Реферат тақырыбы: М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары Орындаған: Нурдан Н. Тобы: кд 21-12



бет1/3
Дата11.10.2022
өлшемі266,59 Kb.
#152557
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
философия реферат 1


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі”
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті”



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: М.Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары


Орындаған: Нурдан Н.
Тобы: КД 21-12
Қабылдаған: Сембаева М.

Алматы, 2022 жыл

Мазмұны

Кіріспе

3

Негізгі бөлім

5

1.М.Хайдеггердің философиясының жалпы сипаты

5

2.Болмыс және Онтология ұғымы.

8

Қорытынды

11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

12


Кіріспе

Мартин Хайдеггер (1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкци, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол Құрлықтық философия дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.


Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден-Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды. 1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде «Психологизмнің тұжырым ілімі» атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы «Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі» деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. 1918 жылы соғыстан оралған соң,Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын. 1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын салдырып, «Болмыс және уақытты» жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды. 1925 жылы жазда «Уақыт ұғымының тарихы» атты дәріс қолжазбасын таярлады. Бұл «Болмыс және уақыттың» алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиіс болатын. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында оқшау жатып «Уақыт ұғымының тарихы» дәріс қолжазбасын «Болмыс және уақыт» кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. 1951 жылдан 1958 жылға дейін Фрайбург университетінде тұрақты сабақ берді және 1967 жылдарға дейін ұсыныспен сабақ өтті. Соғыстан кейін ол экзистенциализмдік мағынада көптеген шығармалар жазды. 1976 жылы 26 мамырда адамзаттың ой-парасат тарихына бірегей идеяларымен үлкен ықпал еткен ойшыл Мартин Хайдеггер өз туған жері Месскирхта 86 жасында қайтыс болды және Католик шіркеуі дәстүрі бойынша жерленді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет