Реферат тақырыбы: tqm тұжырымдамасы және модельдері Орындаған: Алпысбайқызы Ж. Тексерген: Жамурова В. Алматы,2023



бет1/5
Дата06.03.2023
өлшемі119,56 Kb.
#171177
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сапа жүйесі Жанна


Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Технология және биоресурстар факультеті
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы




РЕФЕРАТ

Тақырыбы: TQM тұжырымдамасы және модельдері


Орындаған:Алпысбайқызы Ж.


Тексерген: Жамурова В.

Алматы,2023


Мазмұны




Кіріспе 3
1.TQM тұжырымдамасы және модельдері 4
1.1 TQM принциптері 4
1.2 TQM маңызы 5
2.TQM принциптері және ISO 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесімен (СМЖ) өзара байланысы 6
2.1. Сапа менеджменті принциптері 8
3.Сапа менеджментінің даму кезеңдері 9
3.1 Сапаны басқарудың Кеңестің модельдері 11
3.2 Сапаны басқарудың қазіргі заманғы модельдері 12
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер 15

Кіріспе

Әлемдік сауда нарығында үнемі ұлғайып келе жатқан бәсекелестік күресі фирмаларды өнімнің сапасын үнемі жетілдіріп отыруға мәжбүр етеді. Бұл жерде технологиялық аспектіге экономикалық аспектте қосылады және сапа жүйелерінде «сапаға жұмсалған шығындар» категориясының маңызы ұлғаяды. Жалпы, сапа менеджменті – бұл сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы өнімді жасау, өндіру, эксплуатация және тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету және ұстап тұру болып табылады. Сапа менеджменті, яғни тауардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде (ену, өсу, толысу, сұранысты ұстап тұру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдық, техникалық және басқа да шаралар. Ал, сапа менеджмент жүйесі– бірімен бірі байланысты және бірге әрекет жасайтын элементтердің жиынтығы, сапа саласында саясат және мақсатты орындау үшін және іс – әрекетті жұмылдыру арқылы осы мақсаттарға жету, оның бағытын анықтау, талдау бойынша және сапа туралы мекемені басқару. Жаңа концепциялар, оның ішінде шет елдерде кеңінен тараған ТQМ және QS 9000 концепциялары дүниеге келеді. Бұл екі концепция ИСО 9000 сериялы стандарттарға қайшы келмейді және сапаны басқару жүйесінің ары қарай дамуы және тереңдетуі деп қарастырылуы мумкін. Олардың алдындағы концепциялардан айрықша ерекшелігі - олар сапаны басқару мен бірге сапаны қамтамасыз етуді де ауқымдайды. TQM (Total Qualiti Management) - бұл концепция әрекеттердің барлык аймақтарында - зерттеп дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін басқару жүйелері мен тәсілдерін жан-жақты және жақсы үйлестірілген түрде қолдануды қарастырады. Сонымен бірге, бұл жұмысқа барлық деңгейдегі басшылар және қызметкерлердің қатысуы және техникалык ресурстардың рационалды қолданылуы қарастырылады. TQM жүйесінде мақсаттарға сәйкес сапаны баскару әдістері қолданылады. TQM ИСО 9000-ға қарағанда сапаны басқарудың кеңірек тәсілдемесі болып табылады және өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуга, бүкіл бизнесті өркендетуге мүмкіндік береді.





  1. TQM тұжырымдамасы және модельдері

Сапаны жалпы басқару(ағылшынша Total Quality Management, TQM) – барлық ұйымдық процестердің сапасын үзбей жоғарлатудың жалпы ұйымдастырушы әдісі. Total Quality Management – бұл көп жылдар бұрын Жапония мен АҚШ-та сәтті бастаған сапаны жалпы басқарудың философиясы. TQM-нің басты идеясы – компания тек өнімнің сапасын жоғарлату мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы жұмыстың сапасын да, қызметкерлердің жұмыс сапасын да жоғарлату мақсатында жұмыс істейді. Осы үш негіздің үнемі жақсарып отыруы (өнім сапасы, процесстерді ұйымдастыру сапасы және қызметкерлердің квалификациясының жоғарлауы), бизнестің жылдам және тиімді дамуының негізі бола алады. Сапа клиент талаптарының іске асу дәрежесі, компанияның қаржылық көрсеткіштерінің өсуі және қызмет ететін компаниялардың өз жұмыстарының жақсару категорияларымен анықталынады. TQM екі механизде жұмыс істейді: Quality Assurance (QA) – сапаны бақылау және Quality Improvements (QI) – сапаны жоғарлату. Бірінші – сапаны бақылау – сапаның керекті деңгейін ұстанады және тауар немесе қызмет сапасындағы клиентке берілетін сенім туралы анықталған кепілдіктегі компания ұсынысымен қорытындылады. Екінші – сапаны жоғарлату – бұл сапа деңгейін тек қолдау ғана емес, сонымен бірге оны жоғарлату, соның ішінде кепілдік деңгейін де көтеру мақсатында жұмыс істейді. Бұл екі механизм – әрдайым бизнесті дамытуға, жақсартуға мүмкіндік береді.

1.1 TQM принциптері



1. Кәсіпорынның тапсырыс берушіге жобалауы. Кәсіпорын өзінің тапсырыс берушілеріне өте байланысты, сондықтан да тапсырыс берушіні түсінуге, оның талаптарын орындауға және оның күткен нәтижелерін орындауға тиіс. Клиенттің талаптарын орындаудағы жүйелік жол арыздарды талдау мен тапсырыс берушінің талаптары туралы ақпаратты жинаудан басталады. Өздеріне TQM-ді ендіріп жатқан кәсіпорындарда барлық ақпараттар бүкіл кәсіпорын бойынша таралуы керек. 2. Басшылықтың жетекші роль атқаруы. Кәсіпорын басшылары бірдей мақсаттар және іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын, және мақсаттарды жүеге асыру әдістерін бекітеді. Олар кәсіпорында қызметкерлердің қойылған талаптарына жету процесіне максимальды қызығу микроклиматын орнату керек. 3. Қызметкерлерді қызықтыру. Жоғары басшылықтан жай жұмысшыға дейін – барлық қызметкерлер сапаны басқару әрекетіне жұмылдыруы керек. Қызметкерлер кәсіпорынның ең негізгі байлығы ретінде есептелінеді, және олардың шығармашылық дәрежелерін максимальды ашуға және пайдалануға барлық керекті жағдайлар жасалады. Қызметкерлер өздеріне жүктелетін міндеттер бойынша квалификацияға сәйкес болу керек. Сонымен қатар басшылық өз қызметкерлерінің мақсаттары кәсіпорынның мақсаттарына сай келуі үшін барлық жағдайларды жасау керек. Бұл жерде материальды және моральды көмек үлкен роль атқарады. Қызметкерлер командада істеу әдістерін игере білу керек. 4. Процестік жол. Жақсы нәтижеге жету үшін бұл мәселені процесс ретінде қарау керек, яғни кез келген процесті бақылау қалай жүрсе, сапаны жалпы басқару да сол сияқты қатты бақылауда болуы тиіс.
5. Басқарудың жүйелік жолы. Кәсіпорын TQM принциптеріне сәйкес нәтижелілік пен тиімділікке қол жеткізуі үшін, қызмет немесе өнім процестерінің жүруі мен тапсырыс берушінің сұранысы бойынша өнім немесе қызметтің сәйкес келуінің бақылауын біріктіруі тиіс.
6. Үнемі жақсару. Бұл облыста кәсіпорын тек қана кездесетін мәселелерді қадағалап отырмау керек, сонымен қатар келешекте тағы да осындай мәселелерге кездеспеу үшін басшылық тарапынан талдау жасалынғаннан соң да тиісті ескертетін іс-әрекеттер жасау керек.
7. Фактке негізделіп, шешім қабылдау. Тиімді шешімдер тек сенімді анықтамаға негізделеді. Мұндай анықтамалардың түбірі сапа жүйесін ішкі тексеруінің шешімдері, ескерттетін әрекеттер, тапсырыс берушінің арыздары және ұсыныстары және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар ақпарат кәсіпорын қызметкерлерінен келіп түсетін ұсыныстар мен идеялардың талдауына негізделуі мүмкін.
8. Жеткізушілермен қарым – қатынас. Кәсіпорынның жеткізушілермен тығыз жұмыс істеуіне байланысты, олар келешекте бірге жұмыс істеуі үшін де барлық жағдайларды қарастырады. Бұл этапта құжаттық процедура бекітіледі.
9. Сапасыз жұмыспен байланысты ең аз шығын. Сапасыз жұмыспен байланысты ең аз шығын өнімді қандай да тең шарттарда болсада ең аз бағаға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

1.2 TQM маңызы


Кез келген басқару стилінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайда болады. Сапаны жалпы басқару қысқа мерзімді пайданы береді, бірақ бұл жолдың көптеген пайдасы қысқа мерзімділікте, және олардың тиімділігі де реализациялаудан кейін байқалады. Ұзақ мерзімді пайдалар тиімділігін беру үшін үлкен кәсіпорындарда бұған бірнеше жылдар кетуі мүмкін.


Сапаны жалпы басқарудағы күтетін ұзақ мерзімді пайдалар – бұл жоғары өнімділік, ұжымның моральды жағынан жоғарлауы, шығындардың азаюы және тапсырыс берушілер сенімділігінің өсуі. Бұл пайдалар компанияның көпшілік алдындағы дәрежесін жоғарлатуға және абыройлы болуына алып келеді.
Қателердің ауытқу және дұрыс әрекеттер ең алдымен уақыт пен ресуртарды сақтап қалады, сол кезде жиналған ақша қызмет көрсету (өнім шығару) саласына жұмсалынса болады немесе қызмет көрсету саласын жоғарлату мақсатында қызметкерлерге беріледі.
Сапаны жалпы басқаруда көбіне командалық жол пайдаланылады, ол бір жағынан, жұмысшыларға өз әріптестерімен бірге мәселені шешу тәжірибесін береді, екінші жағынан, оларға бірге жұмыс істегенде өз білімдері мен тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік береді. Қызметкерлер мәселелерді шешуде командалық жолдан тәжірибе алғандықтан, олар локальді топтардың мүмкіндіктерінен шығатын мәселелерді шешу үшін секциялық мега-командаларға қатыса алады. TQM кәсіпорындарға мәселелерді шешу жолында үлкен жол көрсетеді және барлық қызметкерлер үшін жұмыс істеу талаптары сапасын жоғарлатады.



  1. TQM принциптері және ISO 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесімен (СМЖ) өзара байланысы

Бүгінгі күні ИСО-ның 9000 сериялы стандарттарын әлемнің барлық елдері танып отыр, ұлттық стандарттар есебін қабылдап отыр және көптеген фирмалар іске енгізіп отыр. Сапа жүйесінде сертификаттаудың жоқтығы, сыртқы нарық кеңістігіне шығуға басты кедергі болып отыр. Трансұлттық компаниялар судпоставщиктерінен өз кәсіпорындарында 9000 сериялы стандарттарды міндетті түрде енгізуді талап етіп отыр.
Аталған стандарттардың әлемге тарау деңгейін төмендегі цифрлардан көруге болады: 1993 – 750000 сапа жүйелері сертификатталды, 1995ж.–100000, ал 1997ж. басында - 250000.
ИСО тарапынан в 1987ж. қабылданып және 1994ж. жаңартылған ИСО 9000 – 9004 халықаралық стандарттарының пакетінде сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі шоғырланған және жинақталған.
ИСО 9000 стандарттарында фирманың қызметіндегі нақты жағдайға байланысты (сәйкес) стандарттарды таңдау және пайдалану туралы басшылық нұсқаулар келтірілген.
ИСО 9004 стандарты – кәсіпорында (фирмада) сапаға сәйкес жалпы басшылық жасау үшін әдістемелік нұсқаулар. ИСО 9001-9003 стандарттары – өндірістік процестің әртүрлі стадияларында сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің модельдері.
ИСО 9000-де атап көрсететіндей, фирма немесе кәсіпорынның ішінде сапаны қамтамасыз ету – жалпы басшылықтың тірлігі.
Контракт түзілетін кезде, экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы контракт тарапында оған көрсетілетінін сенім шамасы болып табылады, әріптесінің сенімділігінің белгісі болып табылады.
Осыған байланысты контрактта экспортердің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ИСО 9001-9003 стандарттарының бәріне сәйкес келуін бағалау қарастырылуы мүмкін. Бағалауды импортер немесе екі жақтың өзара келісімі бойынша бейтарап ұйым жүргізе алады. Егер жүйе сертификатталған болып, контрагент сай келу сертификатын мақұлдаса, бағалау процесі жүргізілмейді.
Сапалы тауар нарық кеңістігін комплексті зерттеп отырған жағдайда ғана өндірілуі мүмкін.
Сапаны басқарудың осы заманғы жүйесінің ерекшелігі, ИСО 9000 стандарттарнан туындайтындай, нақты өнімнің сапасын қамтамасыз етуге бағытталуында. Өнімнің бірнеше түрлерін өндіретін кәсіпорында түрлі элементерімен өзгешеленетін бірнеше жүйелер болуы тиіс. Мысалы, Финляндияның «Нокия» фирмасының сапаны қамтамасыз ететін бірнеше дербес жүйелері бар («кабелдер, тұрмыс, электроника» және т.б.).
Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы мүмкін:
– сапаны қамтамасыз ету;
– сапаны басқару;
– сапаны жақсарту.
Cапаны қамтасыз ету – өнімнің сапасына қойылған талаптарға сай келтіру мақсатында «сапа тұзағының» әрбір этапын орындау үшін қажетті жағдайларда тудыратын шараларды жоспарлау және жүйелі түрде жүзеге асыру.
Жоспарланатын шаралар, әдетте, сапаны қамтамасыз ету бағдарламасына кіреді. (мысалы, өнім сапасын жоғарылатудың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалары).
Сапаны қамтамасыз ету бойынша жүйелі жүргізілетін шаралар кәсіпорынның күнделікті немесе мерзімді түрде атқаратын жұмыстарын қамтиды (нарық кеңістігін зерттеу, қызметкерлердің квалификациясын көтеру, персоналды үздіксіз біліммен қамту және т.б.).
ИСО 9004 стандартындағы сапа «философиясы» сапаны қамтамасыз ету жүйесі туындайтын мәселелерді, олар пайда болғаннан кейін айқындасттындай емес, олардың алдын алатындай (ескертетіндей) болып жұмыс істеуі тиіс. Алдын алу (ескерту) шаралары болып табылатындар: инструменттерді дер кезінде жаңалап отыру; жабдықтарды жоспарлы түрде жөңдеу; жұмыс орындарында тиісті құжаттардың болуы және т.б.
Сапаны басқару – оперативтік сипатқа ие қызмет.
Бұл процестерге әсер ету, «сапа тұзағының» әрбір стадияларында сәйкессіздіктерді анықтау және оларды жою, және де сол ауытқулардың себептерін жою жөніндегі әрекеттер.
Сапаны жақсарту – техникалық деңгейді және өнім өндіру сапасын көтеру, өндірістік жағдайларды жақсарту, сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша күнделікті тұрақты атқарылатын жұмыстар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет