Рефлекцияны ұйымдастырудың жолдары. Кері байланыста қолданылатын әдіс-тәсілдер. «Рефлексия»



бет7/10
Дата02.01.2022
өлшемі19,94 Kb.
#129088
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
13 апта (1)
Мұқият Айжан МПК-011 (11), Мұқият Айжан МПК-011 (11), Мұқият Айжан МПК-011 (11), Мұқият Айжан МПК-011 (11), этн, биология, 1 блок, 2-блок текст
Мадақтай білу.
Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтауды да ұмытпаған жөн. Осы арқылы біз тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын да арттырамыз. «Сіз бұл мәселеге тіпті де мен ойламаған жақтан қарадыңыз! Шындығында да бұл өте тиімді ұсыныс (идея, ой, әдіс, тәсіл, т.б.) екен! Менің ойымша, Сіздің сөздеріңізде терең мағына бар! Бұл ұсынысыңыз менің тәжірибемде маңызды орын алады деп ойлаймын!» секілді сыпайы мақтаулардың әңгімені мәнді жасайтындығы анық.

Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.


Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі — түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл — күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с.)
Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Немесе «Бір сөзбен» әдісі — Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, *Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,*Алаңдау, *Тыныштық, *Сенімділік, *Сенімсіздік, *Рахаттану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет