Реферат Тақырыбы: «Жүктілікті анықтау және физиологиясы»



бет5/11
Дата06.02.2022
өлшемі30,6 Kb.
#79821
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жүктілік Сақтай Ә
Эссе, Бизнес план (2), Бизнес план (2)
Жүкті әйелдерді зерттеу
Жүкті әйелдер мен босанушы әйелдерді сұрастыру
Жүкті және босанатын әйелдерді сұрастыру белгілі бір жоспар бойынша жүзеге асырылады. Сұрастыру жалпы және арнайы бөліктен тұрады.
Жалпы анамнез

  • Паспорттық мәліметтер: аты, жөні, тегі, жасы, жұмыс орны мен мамандығы, мекен жайы.

  • Медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр еткен себептер (шағымдары)

  • Жұмыс орны мен мекен жайының жағдайы

  • Тұқым қуалайтын аурулары мен басынан өткен аурулары. Тұқым қуалайтын аурулар ( туберкулез, сифилис, психикалық және онкологиялық аурулар, көпұрықты жүктілік және т.б.) бізді ұрықтың дамуында қолайсыз жағдай туғызуына байланысты қызықтырады. Сонымен қатар, алкоголизм, наркомонияда зиянды әсер етеді. Ерте балалық шағында, жыныстық жетілу кезінде және ересек жаста болған инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, операциялар туралы сұрастыру керек. Аллергоанамнез. Гемотрансфузия жасалғаны туралы ақпарат жинау

Арнайы анамнез
-етеккір қызметі: менархенің басталуы және етеккірдің реттелуі, етеккір типі мен сипаты (3 немесе 4 апталық цикл, ұзақтығы, жоғалтқан қан мөлшері, ауырсынудың бар жоғы және т.б.); жыныстық қатынастан кейін, босану мен түсіктен соң өзгерістердің болған болмағандығын; соңғы етеккірдің күні
- секреторлы қызметі: қынаптан бөлінетін бөліністің сипаты, мөлшері, иісі, түсі.
-Жыныстық қызметі: жыныстық қатынас қай жастан басталды, нешінші рет тұрмыс құрған, некенің ұзақтығы, алғашқы жыныстық қанынастан кейін бірінші жүктілік қай уақыттан кейін дамыды, соңғы жыныстық қатынас
- күйеуінің жасы мен денсаулығы
- генеративті қызметі. Хронологиялық тәртіпте осы жүктілікке дейін болған барлық жүктіліктер туралы толық ақпарат жинау ( жүктілік соңы, жүктілік барысында токсикоздар, гестоздар, оперативті кірісулер, нәрестенің салмағы жынысы, оның туылған кездегі жағдайы, асқыныстар, перзентханада қанша тәулік болғаны жайлы ).
- басынан өткен гинекологиялық аурулар: пайда болу уақыты, ұзақтығы, емі және емнің нәтижесі
- осы жүктіліктің ағымы ( триместр бойынша):
-1 триместр ( 12 аптаға дейін)- жалпы аурулар, жүктілік асқыныстары ( токсикоздар, үзілу қаупі және т.б.), әйелдер кеңесіне алғаш келген күні және жүктілік мерзімі
-2 триместр ( 13-28 апта)- жалпы аурулар, жүктілік асқыныстары, қосылған салмақ саны, артериальды қысым саны, тапсырған ананлиздер нәтижелері, ұрықтың алғаш қозғалған күні
-3 триместр ( 29-40 апта)-жүктілік кезіндегі қосқан жалпы салмақ мөлшері, артериальды қан қысымы мен қан және зәр анализдерінің нәтижелері. Перзентханаға жатқызу себептері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет