Реферат Тақырыбы:««Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары»



Дата25.12.2023
өлшемі38,44 Kb.
#199134
түріРеферат
Байланысты:
шаблон (копия) (копия) (копия)
7 каз каз,хим,био, 7 био БЖБ ТЖБ өзгерген, Excel лекция (1)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы білім және ғылым министрлігі
Алматы Технологиялық Университеді



Реферат
Тақырыбы:« «Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары».
Орындаған:Нұрлан Азиза
Қабылдаған:Алдекен.А.С.
Группа: БТ 23-12

Жоспар:Кіріспе: Тәуедсіздік жылдарындағы халық санағы
Негізгі бөлім:А)Қазақстан тұрғындарының 1999,2009,2021 жылдар аралығындағы жалпы саны мен құрамы
Б)Тұрғындардың жалпы саны және аймақтық орналасуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Халық санағы — тәуелсіздік шежіресінің ең маңызды парақтарының бірінде жазылатын оқиға. Себебі егемен елдің ең басты байлығы — адам. Мемлекеттің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы да тікелей халық санағының нәтижесіне байланысты болатыны белгілі.
Тәуелсіздік алған отыз жылда елімізде үш рет Ұлттық халық санағы өткізілді. Биыл 1 қыркүйек-30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері жақында белгілі болды. Премьер-Министр Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа санақтың алғашқы нәтижелері туралы баяндады. Ресми дерек бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Ұлттық халық санағы 1999 жылы (1989 жылғы КСРО Бүкілодақтық халық санағынан 10 жыл өткен соң) жүргізілді.
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, сол жылы 25 ақпан-4 наурыз аралығында жүргізілген санақ нәтижесінде ел халқының саны 14 млн 652,7 мың адамға жетті, ондағы қазақ ұлты 53,4 пайыз болды. Бұл нәтиже, бұл санақ — шын мәнінде егемен елдің үлкен жетістігі болатын.
1999 жылы еліміздегі тұрғын саны 1989 жылы жүргізілген санақ нәтижелерімен салыстырғанда 1,5 млн адамға азайған. Оның негізгі себебі — 1991-1999 жылдар аралығында сыртқы көші-қонның қарқынды жүруі болатын. Ел тәуелсіздігін алып, қазақ өз жеріне өзі еге болған жылдан бастап басқа ұлт өкілдері өз тарихи отандарына орала бастады, соның ішінде 1993-1998 жылдар аралығында 1 миллионнан астам шығыс славян (орыс, украин, беларус), 400 мыңға жуық неміс көшіп кеткен. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, бұл көші-қон ел халқының ұлттық құрамына айтарлықтай әсер етіп, жергілікті ұлттың үлес салмағының артуына да септігін тигізді. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бергі дерекке сүйенсек, қазақтар алғаш рет 1999 жылы өз отанында көпшілікке айналып, 53,4 пайызға жетті. (1989 жылы бұл меже 39,7 пайыз еді). Бұрын саны басым болып келген орыс ұлты өкілдерінің саны 30 пайыз болды. Тоқсаныншы жылдары 150 мыңнан астам қазақ атажұртқа оралды.
Осындай факторлар қалалық жердегі этникалық құрамның өзгеруіне де септігін тигізді: Қалалардағы қазақтар саны — 45 пайызға, ал ауылдық жерлерде 9 пайызға өсті. Бір ғана Ақмола қаласындағы қазақтардың саны он жыл ішінде 17,7 пайыздан (1989 жылы) 41,3 пайызға (1999 жылы) дейін көтерілді. Бұған 1997 жылы ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілуі де себеп болғаны айқын.
Алғашқы санақтан кейін арада он жыл өткенде екінші Ұлттық халық санағы жүргізілді. 26 ақпан-6 наурыз аралығында жүргізілген тәуелсіздік тарихындағы екінші халық санағының нәтижесі алғашқы санаққа қарағанда әлдеқайда жақсы болды: елдегі халық саны 16 млн 9,6 мың адамға жетті. Яғни он жыл ішінде халық саны 1 млн 283 мың адамға көбейді. Бұл — он жыл ішіндегі демографиялық үрдістің жақсарғандығының, табиғи өсімнің артқандығының көрінісі. Оған, әлбетте, елдегі қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік оң өзгерістердің әсер еткені ақиқат.
Екінші санақ қорытындысы бойынша қазақ саны 10,1 миллион болды. Осылайша жергілікті ұлт саны алғашқы санақ кезіндегі 53,4 пайыздан 63,1 пайызға де­йін өсті. Бір қызығы, он жылда қала тұрғындары үлесі азайып, керісінше, ауыл тұрғындары үлесі артқан. Яғни тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қалаға қарай ағылған жұрттың біртіндеп ауылға қарай бет бұрғаны байқалады.
Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығы қорытындыланар тұста өткізілген Ұлттық халық санағының өткізілуі де, оның нәтижесі де айрықша болды: 19 169 550 адам! Соңғы он жыл ішінде халық саны 3 миллиондай өсті. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жетті. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.
Биылғы Ұлттық санақ «Қазақстанда әркім маңызды!» деген ұранмен 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтті. Тәуелсіздік жылдарындағы үшінші санақтың ерекшелігі — күрделі эпидемологиялық жағдайда өткені және алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылғаны. Тұрғындар sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтта интернет-сауал қою арқылы санаққа қатысты. Интервьюерлер алғаш рет респонденттердің жауаптарын планшет арқылы тіркеді, яғни бұрынғыдай қағазға жазбай, бірден электронды түрде мәліметтерді енгізді. «Деректер бірден автоматты түрде өңделді. Санақ жүргізу үшін планшетке арналған мобильді қосымша әзірленді, ол интервьюерге барлық енгізілген арифметикалық-логикалық бақылауларды ескере отырып, сауал салуды жүргізуге, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдануға және сауал салу аяқталғаннан кейін алынған деректерді VPN арнасы арқылы тікелей жалпы деректер базасына жіберуге мүмкіндік берді», — дейді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Динара Ізбасқанова. Дерек бойынша елімізде респонденттердің 40 пайызынан астамы санақтан өтудің онлайн жүйесін таңдаған.
Биылғы санақтың тағы бір ерекшелігі — респонденттерге қойылған сұрақтардың ауқымдылығында. 2009 жылғы өткізілген халық санағына қарағанда тілдерді меңгеру, неке жағдайы, бала туу және жұмыспен қамту сұрақтары кеңейтілді. Сонымен бірге тұңғыш рет пандемияға қатысты сұрақтар енгізілді, яғни пандемияның жұмысына әсері, вакцина алу секілді сұрақтар қаралды.
Санақтың алдын ала қорытындысы жақында ғана белгілі болды. Ал нақты қысқаша қорытындысы 2022 жылдың шілдесінде шығады деп жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысы жарияланады.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007

  2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР АГЕНТТІГІ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ. 

  3. “2009 Жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы, Қысқаша қорытындылар" Статистикалық жинақ,


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет