Реферат тақырыбы: Иманжүсіп Құтпанұлы Орындаған: Жұмабай Ақжан Қабылдаған: Данабекова Динара 2022-2023 оқу жылы Өмірбаяны



бет3/3
Дата20.10.2023
өлшемі25,77 Kb.
#187045
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
иманжүсіп құтпанұлы

Иманжүсіптанудың үшінші кезеңі еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейінгі уақытты қамтиды. Иманжүсіп Құтпанұлы 1992 ж. маусым айында заңды жолмен ақталды. Батырдың атылып кетуінің ешқандай себепсіз екені де анықталды. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев Ерейментауға келгенде Иманжүсіптің өлеңін жатқа оқып тұрып, бір əнін басқалардың білмейтініне реніш білдірген екен. Оны жазған Алтайдың мұзбалағы О.Бөкей еді. Қалай айтсаңыз да, «алтын пышақ қап түбінде жатпайды». Тарихи құндылықтың үлкен үлесі біздер əлі қазып, қопара алмаған уақыттың еншісінде жатыр. Ел мен жерге деген ұлы махаббаттың үлгісі бола білген «Феникс» құс секілді ұлылардың рухы бізді əрдайым жебей беретіні сөзсіз.
Дара тұлға жайлы, өмірі мен шығармашылық жолы туралы тың зерттеу мақалалары, ғылыми еңбектер тарихшылар, əдебиетшілер, өнер зерттеушілері тарапынан жазылды. Ақындар өз өлең жолдарын, жазушылар таңдаулы шығармаларын, режиссерлар кинофильмдерін, фототілшілер альбомдары мен альманахтарын арнаса, ғалымдар ғылыми еңбектерді қосты. 1992 ж. кейін түрлі дəрежедегі ғылыми-практикалық конференцияларда, əдеби кештерде баяндамалар жасалды, зерттеу еңбектері Иманжүсіпке арналып жатты.
Иманжүсіп Құтпанұлының қазақ əдебиетінде сомдалған көркемдік бейнесі мен болмысы, қазақ тарихындағы қоғамдық, саяси-əлеуметтік орны қандай болды деген сұрақтарға жауапты Иманжүсіптің өмір тарихы мен заманына қатысты жазылған өлең, поэма, əңгіме, естелік, романдардан іздегеніміз абзал. Тарихи тұлға образын жасауда əр уақыттың ақын-жазушысы мен зерттеушісі мұрағат деректеріне, ел аузында сақталған аңыз-əңгімелердің желісіне сүйене отырып, шоқтығы биік көркем туындыларды, құнды əдеби шығармаларды дүниеге əкелді. Солай белгілі тұлғаның өмір шежіресін көркем туынды ретінде жинақтады. Өр мінезді, күрескер ақын, нар тұлғалы Иманжүсіп Құтпанұлының тарихи тұлғасы, көркемдік жəне күрескерлік бейнесін сомдауда ақиық ақындар, қара сөз шеберлері, көрнекті жазушылар образ төңірегіндегі уақиғалар, заман шындығы мен шырғалаңын өз шығармаларына, көркем туындыларына арқау етті.
Қазақ жерінде аты аңызға айналған тұлға — Иманжүсіп Құтпанұлы. Иманжүсіпке қатысты тың пікір айтқан сыншы-ғалым Тұрсынбек Кəкішев. Көрнекті ғалымның Иманжүсіпке қатысты айтылған құнды пікірін толық келтіруді жөн санадық: «Тарихта бағы жанған, бағы жанбаған тұлғалар бар. Солардың бірі — Иманжүсіп. Иманжүсіп сияқты азаматтар жалғыз ғана патша үкіметіне қарсы шыққандықтан емес, жалпы, ел азаматы, қазақтың біртуар батыр ержүрек ұлы. Оған қоса, атақты əнші, сазгер, сері. Иманжүсіптің əндерін айтпайтын, жадында сақтамаған қазақ болмаған. Ол əндерінің ар жағында туатын сұрақтар: қалай, қай кезде айтылған, кімге арналған, қай күйде шығарған, осындай əндерді жазған адам қандай болған — жауап іздемеу — бұл біздің елдігіміздің, мəдениетіміздің, дəстүріміздің дұрыстап қалыптаспағанының бір көрінісі деп ойлаймыз. Иманжүсіп сияқты адамның қазақ əдебиетінің, өнерінің тарихында рөлін жарқыратып көрсету — біздің парызымыз. Баяғыда Сəкен Сейфуллин 1927 ж. арнайы іздеу салып, Иманжүсіпті тауып, кездесіп, аса құрметтепті. Ал егер Сəкен Сейфуллин іздеп жатса, кейінгі біздер қолымызға шам алып іздеп жүруге тиістіміз ғой»

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə. Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., — IV-т. — 201-б.

  2. Қоңыратбаев Ə. Шығармалары. — 1-т. Жылдар, ойлар... Өлеңдер мен естеліктер. — Астана: Фолиант, 2008. — 304-б.

  3. Ауэзов М.О. ПСС: В 50 т. — Т. 1. — Алматы: Ғылым, 1997. — С.

  4. Затаевич А. 1000 песен казахского народа. — М.: Музгиз, 1963. — С.

  5. Жубанов А. Земляк Иманжусупа / Иманжусуп. — Алматы: Кайнар, 2001. — С. 178,

  6. Кошенова Р.Н. Иманжусуп. — Алматы: Кайнар,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет