Реферат Тақырыбы: нарықтық экономикадағы салықтардың мәні принциптері мен функциялары Орындаған: Жанкарин Айзат Қаржы 101 Салық



бет4/12
Дата07.02.2022
өлшемі24,82 Kb.
#90199
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Реферат қаржы Жанкарин Айзат Қаржы-101

Салық салу элементтері:

Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық мөлшерлемесі, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеуші мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық мөлшерлемесі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
Мөлшерлемелер тұрақты немесе пайыздық болып жіктеледі.
Тұрақты мөлшерлемелер салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен белгіленеді.
Пайыздық мөлшерлемелер үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік мөлшерлемелер салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік мөлшерлемелер, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық мөлшерлемелер салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір пайызбен белгіленеді.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет