Реферат Тақырып: Беғазы-Дәндібай мәдениеті Орындаған: Базылова Ж. С. Қабылдаған: Алланиязова Т. К



бет3/8
Дата21.12.2022
өлшемі65,81 Kb.
#163860
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жузя реферат-1
Силлабус КТ, debiet-teoriyasy-krspe 6 lecture, ТӨЛ,ТӨЛЕУ,АВТОР СӨЗІ БАЗА, Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ, DOC-20221027-WA0009

Беғазы-Дәндібай мәдениеті.


Қола дәуірінде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі жоғарыда айтып кеткеніміздей, Орталық Қазақстан болған.Орталық Қазақстаннан андрон мәдениетіне тән көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. 1946 ж ғалым Марғұлан басшылығымен құрылған археологиялық экспедиция қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады. Осыдан кейін қола дәуірінің мәдениеттері табылып терең зерттеле бастады.Кейінгі қола дәуірінің Беғазы-Дәндібай мәдениеті Қазақстанның ежелгі тарихындағы таңғаларлық құбылыс. Оны ашу мен негіздеу, Сарыарқа ескерткіштерін зерттеуге күші мен көп уақыттын арнаған ХХ ғасырдың белгілі зерттеушісі, академик Марғұланға тиесілі. Мәдениетті негіздеу 1930-1960 жылдар аралығындағы кезеңде алынған деректану мәліметтерін алғашқы толық жинақтау өткен ғасырдың 70- ші жылдарында жасалды, олардың алғашқыларының бірі 1933ж қазылып алынған


Дәндібай кесенесі. Грязынов оны толық сипатттаған. Жерлейтін камерадан екі қола жебе ұштары, зәкір түріндегі қола зат, мүйізді ілгек түймелік пен 12 қыш құмыра табылған. Әлбетте, қайтыс болған адамды жерлегенде көбірек заттар бірге қойылған. Алайда олардың көпшілік бөлігін тонаушылар адам денесі қаңқаға айналғанша-ақ тонаған.
Ә.Х.Марғұлан жетекшілік еткен Қаз КСР ҒА Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмысы 1940 жылдың екінші жартысында көрнекті өзгеше материалдарға бай жаңа ескерткіштерді ашумен жалғасты.1947 жылы үлкен Беғазы қорымында жұмыс басталды. Кейінгі қола ғасырының тас моласын қазу нағыз жаңалық болды, сол кезден, нақтырық айтсақ, Беғазыда жұмыс басталғаннан бастап кесене деген атау пайда болды. Қорым құрамында олардың атауы бар. Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде яғни, б.з.б. IX - VIII ғасырларға жататын Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады. Мандаты «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Беғазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.
Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген академикте осы Әлкей Хақанұлы Марғұлан болатын. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ- қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына
қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы
«пирамидалы» әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Aқкезең, Ұлытау жіне тағыда басқа ірі елді мекендер пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі болып келеді. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4
- 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал шаруашылығымен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен - күн, от, су және тағыда басқа табиғат күштеріне табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, тағыда басқа жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеуметттік дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемлекеттік бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы Замарев мәдениеті, Алтай мен Eнисейдегі Қарасуық мәдениеті сияқты өздеріне туыс тайпалармен саяси-экономикалық тығыз байланыста дамыдыБеғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ӀХ-ҮӀӀӀ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Беғазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет