Рефлективті эссе



Дата07.02.2022
өлшемі21,57 Kb.
#82798
Байланысты:
Эссе1
gigiena sportivnoy deyatelnosti (1)

Бейсембаева Салтанат Эрековна
Алматы облысы, Талғар ауданы, 258 топ
17 қараша, 2017 жыл


Рефлективті эссе
Жоспар:
Кіріспе. ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіпқойлық деңгейі қандай болуы керек?
Негізгі бөлім:

  1. Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіру және өзін-өзі дамыту шеберлігін арттырудың қандай жолдары бар?

  2. Мектеп ұжымында мұғалімдердің өзара ынтыматастықта жұмыс істеуінің пайдасы қандай?

Қорытынды.

Тәуелсіз ел тірегі – білмді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екенінің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады. Бүгінгі таңдағы мұғалімінің ұстаздық тұлғасы қалыптастыру күшеймесе, кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік талап қоя білетін іскер мұғілім керек. Сондықтан да ХХІ ғасыр мүғаліміне қоятын талаптар зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар , соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл – өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу керек. Ол сонымен ғаламтор жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.


Жаңалықтың жаршысындай өзіме жас маман ретінде, үнемі ізденуіміз керек деген қағиданы басты назарда ұстаймын, оқушыларымның білім сапасын үнемі қадағалап отырамын. Мен тәрбиелеген оқушылар функционалды сауатты, патриоттық рухы жоғары, отандық біліммен сусындаған болашақ ел тізгінін ұстайтын жеке тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам-мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр. Осыған сүйене отырып, мен білім беру барысында оқушыларымның функционалдық сауаттылығын дамытуды жолға қойдым. Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы екенін ескерсек, менің жұмыс жүйем: жаңа бағдарлы оқытудың барысында алдымда тұрған келелі міндеттердің бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, ойлауына мүмкіндік жасау. Практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әртүрлі интерактивті және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырамын, оқыту әдістерін өзгерту, үнемі іздене отырып, жаңалықтарды біртіндеп жұмыс жүйеме енгізіп отыру.
Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсіемін. Сондықтан да мұғалім бойында – іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлау білу қабілеттерін қалыптастыратын болу керек.
Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдатырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарылатады, психологиялық-педагогикалық сонымен қатар әдісемелік сауаттылығын жетілдіреді. Қазіргі заман талабына сай мұғалім үш тілді жетік меңгерген болу керек.
Білім – тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін – өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алады. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалылығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзыреттлік аясын кеңейтеді. Кәсіби құзыретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қанысқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп саналады.
Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық білім деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиіс.
Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудыға туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудегі мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойлатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі-құзыреттілік пән кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады. Құзыреттілік нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күннің талабы. Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бірі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құраларын пайдалану шеберін ұлғайту. Мектептің тәжірибесін зертеп қорыту, тарату, басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі мектепішлік бақылау арқылы оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді. Сонымен қатар мектептің материалдық базасын нығайту.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы және оларды оқу тәрбие процесінде қолдану болып табылады. Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор рөл атқарады. Өйткені ынтымақтастық атмосферасы кезінде барлық жастар оқып, білмеген проблемасын шешуге дағдыланады.
Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтіріп, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасты тағы басқа көптеген жағдайларды да қамтитын педагогикалық қатынас. Ынтымақсаттық педагогикасы негізінен:

  1. Бала түрғы ретінде ізгілікті қарым-қатынас

  2. Белсенділікті арттыратын және дамытатын дидактикалық кешен

  3. Тәрбиелеу тұжырымдамасы

  4. Ортаны педагогикаландыру бағытында жүзеге асады.

Кез-келген педагогикалық өзіндік жұмыс жасайтын ортасы болады. Біздіңде ұжымымызда ұстаздарымыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Мектебімізде 60-қа жуық педагог мамандар қызмет атқарады. 80%-ы жоғары білімді ұстаздар. Осыған орай мектеп ұжымы ішінде озық тәжірибелі ұстаздар, шығармашылық топ ұстаздары, өзгеріс тобы ұстаздары, зерттеушілер тобы, жас мамандар тобы жұмыс жасайды. Әр топ өзіндік мақсат-міндеттерін айқындай отырып, жоспарға сай әрекет етеді. Атап айтсақ әр топ өкілдері әдістемелік жиналыстарда, семинарларда, бірлестіктің әдістемелік отырыстарында, коучинг, тәжірибе бөлу сабақтарында өзара ынтымақтастықта жұмыс атқарады. Себебі кез-келген жұмыс бірлік, ынтымақ болған жерде ғана жанданады, жүзеге асады.
Сонымен қатар мектебімізде жас мамандар мектебі қарқынды жұмыс істеуде. Әр жас маман өзіне бекітілген тәжірибелі ұстазбен тығыз жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет