев, Əмина Нұғыманова, Сматай Үмбетбаев, Айтбек Нығызбаев, Ербол Айтбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет