Реферат Тақырыбы: «Ж. Жабаев өмірі мен шығармашылығы.»


Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл



бет4/4
Дата22.10.2023
өлшемі56,5 Kb.
#187344
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
әдебиет 10 апта
Резюме (копия)
Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып-салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет