Реферат Тақырыбы: «Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алудағы дене шынықтыру»



бет1/3
Дата02.02.2023
өлшемі18,92 Kb.
#167130
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
дене ш 01.03
2-сынып Жұмыс дәптері, Лабораторная работа1

«Астана медициналық университеті» КЕАҚ Оңалту бөлімі, спорттық медицина және
дене шынықтыру
Реферат

Тақырыбы: «Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алудағы дене шынықтыру»


Орындады:Базарбаева Д.Е
Факультет:Жалпы медицина
Топ:110
Қабылданды:Бубербаев Н.Т.

Нұр-Сұлтан


2021

Жоспар:
1. Дене шынықтыру және спорт
2. Бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу және ағзаның қызметтік қорлары.
3.Жүрек пен дене жаттығулары

Дене шынықтыру және спорт
Дене тәрбиесі – коғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан — жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес . Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады.Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Дене жаттығулары, сылап — сипау , козғалыс және спорттық ойындар , жүру, жүгіру шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады .
Айтылған кұралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады . Екіншіден , өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі , яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады . Үшіншіден ,ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық , күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында , дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады , сергектік пен сенімділік қолдайды.
Дене тәрбиесімен шүғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану .
Қозғалыс дегеніміз — өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам ең әр түрлі қозғалыстарды жасайды , олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр , әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни , 14-15 жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген . 15-17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қөзғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрауы мүмкін , ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырылуы мүмкін.
Қалыптасқан өмір салты , еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін . Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын , биологиялық себептермен реттеледі .Үлкен жастағы балаларда әсіресе жеткіншектерде, ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет