Реферат Тақырыбы: «Салауатты өмір салты қағидалары мен негіздері»


Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау



бет3/3
Дата05.12.2022
өлшемі24,03 Kb.
#161376
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Ðåôåðàò Òà?ûðûáû «Ñàëàóàòòû ?ì³ð ñàëòû ?à?èäàëàðû ìåí íåã³çäåð³

Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау
Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
Экологияның денсаулыққа әсері
Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Сөз соңында қайыра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар - біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Денсаулық энцикполедиясы

  2. Ютуб желісіндегі ақпараттық видео

  3. Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье. Учебно-методического пособие. – Алматы: Ғылым, 1999. -140 с.

  4. Сатбаева Х.К. Валеология – оқі-әдістемелік құрал. - Алматы: Ғылым, 2003. -148 б.

  5. Терехин С.П., Хан А.В., Тағам гигиенасы бойынша таңдаулы лекциялар жинағы. – Қарағанды: 1998. – 280 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет