Реферат тақырыбы: Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Орындаған: Жұмабек Аделия Асылбекқызы


Адамның іс-әрекетінің физиологиялық негізі және оның жас ерекшеліктері



бет8/8
Дата15.11.2022
өлшемі99 Kb.
#158221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сөж 1
55762279055, Scan 10 Jul 22 · 10·56·26, MONKEY
Адамның іс-әрекетінің физиологиялық негізі және оның жас ерекшеліктері.
Шартты рефлекс жоғары жүйке әрекетінің маңызды тетігі. Дегенмен адамның іс-әрекеті мен қылығы рефлекторлы реациялардың қортындысы емес. Бұдан үш жүз жылдай бұрын ашылған мидың организмнің қызметін анықтауды қамтамасыз еткен еді. Физиологиялық қазіргі замандағы дәуірлеу шағында дәлелдеу орны мен маңызы нақты жағдайы ескеріледі. Қазіргі замандағы ғылыми техниканың, киберникасының жетістіктерін, радиоэлектрониканың жаңалықтарын, компьютерді кеңінен физиологиялық зерттеу жұмыстарында қолданып, нерв импульстерінің кері байланыс тетігі жайлы қағида тереңірек зерттелуде.
Саналы іс-әрекет адамның жасына байланысты ерекшеленеді. Балаларда ол қимыл белсендігімен көзге түседі,яғни олардың бұлшық еттерінің қызметі қатарласады. Организімдегі бұлшық еттердің қызметі жүйке жүйесінің қызметімен және оның қасиеттерімен тікелей байланысты, сондықтан жоғарыда айтылған орталық және шеткі жүйке жүйелерінің баланың баланың жасына сәйкес ерекшеліктерінің заңдылықтарына және мүмкіндіктеріне тәуелді болады. Оқу, тәрбие тұрмыс жағдайларында баланың жасына лайық физиологиялық қажеттері толық қанағаттандырылмағанда оның қалыпты тіршілік әрекеттері, сыртқы және ішкі орталардың жағымсыз әсерлеріне төзімділігі, организімінің иммундық қасиеттері нашарлайды. Сонымен қатар, жүйке жүйесі мен оның бөлімдерінің арасындағы үйлесімділік ұзылады, жоғарғы жүйке жүйесінің жоғаррғы сатылы қызметіне жағымсыз әсер тіп, ес, эмоция, шартты рефлекстерінің пайда болуы мен тежелуі, баланың көңіл-күйі бұзылады.
Алғашқы үш жаста жоғары жүйке жүйесінің қарқынды дамуына байланысты сәби бірнеше сағат бойы сергек күйде бола алады. Дегенмен оның жүйке жүйесінің жоғары белсенділігі сергектік кезде тежеліге жылда ауысады. Бұл баланың организімінің қорғаныс реациясының біріне жатады, яғни оның организімі шектен тыс қажудан, шаршаудан, қалжыраудан өзін-өзі сақтайды.
Бастауыш сынып оқушыларының ой еңбегін жасына лайық гигиеналық талаптармен ұштастыру аса маңызды. өйткені бұл кезде жоғары жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің жинақталуы төмен болады.
Саналы еңбекті дұрыс ұйымдастырудың маңызы жыныстық жетілу мерзімінде (11-15 жас аралығы) артады. Өйткені бұл кезде бала организмі жыныс мүшелерініңөсіп дамуы мен жетілуіне көп күш жұмсамайтындығынан жоғары жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелунің өзара қарым-қатынасы мен талдау және талқылау қасиеттері бұзылады да, жас өспірімнің жағымсыз мінез-қылықтары тез дамиды. Бұл кезде жас жеткіншек тез шаршайды, жалқаулық басым болады,әсіресе, ересектердің тапсырмасын, өтінішін орындауда қимыл-қозғалыстары сылбыр, баяу болып, өзара түсінбеушілік күшейеді. Бұл кезде ми қыртыстарындағы еске сақтау қабілеті де нашарлайды, бұрын жақсы оқып жүрген балалардың да үлгірімі төмендейді. Сонымен қатар басқа жынысқа деген құштарлық пайда болып,жастар бір-бірімен оңашаланып, сырласуға бейім болады. Бұл, өз кезегінде, мұғалімдер, ата-аналары мен көрші-қолаңдарының арасында теріс ұғымын тудырып, жастар мен ересектер арасы шиеленісуі мүмкін. Жастар сырттан өзін түсінетін жаны ашитын дос адамды іздейді. Адам – қоғами жаратылыс, сондықтан баланың іс- әрекеттерінің нәтижесі қанағаттанарлықтай болуы үшін әлеуметтік әсерлердің де маңызы зор.

Қолданған әдебиеттер тізімі:

  1. З.М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы негіздері. Алматы 1993ж.

  2. Бастауыш мектеп №5 2000ж., № 10 2002 ж.

  3. Қазақстан мектепбі №3 2000ж.

  4. Ұлт тағылымы журналы. №5

  5. Қ.Дүйсембин, З. Алиакбарова. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы 2003ж.

  6. Қ.Жарықбаев Психология. Алматы. «Білім»1982ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет