Реферат тақырыбы: «Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығы»



бет5/5
Дата28.11.2023
өлшемі35,83 Kb.
#194047
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Майлықожа реферат
Зейін туралы жалпы түсінік, Әдебиеттік оқу, СОӨЖ инкл
ІІІ.Қорытынды
Қорыта келгенде Майлықожа ақын өз жырларында сөз сырларын емін-еркін ағытып, әдемі де әсерлі суреттерді дүниеге әкелген.
Ақындық-киелі өнер. Ақын-рухтың иесі. Жарқыраған күн көзіндей ақын сөзінің жаһандық мәні бар. Құран Кәрімде “Адамды құт иесі “ делінген. Ежелгі түріктердің мифологиясына сәйкес адамдардың рухы аспанның үшінші қабатындағы сүт көлінен алынады екен. Шамандардың ойынша, адам рухының үнемі мұраттарға, биіктерге ұмтылысы, оның шығу тегінің аспанға қатысты болуынан екен. Сондай-ақ әрбір ұлт ұйымдасып жатқан Көк тәңірі алтын жарық секілді жер бетіне түсіп, ол ұлтты өз рухының тынысымен құтқа бөлеп кетеді екен. Осы тұрғыдан келгенде Майлықожа мұрасы мәңгілік өміршең туынды.
Боз жорғадай желейін,
Көктемде жауған нөсердей,
Жыр бұршағын себейін
деп өзі жырлағандай ақынның өлеңдерінде үлкен рух бар.Бар жырларында адам болудың биік эстетикалық құндылығын жақсы мен жаманның парқын айыра білуді,тіршілікті мағыналы етіп өткізу, иманды болуды мақсат тұтқан барлық ойлары ұлттық танымға сай негізде жырланады. Сондықтан Майлықожа туындыларының қазақ әдебиеті тарихында маңызы зор, алар оны ерекше.Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазақ әдебиеті мен Шығыс әдебиетінің дәстүрлерін шебер ұштастыра отырып, түр жағынан да, мазмұны мен көркемдігі жағынан да өз заманына лайық жаңа әдебиет жасай білді. Дегенмен ақын шығармашылығының зерттелмеген тұстары әлі көп. Сондықтан Майлықожа ақынның шығармашылығын арнайы зерттеу, әдеби мұраларын жан-жақты талдау ертеңгі күннің еншісінде болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. Құраст.: М.Байділдаев, М.Мағауин.-Алматы: Жазушы, 1989. Т.2. 496 б.
2.Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. -А., 1992.
3. Қазақ поэзиясының антологиясы. -А., 1992.
4.ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. -А., 1985.
5.Оспанұлы Ә.Қаратау шайырлары А,. Қаз унив-ті,1991
6.Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы А., Білім, 2000
7.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. ХVІІІ-ХІХ ғғ А., Мектеп, 1981
8.Негимов С.Ақын-жыраулар поэзиясы.А., Ғылым,2001
9.Әуезов М. Әр жылдар ойлары А., Жазушы 1960
10. Әуезов М,. Әдебиет тарихы., А.,Ана тілі, 1991
11.Әдебиеттану терминдер сөздік А,.Ана тілі,1998
12.Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан А,.Жазушы,.1993

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет