Баяндама Скиф-сақ дәуіріндегі ежелгі өнер



Дата11.05.2022
өлшемі23,79 Kb.
#142140
Байланысты:
Баяндама
Image to PDF 20221121 08.08.03

Баяндама

Скиф-сақ дәуіріндегі ежелгі өнер.


Ежелгі түркілердің көркемдік ойлауының эпикалық құрылымы. Көне құрылыстардың символикалық-композициялық құрылымы көшпенділердің ортағасырлық пластикасының образдық-пластикалық құрылымында жаңа сипат алды. Адамдар ата-бабаларының мифтік "сиқырлы" бейнесін өздерінің өмірлік маңызды қажеттіліктеріне, қоғамдық және жеке мүдделері аясына тартуға тырысты. Ежелгі түркі қоғамындағы монументті мүсін өнерінің спецификалық ролі қағанат пен оның билеуші тобының қуатын арттыру талпынысымен байланысты болды. Мүны ортағасырлык мүсіншілер көркем бейнелеудің ерекше әдістері арқылы мүсіндердің монументтік формаларында жүзеге асырды. Бұл далалық мәдениеттің айқындаушы факторы, көркем ойлау формасының эпикалық ерекшелігі болды. Ал бүған образдар мен тарихи құбылыстарды қисынды қорытындылаудың беріктігі тән. Осы фактор арқылы ортағасырлық еуразиялық пластиканың ерекшелігі анықталады. Сонда түркілердің монументті мүсін өнері дегеніміз не? Бұл батырлық, отаншылдық сезім мен жауынгерлік намыс жайлы халық түсінігінің көрсетілуі. Осылайша біз әлдебір қоғамдық идеалдың бейнесімен ұшырасымыз. Бұл түркілердің еске алуға арналған мүсін өнерінің басты тақырыбы, оның мазмұнының негізі. Сондықтан эпикалық тұрғыда тас мүсіндердің стилін анықтап алу қажет. Себебі оларда, бір қарағанда, не баяндайтын әңгіме, не тақырып, тіпті қозғалыс та жоқ. Олардын пайда болу себебі әлемді иллюзорлық (идеологиялық) танудың қажеттілігінің туындауымен байланысты.
Ертетаптық құрылыс кезеңінде көшпенділерде шығармашылықтың эпикалық формалары пайда бола бастайды. Таптық дәуірге дейінгі кезеңде пайда болған ежелгі эпикалық жыр-дастандардың мәдени кейіпкерлері түркі тайпаларының әскери-саяси одақтастығы кезеңінде батыр-жауынгер сипатына ие болды. "Бүл түркі тілдес тайпалардың феодалдық мемлекет ретінде ары қарай дамуға бет алған өзгеше бір "ерлік" кезеңі болды".
Эпикалық стильдің ерекшелігі - ер жүрек ата-бабалардың мүсіндік бейнесінде жекеден жалпы, дара бейнеден типтік бейнелер басым келеді. Тіпті қайтыс болған белгілі бір адам бейнесін
(Күлтегін) өзіндік дара қасиеттерімен бейнелеген тас мүсіндердің өзінде де батыр әрі аруақты ата-бабаның қоғамдық идеалы сипатында берген. Және де образдың мүсіндік сипатына қарамастан, ол бәрібір азды, көпті деңгейде коғамдык-сакралдык сипаттағы мазмүнға ие болды. Осыған сәйкес, бұл дәуірдегі өнер адамның скулыптуралық образын жеке емес, коғамдық функция аясында жасан шығарды. Бүл оның эпикалық құрылымын біржолата анықтайды.
Далалық Азияның скиф-сақ мәдениетінің бастауындағы монументтік өнер де бізге жұмбақ болып көрінеді. Моңғолия мен Саян-Алтайдың (20 атақты бұғы тастары еуразия даласындағы ежелгі тайпалар мен халықтардың мүсін өнері дамуының тарихын толықтыра түседі. Әлі күнге дейін нашар зерттелген бүл туындылар алғашқы қауымдық дәуірдегі монументтік құрылыстар мен скиф-сақ мәдениетіндегі тас мүсіндер арасындағы белгісіз бір тізбек сияқты.
Бейнелердің бағаналық сипаты, схемалылығы мен шарттылығы жалпы алғанда өнер дамуының алдыңғы кезеңдеріндегі пластикалық өнердің келте қайрылатын стиліне сәйкес келеді. Алайда олардың жаңа белгілерің айта кету керек: бұғы тастардағы негізгі сюжет - батыр-жауынгердің фигурасы. Адамның денесін айтпағанның өзінде беті мен басы өте сирек жағдайда бейнеленгендігі шындық (Ушкейн-Увера, Моңғолия). Бірақ бұл тақырыптың маңыздылығын жоғалтпайды - тас мүсін жауынгер-батырға арналған: бағана секілді тастарда сол дәуірдегі пышақ, қанжар, садақ, қайрақ тас сияқты қару-жарақтар, сондай-ақ, киімнің кейбір боліктері - бас киім, белдік, сырға, алқаларь бейнеленген. Тастағы бейнелер әрқашан біртұтас композиция болып табылады.
Бұғы тастардағы тағы бір тақырып - жануарлар бейнесі, олардың ішіндегі ең кең таралғаны - бұғы. Ушкейн-Уверадағы (Моңғолия) атақты бұғы тастарда тас стелалардың төрт жағында да бұғы бейнеленген. Және тастың әрбір бетіндегі сурет алдыңғы жақтағы суреттерді жалғастырады. Жануардың сүлбасы мен оның бұтақтанған мүйізі кілемнің өрнегі сияқты монументтің бетін әдемілеп жауып тұрады. Бұл бұрынғы замандағы талантты тас оюшылардың тамаша пластикалық үлгілерінің бірі (9-сур.).
Бұғылар скиф сібірлік "аң стиліне" тән мүйіз және бүгілген аяқтарымен бейнеленген. Бұл ата-баба культімен байланысты тотемдік түсініктерді көрсетсе керек. Қайтыс болған батыр-жауынгер образы бұғы образымен осылайша қосылған.
Моңғолияда пайда болған бұғы тастың тамаша стилі ертедегі кошпенділер мен ежелгі түркі тайпалары жасап қалдырған тас мүсіндердің құрылымдық негізі болды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, далалық Азиядағы бұғы тастар "ертедегі көшпенділер қоныстанған кең байтақ жазира далада скиф-сібірлік мәдениеті (б. д.д. IX-VII ғғ.) монументтік мүсін өнерінің бастапқы кезеңін қалыптастырудың жалпы барысын" беруі мүмкін.
Казақстанның ежелгі тарихында маңызды кезең болған сақтар мен үйсіндер дәуірінде (б.д.д. I мыңжылдық - б.д. IV ғ.) бақташылықтан отырықшы мал шаруашылығына көшкен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Еуразия даласының жауынгер тайпалары сақтардың күнге, құдай болып танылатын ата-бабалар аруағына ерекше құрметпен табынуды о дүние туралы дамыған түсініктерін айғақтайды. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі патшалар мен ақсүйек өкілдерінің мазарларын ерекшелеп көрсетудің кажеттігін тудырды. Обалардың үлкен көлемі мен кымбат материалдардан жасалған культтік және тұрмыстық заттардың көп мөлшері сияқты белгілермен қатар, тас мүсіндердің болуы да аса маңызды болды. Ол еске алатын культтік құрылыстың біртүтас кешеніне кірді. Мысалы, Байте ғибадатханасы (Батыс Қазақстан, Маңғышлақ).
Скиф-сақ дәуірі мүсіндері кейде қолына ыдыс ұстаған, көбіне екі қолын алдына салған белдікті және қысқа сапты қылышты ерлердің схемалық антропоморфты бейнелері түрінде. Түркі пластикасындағыдай сақтардың монументтік мүсін өнерінде мүсіннің екі түрі бар: болшектері схемалық түрде өңделген тақта түріндегі және фигураның табиғи пропорциялары сақталған біршама көлемдісі. Біршама биік мүсіндерде (2,1 м-ден 3,8 м-ге дейін) жауынгерлерді кең, мығым иыкты, жіңішке белді немесе өзінің нобайы жағынан түркілік сипатты еске түсіретін иілген қасты, қыр мұрынды, мұртты кейіпте аумағы анық емес бет пішінмен бейнеленген. Жоғарыда көрсетілген бұғы тастармен арадағы ұқсастықты мүсіннің соғыс құралдарын бейнелейтін бет жағындағы өрнек сюжеттерінен көруге болады: белбеу, қылыш, қанжар, садақ және жебелер, сондай-ақ білезіктер, гривналар, рулық таңбалар, тостаған-кеселер. Соңғы болшек, біз білетіндей, түркілік монументтік мүсін өнерінде кең тараған - қолға үстап тұрған ыдыс қайтыс болған ата-баба рухымен бірігудің символы болып табылады.
Тас мүсіндерді скиф тарихының (б.д.д. VI-II ғғ.) барлық кезеңдерінде, тіпті б.д.д. IV ғ. скиф өнерінен антропоморфты сюжеттердің жоғала бастаған кездің өзінде де кездестіруге болады.
Бүл жәйт аталмыш дәуірдегі тас мүсіндер дара сипатқа ие болып, оларда әлем құрылымын түсінудің белгілері пайда болғанын көрсетеді.

Скиф-сақ тас мүсіндерінің эволюциясы өте өткір айтыс тудырып отыр. Археология ғылымында мүсіндер формасы меңгір мен антропоморфты стелалардан мүсінге қарай, кейін бас бейнесін беруге ерекше көңіл қоятын мүсін - жартылай фигураға қарай өзгеріп дами бастаған деген жалпы қабылданған пікір бар.


Скиф-сақ өнеріндегі тас мүсіндер семантикасының мәселесінде ежелгі түркілік пластиканы бағалауға келгенде көзкарастар сәйкес келмейді: 1) қайтыс болған патшаның бейнесі (мүсіндегі атрибуттар скиф-сақ мифологиясындағы патшалардың киім-кешектері мен әскери жабдықтарына сәйкес келеді); 2) тайпалық көсемдер ("мемориалдық" трактовка); 3) скифтердің мифтік ата-бабаларының, аса дәріптелген батырдың образы (кейбір мүсіндерде фалла бейнесі баса көрсетілген). Көптеген зерттеушілер осы кездегі монументтік құрылыстардың мейлінше жалпыланған сипатын көрсете отырып, кейіпкер образын мифтік тұрғыда талдауға ойысады.
Тас мүсіндердің көркемдік әдістері екі түрлі қызмет атқарады: антропоморфтық (адам фигурасын беру) және космогониялық (оны үш зонаға - бас, дене, аяққа бөлу ежелгілердің түсінігіндегі әлем күрылысына - аспан, жер, тозаққа сойкес келеді). Соңғы функция "анатомиялык" немесе "дене" кодының әдістері (әлемді космостык адам денесі ретінде түсіну) аркылы бейнеленген кеністіктік - космостық модельді қамтиды. Скиф-сақ онерінде тас бағаналарды анропоморфизациялаудың мүндай әдісі оның үзақ уақыт бойы сақталып қалатындығын түсіндіреді.
Космосты антропомофты түсіну жоғарыда сөз болған өте ерте дәуірлерге де тән. Осылайша, антропомофты бағаналар немесе стелла тәрізді мүсіндер жасау ежелгі және дәстүрлі қоғамдағы адамдардың өміріне әр дайым қосақталып жүрді.
Қазақстан территориясындағы ежелгі түркілік монументтік мүсін өнерін зерттеу төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Көне түркі монументтік мүсін онері бір жағынан тастан жасалған антропоморфты бағаналар мен басқа да меголиттік құрылыстар (меңгірлер) дәстүрін, әсіресе, скиф-сақ кезеңіндегі скульптуралық мүсіндердің символикалық-композициялық формаларын, екінші жағынан, түркі мүсіншілерінің бейнелік-пластикалық ойлауының ерекшелігін көрсетеді.
Зерттеліп отырған аймақтағы ежелгі түркілік монументтік мүсін онерінің көркемдік әдістерінің ерекшеліктері көбіне әлем құрылымы (үш бөлшекке бөлу), ырғақ пен үйлесім заңдары жайлы түсініктерге негізделген композициялық-кеңістіктік принциптерге байланысты. Үш түсті символика, үйлесім мен ырғақ көшпенділердің ортағасырлық пластикасында көркем бейнелерге қажет эмоционалдық колорит беретін эстетикалық элемент ретінде кең қолданылды.
Осылайша, өте ерте кезде пайда болған антропоморфты стеллалар мен мүсіндердің символикасы, композициялық құрылымы көшпенділердің ортағасырлық мүсіндерінің бейнелік-пластикалық құрылымында жаңаша сезіліп, нығая түсті. Бұл жағдай ежелгі түркілердің символикалық-композициялық жүйесін нақты антропоморфты мүсін өнеріне айналу үрдісін жылдамдатты. Бірақ бұл қазіргі мағынадағы реализм емес, "идеалдандырылған идеализм" болатын. Тас мүсіндердің пластикалық үстамдылығы, қатаң үйлесімі, шексіз жалпылық сипаты және ашық айқындаудың жоқ болуы - мүның бәрі ежелгі мүсіншілердің шығармашылық қиялының жетіспеушілігі немесе техникалық тәжірибесіздігінің нәтижесі емес, керісінше "монументтіліктің" негізгі принципін - символ мен нақтылық арасындағы қатаң сәйкестікті сақтау болып табылады.
Дуалды кешендегі ежелгі түркілік тас мүсіндер ертедегілердің космогониялық концепциясының біршама күрделі символикасын сипаттайды. Мүсіндер әлемнің ("денені космостау") вертикальды (аспан-жер-тозақ) үш бөліктік құрылымын бейнелейді. Дуал горизонтальды орналасқан әлемнің "бұрыштары", дүниенің төрт тарабымен ұқсастырылады. Мұнда ежелгі түркілердің синкреттік ойлауының ерекшелігі, әлемді бейнелік қабылдауы анық көрсетілген. Осылайша, тас дуалды композиядағы мүсіндер әлемнің кеңістіктік моделінің символын береді.
Казақстандағы түркі тайпаларын исламдандыру әсерінен тас мүсіндер тұрғызу салты мүлдем жоғалып кетті: Жетісуда – XI ғасырдан кейін, ислам кейінірек тараған Солтүстік аудандарда - XII ғасырдан кейін. Кейбір зерттеушілер тас мүсіндердің ары қарай дамуын біршама кейін пайда болған қабір үстіне салынатын құрылыстар - қүлпытастармен (XIV ғ. - XX ғ. басы) байланыстырады. Құлпытастар Қазақстан территориясында ислам дінінің таралу кезеңінде кең тарады. Олар осы тектес жалғыз ескерткіш түрі болған жоқ, оларды әртүрлі қабір үсті құрылыстары толықтырды: сағанатас, үштас, қойтас. Бұлар күмбезді кесенелермен бірге тұтас қорымдарды құрап тұрды.
Олардың санының көптігімен және жақсы сақталуымен Батыс Қазақстан аймағы ерекшеленеді - Маңғышлақ жартыаралы және Үстірт жотасы.

Құлпытас - орнектеліп салынған оюға толы, кейде арнау соз жазылатын тігінен тұрған тас бағаналар. Олар көбіне үлутас немесе тастан жасалған. Мүсін өнерінің антропоморфты формадан геометрияланған формаға қарай, реалистік сипаттан біршама абстрактылыққа қарай өрістеуі жайлы мағлұматтың (қойтастарды мысалға келтірсек: Бейнеу қорымындағы қойдың көлемді мүсіні, XIV-XVI ғf., Сейсен ата зиратындағы геометрия- ланған формалы қойтас, XIX ғасырдың екінші жартысы) негізі бар, дегенмен әлі де зерттеуді қажет етеді.


Құлпытастың вертикальды құрылымы және оның үш бөлікті композициясы (массивті плита түріндегі тұғыр; өрнекті оюмен бедерленген баған және жақсылап өңделген бас жағындағы бөлік) жоғарыда аталып өткен мүсін өнері құрылыстары сияқты әлемнің ежелгі кеңістіктік үлгісін береді. Бұл құлпытас өрнегінің семантикасымен нығая түседі: қошкар мүйіз, ағаш атаулы бірқатар элементтер, құстардың бейнесі, жүрек тәрізді пальметта ("омір ағашы", "жанды құтқару" ағашы).
Казақстанның ежелгі мүсін өнеріндегі символикалық-композициялық формалардың дамуын зерттеу қола дәуіріндегі меңгірлер ерте және кейінгі көшпенділердің тас мүсін өнері стилінің дамуында байкалатын өзгеру сипатына ұқсап қана коймай, сондай-ақ космостың синкреттік образының дұрыс бейнесі екендігін көрсетеді. Бұл дәуірдегі антропоморфты мүсіндер өзіне тән өзгеше пластикалық шешімдерді көрсете отырып, біртұтас идея-ұрпақтар байланысын, олардың дүниетанымы мен идеалдарын нығайту идеясын сақтап қалды.

Қола дәуіріндегі, ортағасырлық және скиф-сақ кезеңіндегі Қазақстанның ежелгі антропоморфты мүсін өнеріне жасаған талдау осы кезеңдердегі пластикалық өнердің діни түсініктерге, әлемнің архаикалық концепциясына, дәстүр сабақтастығы мен тұрақтылығын нығайтудың ортақ идеясына негізделген ұқсас композициялық-кеңістіктік принциптер бар.


Реалды және символдық бастаулардың бірлігі архаикалық және дәстүрлі өнер туындыларына тән. Көне заман суретшісі өзінің шығармашылық ойлау үрдісінде қолданған символика элементтері адамның қоршаған ортадағы орнын нақты елестету үшін қажет көркем әдістер табуға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет