Реферат тақырыбы: Жаз айларында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары


«Балдәурен» лагері бағдарламасының концепциясы



бет2/7
Дата26.05.2022
өлшемі36,27 Kb.
#145172
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
О.Ахметова
1586678374 (1), 1916 жыл ы лт-азатты оз алыс та ырыбында ы тест тапсырмалары
«Балдәурен» лагері бағдарламасының концепциясы
Қазақстан ғылымда айтарлық жаңалықтар мен жетістіктерге толы,әрі күнделікті өмірде өзекті мәселелері де жетерлік (қоршаған ортаның ластануы,созылмалы аурулардың көбеюі,жасөспірімдер қылмысының,мектеп оқушылары арасында суицид әрекеттің,оған бейім балалардың көбеюі т.б) ел ретінде үшінші мыңжылдыққа енді.
Дені сау,психологиялық жағынан бекем,адамгершілігі жоғары адам ғана белсенді түрде өмір сүріп,қиындықты басынан сәтті өткеріп,кез-келген қызметті сәтті жүзеге асыратын болады.Ендеше денсаулығы мықты баланы тәрбиелеу,оның шығармашылық қабілеттерін дамыту – бүгінгі таңдағы шешімін күттірмейтін мәселе.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту- кез-келген педагог пен ата-ананың ұстанымы болуға тиіс
Негізгі принциптер:

  • Балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін,құқығын сақтау;

  • Жеке қызығушылығын сақтап,жеке тұлға ретінде баланың қабілетін дамыту;

  • Өзге балалармен тіл табыса білуге үйрету;

  • Ұжымның өзіндік жұмыс істеу мүмкіндіктерінің құқығы болуын бақылау.

Аты: «Балдәурен»
Ұраны :
«Біз ойнаймыз, күлеміз ,
Күннің нұрын сүйеміз »
Әні:
«Біз бақытты баламыз»
Мақсаты:
«Балдәурен» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:

  • Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

  • Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

  • Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

  • Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

  • Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

  • Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;

  • Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет