Реферат тақырыбы: Жемқорлық мінез-құлық Орындаған: э-18-2 тобының студенті Ибраева Аяулым Қабылдаған: Жуматова Г. М. 2020ж



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі25,29 Kb.
#97583
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
7 нед. рефереат Ибраева


Қарағанды техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жемқорлық мінез-құлық

Орындаған: Э-18-2 тобының студенті


Ибраева Аяулым
Қабылдаған: Жуматова Г.М.

2020ж

Жемқорлық мінез құлық

Жоспар:


  1. Жемқорлық мінез- құлықтардың тетіктері

  2. Жемқорлық мінез- құлықтардың тұлғалық детерминанты

  3. Тұлғаны профильдендіру – өзін- өзі тұлғалық ұстаудың моделі

  4. Жемқорлық факторлар ықпалына түспейтін тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері

Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі
бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан
бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар,
оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі,
бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің
туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік
жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік
ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан
оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі
нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін.
Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық
қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда
оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық
фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі
арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және
бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде
бағалайды.
Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген
мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас
жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол
оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты
қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс
ретінде қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға
ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінезқұлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол
жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық
технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер
мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал
үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі.
Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен
арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік
құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік
ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық
мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді.
Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола
алмайды.
Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының
құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері
көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс
салаларға «ақша» ережелерін енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы
бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді бола
алмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, олардың
қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты
елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде
әрбір адам өздері байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан
тәрбие мен идеологиялық ұстаным негізінде адамгершілік тұрғысынан
бағалайтынын тағы да атап өткен жөн.
Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам
азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль
тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ.
Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас
жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі
қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның
қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі. Экономикалық
шығындардан және халықаралық аренадағы беделін жоғалтудан бөлек
кез келген мемлекет қылмыстық идеологияны тарату
проблемасына ұшырасады. Ең қауіптісі белгілі бір топтардың бай тап
өкілдерінің санасында тоғышарлық элементтерінің тамыр жаюымен
сән-салтанатта өмір сүретін, шамадан артық тұтынуға ұмтылуын жете
бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың
санасында өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен
құқықтық түзетуге келмейді. Н. Бердяев тоғышарлықты ауыздықталмаған
рахатқа батудың кері жағы, ал тоғышарлық нормалар, оның пікірінше,
адамның қайырымды өзін-өзі шектеуіне сенбеушіліктің жемісі деп
атаған.
Адамдар бұны жақсы түсінеді, демек, сыбайлас жемқорлық және
оның көріністері дегеніміз не, олардың болашағына және жас ұрпақтың
болашағына қандай қауіп төндіреді жөнінде ойланады.
Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық:
– қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр
жайған зұлымдық;
– билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті;
– адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық
процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы
сияқты көрінеді.
Адамдардың позитивті адамгершілік бағдары болатын мінез-құлық
ережелері бір мезгілде пайда болмайды, олар – олардың қайда пайда
болғанына, қандай формацияда тамыр жайғанына және әлеуметтік
норма белгілерін қашан иеленгеніне қарамастан тарихи тәжірибенің
нәтижесі болып табылады. Мысал ретінде әрбір совет оқушысы жаттап
алған екі цитатаны келтірейік:
1. «Ғылымда даңғыл жол жоқ, шаршағаннан қорықпай оның тастақ
жерлеріне өрмелейтіндер ғана оның шырқау шыңына жетеді» (К. Маркс);
2. «Адамзат жасаған барлық байлықты білу арқылы өз біліміңді
байытқанда ғана коммунист бола аласың» (В. И. Ленин).
Бұл сөздердің өнегелік құндылығы бұқара санасында айқындаушы
орын алады, яғни бұрындары олар қарапайым ұран ғана болған. Оларды
адамдар ұстанып, жастар тәлім-тәрбие алатын, ал еңбектік, партия,
өндірістік тәртіпті бұзу ауыр моральдық шығындарға әкелетін.
Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады,
жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің
қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Басқаша айтқанда,
мораль (қолданыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде)
және жоғары өнегелі орта жемқордың қылмыстық іс-әрекетін аса
қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары
жеткіліксіз. Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында
тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған
қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам
сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік
қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе
ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас
жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын
түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет
қарапайым адамдардың «мемлекет» және «сыбайлас жемқорлық
билік» ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы
бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық
мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды.
Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша
сипаттайды:
– өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп;
– азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын
тоқтатуының бір себебі;
– ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға
сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;
– мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын
және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар
жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;
– заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.
Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай
отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң
нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы
дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың
құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет