Реферат Тақырып: Беғазы-Дәндібай мәдениеті Орындаған: Базылова Ж. С. Қабылдаған: Алланиязова Т. К


Беғазы-Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің дамуындағы кезеңдер



бет4/8
Дата21.12.2022
өлшемі65,81 Kb.
#163860
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жузя реферат-1
Силлабус КТ, debiet-teoriyasy-krspe 6 lecture, ТӨЛ,ТӨЛЕУ,АВТОР СӨЗІ БАЗА, Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ, DOC-20221027-WA0009

Беғазы-Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің дамуындағы кезеңдер.


Беғазы-Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге бөлінеді:



      1. Өтпелі 2.Дамыған 3.Соңғы

Атасу заманынан Беғазы-Дәндібай заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге бір жағынан, андронов дәстүрдің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің: тұрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы тән. Жерлеу ңұрпы да андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктетілген қаңқалар мен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі, ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған 4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ. Бұл — алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі табылмаған адамға қойылған символикалық жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.Соңғы қола дәуірінің өтпелі кезеңін, яғни алдыңғы Беғазы дәуірін Ақсу- Аюлы-2 жерлеу кешені бәрінен де гөрі толық сипаттайды. Бұл кешен біріне- бірі ұқсас төбешік обалардан құралған; обалардың етегі қырынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталармен айнала белдеуленген. Бұлар патриархаттық- рулық қоғамның неғұрлым көрнекті мүшелерінің қабірлері. Ішкі құрылыстары ауқымды мұндай бейіттер тұрпатының пайда болуы соңғы Андронов дәуірінде мүлік теңсіздігінің шығуы нәтижесінде Орталық Қазақстан тайпаларында байқалған өндірістерді көрсетеді.
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі ең үлкен обаның биіктігі 2 метр, диаметрі 30 метр. Үйіндінің астынан бір-біріне жалғасқан төрт тас құрылыс: үш қоршау және үлкен-үлкен төрт тақтастан жасалған шомбал тас жәшік шыққан. Бірінші, сыртқы қоршау қырынан қазылып орнатылған ірі гранит тақталардан құралыпты. Екінші қоршау әдейі іріктелген тік бұрышты тақталардан көлденең қалау техникасы арөылы салынған. Қалау сол кездегі жердің бетінен басталыпты. Дуалдардың төменгі жағы тіп-тік, ал жоғарғы жағы
аздап ішке қарай иілген. Бұл соңғы қола дәуіріндегі құрылыс техникасына тән әдіс; Үшінші кіші қоршау екіншісіне жалғастырылған. Ол тік бұрышты түрде салынған, бұрыштары иілген. Екінші қоршау сияқты, бұл қоршау да эллипс бітімдес. Оның батыс және шығыс дуалдарының маңдайшасына қосымша бір-бір үлкен тақта орнатылған. Құрылыс төбесінің негізгі салмағы осы тақталарға түсірілген.
Сонымен ішкі қоршау бейне бір екі дуалмен және айналма галереямен қоршаған үй сияқты. Бейіт тамның ортасында, көлемі 4 шаршы метрдей, тереңдігі 1,5 метрден астам шұңқырдан шомбал тас жәшік шыққан, оның үстіне екі үлкен тақтатас жабылыпты. Бір кезде тігінен орнатылған және там төбесінің орталық тірегі болған нақ осындай ірі таөталар жәшіктің айналасында жатыр. Бүкіл құрылыс алаңы тығыздалып тапталған және қалындығы жарты метрдей балшық, құм қиыршық, түйір тас араласқан қабатпен жабылған. Бұл қабат дуал тіректеріне дейін жеткізіліпті; мұның өзі дуалдармен басқа тіректердің орнықтылығын қамтамасыз етіп, бүкіл құрылыстың негізін бекітіп тұрған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің өтпелі және дамыған кезеңдеріндегі құрылыстардың көбінің ішкі қоршауларында ағаш төбесінің қалдықтары сақталыпты; бұл төбе пирамидалы – сатылы жақтау түрінде бөренелермен жабылған. Бөренелерден қалған көмір мен күлдің кейде
30 сантиметрдей болатын қалын қабаты төбеге жабылған ағаштарды өртеу рәсімі жасалғанын көрсетеді. Ағаш құрылыстарды өртеп бата қылудың мұндай ғұрпы Қазақстан аумағында соңғы қола дәуірі тайпаларында кеңінен таралған.
Зерттеулер барысында Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі үлкен обаның тас жәшігінен қол-аяғы созылып жатқан адамның қаңқасы шығады. Беғазы- Дәндібай мәдениетінің басқа ескерткіштерінде созылып жатқан қаңқалар мен қатар әдеттегідей бүктеліп жатқан қаңқалар да кездеседі.
Бұл обадан табылған қыш көзе өтпелі кезендегі керамикалық ыдыстың үлгісі бола алады. Түрі мен өрнектелуі жағынан ол андронов ыдыстарына жақын. Оның ернеуі үзік сызықты үш бұрыштармен және сопақша ойықтармен сәнделген. Бүйіріне жоғарғы жағын белдеулей әсем меандр мен бұршық көлеміндей дөңгелек ойықтармен белдеу жүргізілген.
Соңғы қола дәуірі тайпаларының шаруашылықта ілгері басуы және, бәріне бұрын, жайлаулы, кейін көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты мал санының ұдайы көбеюі жерлеу ғұрпынанда аңғарылады; бұл ғұрып бойынша өлікпен қоса ол жейді деп ет салынатын болған. Қабірлер де үй жануарларының сүйектері көп. Құрбанға шалынған малдар үшін тіпті арнаулы тас жәшіктер қойылған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар-Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау- 3, Саңғыру-1, -3 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы-1-3 қоныстары және басқалары жатады. Бұл қорымдар мен қоныстар тұрғын үйлері мен ғұрыптық-табыну үйлерінің сәулет- құрылыс жағынан жетілгендігімен, шар тәрізді керамиканың жаңа түрлерінің
әр әлуандығымен сипатталады. Әсіресе Беғазы тауының сілемдерінде орналасқан Беғазы тақтатас қоршаулары айта қаларлық.




        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет