Реферат тақырып: Критериалды бағалау үдеріс ретінде Орындаған Тексерген 2022 жыл Жоспар



бет6/7
Дата17.10.2022
өлшемі49,79 Kb.
#153465
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бағалау серікбаева жания
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үдеріс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты – оқытудың қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың әдістерін тиімді әрі жүйелі өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Ол үшін мұғалім әр сабақта оқу мақсатына байланысты нақты критерий мен дискриптор құрып отыруы тиіс. Бағалау критерийлері нақты оқу мақсатына негізделіп жасалады. Дескрипторлар тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі бойынша қорытындыланады.
Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады.. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін.
Осы тұрғыда айтатын болсақ, қалыптастырушы бағалау оқушыларды оқытуда тұлғалық бағдарлық оқыту тәсілінің негізгі бөлігі. Сондықтан мұғалімнің орны да өзгереді. Тұлғалық бағдарлық технологиялар оқу үдерісін ұйымдастыруда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас негізінде іске асуына мүмкіндікашады. Бағалау үздіксіз жүріп отырады да, сапалы нәтижеге жылжу үдерісі бағаланады. Тұлғалық бағдарлық оқыту:оқушыларды оқыту мақсаттары мен бағалау критериялары туралы ақпарат береді; критерияларға негізделген оқушылардың өзін-өзі бағалауы; оқушылардың әрі қарай жасайтын қадамдары мен оның іске асыруын анықтайтын кері байланыс қамтамасыз етеді.Бұл жерде бағалау үздіксіз жүріп жатады да, сапалы нәтижеге жететін процестің өзі бағаланады. Оқушылар өздерінің кемшіліктерін өздері түсініп, анықтай алады да, мұғаліммен бірге шешу жолдарын табады. Ең маңыздысы өз оқуын бақылауы мен бағалауы өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауына ауысады.
Табысты оқытуға қол жеткізу үшін мұғалім оқушының тақырыптың мәнін өз бетінше меңгеруін түсініп, бағалай алуы да маңызды. Қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін пайдаланып, үнемі оқушының жетістік деңгейін анықтап беріп, қолдау көрсетіп, осалдау тұсын нұсқау беру арқылы көрсетіп тұруды да алдын ала жоспарлау маңызды.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
–– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
–– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
–– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
–– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді.
-Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
-Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
-Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
-Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
-Білім берудің сапасы артады.
Критерийлер дайындауында мұғалім мен оқушылардың бірігіп жасау тәртібі.
• Сабақ, тарау, бөлім оқу алдында оқушыларға мақсаттар мен міндеттерін жариялаңдар.
• Кез келген оқушыға жұмысты бағалау үшін бір-екі критерийлерді жазып беруді сұраңыз.
• Оқушылар ұсынған критерийлерді тақтаға жазып қойыңдар.
• Ұсынған критерийлер барлық оқушылар түсінікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Критерийлерді маңыздылығы бойынша орналастырыңдар.
• Тиімді құрастырылған бағалау критерийлері және олардың градациясы оқушыларға ненің қалай бағаланатынын көрсетеді, және жұмысты орындау барысында оқушылар үшін жақсы нұсқаулық.
• Бағалау критерийлері нақтырақ болған сайын, оқушы тапсырманы қалай сәтті орындау керектігін түсінеді.
Әрі қарай оқушылардың жұмыстары дайындаған критерийлер бойынша бағалануы тиіс.
Кері байланыс ауызша немесе жазбаша орындауға болады
Кері байланыстың құралы ретінде: жазбаша ұсыныстар, бақылау, сауалнамалар,өзін-өзі бағалайтын күнделік/жорналдар т.б., болуы мүмкін.
• оқушы үшін – ол өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін түсінуге және алға жылжу үшін нақты ұсыныстар түрінде ақпарат алуына көмектеседі;
• мұғалім үшін – ол оқытудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін ақпаратты алу және өзінің сабақ беру әдіс-тәсілдерін жақсарту үшін өзгерістерді еңгізе алады (жаңа әдістер, оқыту техникалары, сабақтың уақытын басқаша бөлу және т.б.).
Оқушының кез келген тапсырмасын тексеру кезінде мұғалім оның кемшіліктерін қана түзеп қоймай, қай жерін түзету керектігін түсіндіріп жазып берсе, оқушы өзі де қызығып, қатесін түзетуге тырысады. Бұл жерде мұғалім баға қоймайды, оқушының өзі түзегеннен кейін ғана баға қойылғаны жөн, өйткені оқушының өзін-өзі оқытуына ұмтылып, табысқа жетеді және мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс іске асырылады.
Кері байланыс келесі түрде айтылуы мүмкін:
Оқушы дұрыс жауап берсе: «я, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «бәрі дұрыс», «Албина, жарайсың сен сұраққа нақты және толық жауап бердің»..
Оқушы дұрыс жауап бере алмаса: «жауапқа жақын, бірақ нақты емес»,«тағы да ойланып көр», «жақсы бастадың, бірақ бірге ойланып көрейік», «Марат осылай деп ойлайды, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «Осы жерде қате бар, тағы бір рет оқып көріңдер» т.б. Мұғалім оқушының жауабына: «дұрыс емес», «осындай жауап бола ма?» т.б. деген сияқты сөздермен сынамау тиіс, өйткені ондай қылықтар оқушының жеке басына тиеді.
Тәжірибелік маңыздылығы
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
• жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
• оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
• бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
• өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі.
• оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалау:


Мұғалімдерге:

  • Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

  • Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

  • Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

  • Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

  • Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

  • Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:

  • Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

  • Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

  • Нақты критери құруда білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

Ата- аналарға:

  • Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

  • Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

  • Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет