Реферат Тақырып: Белгісіз жылдар кезеңі. 1652-1680 жж сайрам соғысы Орындаған: Елтайқызы Қымбат Жоспар



Дата28.09.2023
өлшемі22,93 Kb.
#182811
түріРеферат
Байланысты:
Реферат 4
Бизнес идея 3 апта

жоғары білім және ғылым министрлігі



Реферат


Тақырып: Белгісіз жылдар кезеңі.1652-1680 жж сайрам соғысы

Орындаған: Елтайқызы Қымбат




Жоспар:

Кіріспе.......................................................................................................

1.Жоңғар шапқыншылығы.......................................................................

2.Сайрам шайқасы.....................................................................................

3.Тәуке ханнан кейінгі уақыт...................................................................

Қорытынды.................................................................................................



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................


Кіріспе
Есім хан дүние салған соң Қазақ хандығының тағына оның ұлы Жәңгір хан (1643-1652) ие болды. Жәнгір хан бейлік құрып тұрған кезеңде Қазақ мемлекеті мен Жоңғар хандығы арасында үш ірі соғыс болғаны тарихта мәлім. Оның біріншісі 1635 жылы, екіншісі 1643-1644 жылдары, үшіншісі 1652 жылы болған еді. 1643 жылы жоңғарлар бейбіт жұртты қырып-жойып, Тоқмаққа дейін жетті. Жәнгір қалың әскерін келуін күтпестен, аз ғана жанкешті 600 жасағымен Жоңғарлардың 50мың әскеріне төтеп береді. Салқам Жәнгір көзсіз ерлігі сол заманның соғыс шежіресіне бетбұрыс жасады. Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының арасындағы келесі жойқын соғыс 1652жылы болады. Ыза мен намыс буып, кек қайтару соғысына мұхият дайындалған Батұр қонтайшы 1652 жылы қазақ еліне тағы басқыншылық соғыс ашты. Екі жүз жылдан астам даңқты тарихы бар ортағасырлық ірі де іргелі мемлекет - Қазақ хандығының 1652 -1680 жылдар аралығын бұлынғыр уақыт болып есептелді. Бұл жылдары Бөлекей сұлтан ұлы Батыр хан отырды деген дерек бар. Қазақ хандығының ілгері ел екендігін, беделін күшейткен Салқам Жәңгір ханның ұлы – Тәуке хан (1680-1715) тарихтағы халық берген есімі – Әз Тәуке, яғни дана Тәуке болатын. Оның мемлекеттік қайраткер ретінде қалыптасуы да отыз жылдық бейбіт кезеңмен тұспа-тұс келеді.
Есім хан дүние салған соң Қазақ хандығының тағына оның ұлы Жәңгір хан (1643-1652) ие болды. Жәнгір хан бейлік құрып тұрған кезеңде Қазақ мемлекеті мен Жоңғар хандығы арасында үш ірі соғыс болғаны тарихта мәлім. Оның біріншісі 1635 жылы, екіншісі 1643-1644 жылдары, үшіншісі 1652 жылы болған еді. 1643 жылы жоңғарлар бейбіт жұртты қырып-жойып, Тоқмаққа дейін жетті. Жәнгір қалың әскерін келуін күтпестен, аз ғана жанкешті 600 жасағымен Жоңғарлардың 50мың әскеріне төтеп береді. Салқам Жәнгір көзсіз ерлігі сол заманның соғыс шежіресіне бетбұрыс жасады. Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының арасындағы келесі жойқын соғыс 1652жылы болады. Ыза мен намыс буып, кек қайтару соғысына мұхият дайындалған Батұр қонтайшы 1652 жылы қазақ еліне тағы басқыншылық соғыс ашты.
Жоңғар шапқыншылығы
Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылықтары бұдан кейін де жалғасады. Екі жақтан болып отырған ұсақ жорықтарды есептемегенде, жазба деректерде жоңғарлар тарапынан 1711-12, 1714 жылдары жаңа соғыстардың болғандығы айтылады. Өкінішке қарай, жазба дерек мәліметтерінің болмауы, бізге ΧVIII ғасырдың алғашқы жылдарында Тәуке ханның жоңғарларға қарсы жүргізген саясаты жөнінде нақты ой-пікір немесе тұжырым айтуға мүмкіндіктер бермейді.
Жоңғарлардың жекеленген өңірлерді ғана тонауға ұшыратқаны болмаса, қазақ елін толық бағындыруға, иеленуге бағытталған жорықтарына Тәуке хан тойтарыс беріп отырады. Тәуке хан тұсында қазақ қоғамында жүргізілген саяси-әкімшілік және құқықтық өзгерістер нәтижесінде қазақ елі өзінің қорғаныстық қабілетін көрсете біледі. Талай-талай қазақ батырлары осы кезде ел үшін, жер үшін жан аямай жоңғарлармен соғысады, тіпті кей кездерде өздері бірігіп, жоңғарлардан кек алу үшін оларға жеңісті жорықтар ұйымдастырады.
Сайрам соғысы
Сайрам шайқасы – қазақ-жоңғар арасындағы 1684 жылы болған шайқас.Қазақ хандығында қалыптасқан ауыр жағдайды пайдаланып, 1681 жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошигт қалың қолменЖетісуға басып кіреді. Шу, Талас арқылыАрысқа жеткен жоңғарлар қазақ жасақтарын жеңіліске ұшыратып, Сайрам қамалын қоршады. Бірақ, Сайрам қамалы берілмейді. Жоңғар әскері қысқа қарай кері шегініп, Іленің жағасына кетіп, күш жинады. 1682 – 83 жылдары соғыс Сайрамның түбінде жүрді. Екі жақ бір-біріне алдырмады. Ақыры, 1684 жылы жазда Қалданның інісі Севан Рабдан Сайрамды басып алды. Жоңғарлар мыңдаған тұтқындарды, қисапсыз олжаны қолға түсірді. Сайрам шайқасынан кейін Жетісу өлкесі жоңғарлардың билігіне көшті.
Тәуке ханнан кейінгі уақыт
Тәуке ханның қайтыс болған жылын алғаш рет В.Вельяминов-Зернов шамамен 1718 жыл көрсеткен болатын. Содан бері тарихи әдебиеттер мен арнайы зерттеулердің бәрінде Тәуке ханның өлген жылы деп осы жыл көрсетіліп келеді. Тек соңғы жылдары жарық көрген еңбектерде ғана бұл дата нақтыланып, 1715 жыл деп көрсетілуде. Егерде В.Вельяминов-Зерновтың көрсетуінде 1718 жыл шамамен айтылса, В.Моисеевтің зерттеуіндегі мәліметте 1716 жылы қыркүйек айында Тобыл қаласына қазақ ханы Қайыптың елшісі келгендігі жөнінде айтылады. Автордың бұл мәліметі нақтырақ болғандықтан, біз Тәуке ханның қайтыс болған жылы – 1715 жыл деген пікірді жақтаймыз.
Қорытынды
Осылайша, Тәуке ханға қатысты жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорытындылай келе, төменде мынадай жалпы тұжырымдар жасаймыз.
Бірінші, Тәуке ханның арғы-бергі ата-бабаларының бәрі дерлік XIII-XVII ғасыр аралығында Қазақстан аумағындағы саяси биліктің жоғары сатысында болып, осы ғасырлардағы саяси тарихта терең із қалдырған, қазақ елінің қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосқан тарихи тұлғалар болған. Өз кезегінде Тәуке хан да өзі билік құрған жылдары ата-баба жолы мен дәстүріне сай Қазақ мемлекеттілігінің дамуына еңбек сіңіріп, есімі ел есінде сақталып қалған тұлғалардың қатарына жатады.
Екіншіден, Тәуке хан билікке келгеннен кейін қазақ қоғамында ұзаққа созылған дағдарыстарды құқықтық негізде реттеу үшін «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығарып, оны қоғамдық өмірде кең қолданысқа енуіне бар күшін салады. Ішкі бірліктің біршама сақталуы оның билік құрған жылдарын салыстырмалы түрде «алтын ғасыр» деген теңеуге алып келеді, халық оны әз-Тәуке деп атап кетеді.
Үшіншіден, оның билік құрған жылдары жоңғарлардың жойқын шабуылдарына төтеп берумен тұста-тұс келеді. Тәуке ханның тұсында ішкі бірлік пен мемлекеттік биліктің сақталуы жоңғар билеушілерінің жорықтарына төтеп беруге мүмкіндік береді. Басқа көрші елдермен бейбіт қатынас орнатуға күш салады.
Жалпы алғанда, Тәуке хан қазақ елінің тарихындағы хандық дәуір деп аталатын тарихи кезеңнің ең соңғы және ең кемеңгер ханы бола білген. Ол қайтыс болғаннан кейін қазақ елінің әр жүзіндегі кіші хандықтардың тарихы басталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди

2. Фазлаллах ибн Рузбехан. Михманнама и-Бухара

3. Марғұлан Ә. Қасым ханның қасқа жолы. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1575 6-том

4. Есмағанбетов К.Л. Елдік белестері // Егемен Қазақстан. – 2015. - 20-24 қаңтар 2015 жыл



5. Жағыпарұлы Ж. Қазақ хандығы // Егемен Қазақстан. – 2015. - 1-8 қаңтар.

6. Кәрібаев Б. Қазақ хандығының тарихы. - А, 2015.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет