Реферат Тақырыбы: Корей әдебиетінің тарихы Орындаған: Оралтаева Лейла 205 корей тобы Қабылдаған: Бүркітбай Гаухар Жансапқызы Мазмұны



бет1/6
Дата12.03.2022
өлшемі23,13 Kb.
#135296
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат


Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ

Реферат


Тақырыбы: Корей әдебиетінің тарихы
Орындаған: Оралтаева Лейла
205 корей тобы
Қабылдаған:Бүркітбай Гаухар Жансапқызы
Мазмұны

  • I. Кіріспе

  • 1.Ортағасырлық Корей әдебиеті

  • II. Негізгі бөлім

  • 1. Корей поэзиясы

  • а. корей тіліндегі туындылар

  • ә. ханмун

  • 2. Корей поэзиясындағы жетекші жанрлар

  • 3. Кае және Кенгичхаге жанрлары

  • 4. Корей әдебиетінің кезеңдері

  • а. Жандану кезеңі

  • б. Қалыптасу кезеңі

  • в. Күрт өзгеріс кезеңі

  • г. Даму кезеңі

  • д. Жаңару кезеңі

  • е. Прогресс пен даму кезеңі

  • 5. Корей жазушылары

  • III. Пайдаланылған әдебиет

Корей әдебиеті дамуының жаңа дәуірі түрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі шығармалардың мазмұны тереңдей түсіп, авторлар өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралы ой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүние­танымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жандүниесі мен қайғы-қасіреттерін шебер көрсетуге ұмтылады. Корей әдебиетінің дамуына корей жерінде таралған түрлі діндер мен шығыс философиясының тигізген ықпалын ескеру қажет.


Корей әдебиеті тарихында жаңа заман кезеңін анақтауда түрлі пікірлер айтылады. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша кэха дәуірінен бастап корей әдебиетінің жаңа кезеңі қалыптасып, 1910-1920 жылдар аралығында бұл құбылыс айқын көріне бастайды. Осылайша қазіргі замандағы корей әдебиеті 1908 жылдан, яғни Че Нам Сонның «Теңіздің жас жігітіне» атты өлеңі жарыққа шыққан кезден бастау алады. Корей жазушылары Че Нам Сон мен И Кванг Судың әдеби шығармалары қазіргі корей әдебиетінің бастауы болды деген ортақ пікір мен тұжырымдар да кезедеседі.
Корей әдебиеті б. з. алғашқы кезіндегі ежелгі корей фольклорынан басталған. 19 ғасырдың аяғына дейін ол қытайдың вэньян әдеби тілінің корейлендірілген түрі - ханмун ресми әдеби тілінде және корей тілінде дамыды. Корей әдебиетінің ежелгі үлгісі ретінде 7-11 ғасырларға жататын 25 шағын өлең-хянгаларды («Туған ел әуендері») айтуға болады. 12-14 ғасырларда хянга дәстүрі Корё кае («Корё әндері») түрінде дами бастады. Ханмун поэзиясының қалыптасуына Чхве Чхи Вон (857 ж. т.) елеулі үлес қосты. Осы поэзияның нағыз гүлденген шағы Ли Ин Но (1152-1220), Ли Гю Бо (1168-1241) және Ли Дже Хеннің (1288-1367) лирикалары туындаған кез болды. Ертедегі проза ханмунмен жазылған буддалық Хёк Нён Джонның «Кюннің тұрмыс күйі» (1075), Ким Бу Сиктің (1075-1151) өз бойы конфуцийшілдік идеяларға толы «Үш мемлекеттің тарихи жазбалары» (1145) атты ресми хроникасы мен буддалық «Теңізден шығысқа қарай созылған елдің көрнекті монархтарының өмірбаяны» (1215) атты шығармалар арқылы танылды. Көркем проза бірте-бірте тарихи әдебиеттен бөлінді. Новелла жанрының негізін «Алтын тасбақа тауында естіген жаңа әңгімелер» атты жинақтың авторы Ким Си Сып (1435-1493) салды. 1478 ж. Со Го Джон (1420-1488) ханмунмен жазылған поэзия мен прозаның озық үлгілерінен тұратын «Шығыс антологиясын» (130 кітап) құрастырды. Сатирик жазушы Им Дже (1549-1587) «Сотталған мысық», «Гүлдер тарихы», «Қайғы жамылған қала» повестерін жазды.
Корей алфавитімен жазылған тұңғыш шығарма «Аспанга ұшқан айдаһар туралы ода» (1445) еді. 16-17 ғасырларда әдебиетте даос мотивтеріне толы табиғат лирикасы басым болды. 17-19 ғасырларда корей тілінде Хо Гюннің (1569-1618) «Хон Гиль Дон туралы повесть», «Сим Чхон туралы повесть» (18 ғ.) сияқты шығармалары туды. Ким Ман Джунның (1637-1692) «Тоғыздың түсі» т.б. алғашқы романдары жарық көрді. 19 ғасырдың аяғында орта ғасырлық әдебиеттен жаңа әдебиетке көшу кезеңі басталды. Ли Ин Джиктің (1862-1916) және Ли Хе Джонның (1869-1927) мәдени-ағарту идеяларын арқау еткен романдары жаңа прозаның (син сосоль) алғашқы кезеңін қамтыды. Қазіргі корей новелласының қалыптасуына Ли Гван Су (1892-1951) мен Ем Сан Сон (1897-1963) т. б. ықпалы тиді.
Жапонияның Кореяны жаулап алуы (1910) корей әдебиетінің дамуына уақытша кедергі жасады. Көптеген жазушылар қудалауға ұшырады. Алайда 1919 жылдан кейін пролетариат әдебиеті қалыптаса бастады. Шаруа өмірінің жыршылары атанған прозаик На До Хян (1902-1927) мен ақын Ким Со Вольдің (1903-1935) шығармалары реалистік сипатымен көпшілік көңілінен шықты. 1925 ж. пролетариат өнерінің Корей федерациясы құрылды (1935 ж. таратылды). 30 жылдардың 2-жартысында тарихи роман белең алды. 1930-1940 жылдары Жапонияға қарсы соғысып жатқан партизан отрядтарында революция жауынгер өлеңдер туды.
Корей Поэзия жанры корей әдебиетінде ежелден жақсы дамыған. Халық өміріндегі поэзияның ролі, жанрлық сипаты мен орындалу мәнері, поэтикалық туындылардың табиғаты мен ерекшелігі секілді поэзияға қатысты мәселелер корей әдебиетінде біршама зерттелген.
Ханмун –(«ханси», сөзбе-сөз аударғанда «қытай өлеңдері») вэньянь қытай жазба тілінің корейлендірілген формасы. Ханмунмен жазылған корей поэзиясы ІХ ғасырда басталып, ХІХ ғасыр соңында аяқталды. Ханмунның халық арасына етене сіңіп кеткені соншалық, сарай ақындарын айтпағанда, кез-келген білімді адам, оқымысты, әскербасы, янбан (дворян), мейлі буддалық монах болсын өз эрудициясын, білімін, тәрбиелігін, мәдениетін тек ханмун өлеңдері арқылы көрсетуге тырысты. Ханмун туындыларының кең тарағандығын ХУІ-ХУІІ ғасырларда енкквиси деп аталатын арнайы поэтикалық сайыстың өткізіліп отырғандығынан байқауға болады. Корей фольклорының лирикалық жанрына жататын «мине» деп аталатын халықтық өлеңдер бүгінгі корей поэзиясында кездесетін барлық жанрлардың бастау көзі болып табылады. Корей поэзиясының ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген көптеген халықтық өлеңдер мазмұны мен пішініне қарай әртүрлі. Еңбекке, әдет-ғұрыпқа, тұрмыс-салтқа байланысты туған пхунье өлеңдері тақырыптық тұрғыдан корей дәстүрлерімен байланысты болып келсе, чхаме өлеңдері өткір, саяси мазмұнда келіп, аллегория түрінде беріледі. Корей тілінде жазылған өлеңдер корей ұлттық музыкалық аспаптарының (пак, пипха, каягым) сүйемелдеуімен айтылды. Ерекшелігі : корей тіліндегі өлеңдердің жекелеген жинақтары, антологиясы болған жоқ. Бұл туындыларда кездесетін әдеби көркемдегіш тәсілдердің барлығы дерлік халықтық өлеңдерден алынған (гипербола, метафоралық образдар, лирикалық арнаулардың композициялық тәсілі, қайталаулардың әртүрлі типтері, т.б.). Ал өлең өлшемі әдетте қысқа болып келеді, жиі кездесетіні – төрттармақты шумақ. Корей поэзиясындағы жетекші жанрлар қатарында хянга, сиджо, каса, коре кае, кенгичхега, тальгори, чханга, чаюси өлеңдері аталады. Хянга – иду тәсілімен (иду тәсілі – корей тілінің сөздері мен грамматикалық көрсеткіштерін фонетикалық таңбалау кезінде қолданған қытай иероглифтері) корей тілінде жазылған. Хянганың 25 өлеңі сақталған. Олар екі буддалық жинақта: 11 өлеңі – «Кюне өмірінде», 14 өлеңі – «Үш мемлекеттің тарихи жазбаларында» қалып кеткен істер» атты тарихи ескерткіш «Самгук юсада» жазылған. Хянга өлеңдері 4, 8, 10 жолдан тұрады. 10 жолдан тұратын хянга үш шумаққа бөлінеді: екі төрт жолдан және соңғы екі жолдан. Біздің заманымызға дейін хянга әртүрлі пішінде жеткендіктен, оның нақты өлшемі әлі күнге белгісіз болып отыр. . Хянга – «туған елдің әуені», «ана тілінде жазылған өлеңдер». Корей тіліндегі өлеңдердің қай-қайсында болса да айтылатын мәселе – отанды қорғау, өз билеушісіне сатқындық жасамау, адамзатты қоршаған табиғатқа зиян келтірмеу, оны қаз-қалпында сақтау. Табиғат пен адам арасындағы гармонияның сақталуы үшін корей ақындары көп күш жұмсады. Ақындар ғана емес жалпы халық табиғат гармониясының бұзылмауы үшін барын салып бақты. Сиджо, каса жанрларында пейзаждық лириканың әдемі, ерекше үлгілерінің тууы осыған дәлел. Сондықтан да корей поэзиясы жанрларының тәлім-тәрбиелік мәні ерекше болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет