Реферат «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена»



бет4/6
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160277
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ВСС Төлеман.Е
ХирургияСРС Төлеман.Е, МИКРОБИОЛОГИЯ ЭКЗ (копия)
Қауырсынын жұлу:
Құстың қауырсынын арнайы қондырғыда, не болмаса қолмен жұлуды құйрық және қанат қауырсындарынан бастайды. Ұшаны ыстық су құйылған былауда (ванна) өңдеуді жүргізеді. Мойынын, басын және қанаттарын қосымша ыстық өңдеуден өткізеді, яғни 58- 60º С 30 секунд уақыт ішінде. Суда жүзетін құстардың ұшасын 68- 72ºС суда 2-3 минутқа дейін, қашан қауырсыны денесінен жеңіл бөліне босатылғанша өңдейді. Құстың қауырсынын жылумен өңдегеннен кейін, табанында жұлады. Қауырсынды жұлу үшін әртүрлі қондырғылар қолданады, көп тараған қондырғының бірі - соғу (бильные) қондырғысы (3.4 сурет). Құстың түріне және жасына қарай бұл қондырғының барабанына бір мезгілде 2-ден 10-ға дейін ұша сыяды. Бұл процестен қалған қауырсынды қолмен жұлады, не болмаса газға ұстап үйітеді. Суда жүзетін құстардың ұшасында қалған қауырсындарды балауызды қолдану тәсілімен жұлады. Ол үшін былауға, ерітілген балауыз массасын (52-54º) құяды. Балауыз массаны былай жасайды: канифольмен парафинді 1:1 ара қатынаста алып, оған 1 пайыз әк ұнтағын қосады. Ұшаны балауызға 5-6 секундқа салып батырады, сосын былаудың үстінде балауыздың ағуы және сууы үшін 20 секундтай көтеріп ұстап тұрады. Балауыз массаны (воскамассаны) қатыру үшін, ұшаны суық сумен 2-3 минуттай суытады. Қауырсын және құс жүні аралас балауыз массаны соғу, саусақты және тырнағыш қондырғымен түсіреді. Қалған балауыз массаны қолмен алады.

Сурет 3.4. а. Соғу қондырғысының ішкі көрінісі



Сурет 3.4 б) Қауырсыннан ажыратуға арналған соғу қондырғысының жалпы көрінісі
Қақтау (үйіту):
Жүні жұлынған барлық үй құстары мен жабайы құстарын отта жеңіл - желпі қақтайды. Қақтаудың алдында ұшада қатпар болмайтындай етіп теріні қолмен тартып тегістейді. Ол үшін қанатын қайырып, бір қолмен ұшаны басынан ұстап, ал екінші қолмен аяқтарынан ұстап аздап тартып тұрып қақтамайтын газды немесе спиртті горелка от жалынында қақтау қажет. Қақтауды өте мұқият жасаған жөн. Себебі, қақтау кезінде тері зақымдалып, ал тері астындағы май еріп кетуі мүмкін.

Сурет 3.5 Ұшаны от жалынында қақтау






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет