Реферат Тақырыбы: нарықтық экономикадағы салықтардың мәні принциптері мен функциялары Орындаған: Жанкарин Айзат Қаржы 101 Салық



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,82 Kb.
#90199
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Реферат қаржы Жанкарин Айзат Қаржы-101

Салықтар қызметтері

Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:


1. реттеушілік;
2. фискалдық;
3. қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық мөлшерлемелері мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған мөлшерлемелер кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері жөнінде мынаны байқауға болады: - салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, өндірістің тоқтап қалуына соқтырады.-салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, жай ұдайы өндіріске әкеледі. - салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында болса, ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлестік салмағы 40 пайыздан асып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.

Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар қарайтын функцияларда толық ашыла түседі. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функцияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының ұлғаюына байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау, мөлшерлемелерді белгілеу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет