Рекламная презентация



Pdf көрінісі
Дата10.11.2023
өлшемі5,09 Mb.
#190916
Байланысты:
8 дәріс
reading material 4, СРОП 4 апта Т, АС-ҚОРЫТУ-ЖҮЙЕСІ-ТЕСТ (1), eUniver - Расписание, 1 дәріс-Психологияға кіріспе


№8 Дәріс
Тыныс алу жүйесі


Тыныс алу дегеніміз ағза және
сыртқы орта арасындағы газ алмасу.
Тыныс алу жүйесінің қызметі
-ағзаны оттегімен қамтамассыз
етіп,метоболизм барысында түзілген
көмірқышқыл газын сыртқа шығару.


мұрын қуысы
көмей
кеңірдек
бронхтар
Тыныс алу жүйесі тыныс алу жолы
мен газ алмасу мүшесінен тұрады.
Тыныс алу жолына:
Газ алмасатын мүше: ӨКПЕ


мұрын қуысы, жұтқыншақ , көмей.
кеңірдек,бронхтар
Тыныс алу ЖОЛЫ жоғарғы және төменгі
болып бөлінеді.
Жоғарғы тыныс алу жолы:
Төменгі тыныс алу жолына:


МҰРЫН 
ауа өткізу және иіс сезу қызметтерін
атқарады.
Сыртқы мұрын және мұрын қуысынан
құралады.
Сыртқы мұрынның түбі.қыры,ұшы және
мұрын қанаттарынан тұрады. Сырқы мұрын
екі мұрын сүйегінен,жоғарғы жақ сүйегінің
маңдай өсінділерімен,бірнеше гиалинді
шеміршектерден түзіледі.


МҰРЫН ҚУЫСЫ
мұрын қуысымен бет қаңқасы сүйектерінен
құралады. Мұрын қуысынан өткен ауа
тазартылады,ылғалдандырылады,
жылытылады.Мұрын қуысының тесіктері
танаулар деп аталады.Мұрын қуысын мұрын
пердесі бөліп тұрады.Мұрын қуысы артқы
жағынан хоана тесіктері арқылы жұтқыншақпен
байланысады.



КӨМЕЙ
ауа өткізу және дауыс түзу қызметтерін атқарады.
4-7 мойын омыртқалары деңгейінде
орналасады.Көмейдің алдыңғы жағы мойын
бұлшықеттері, бүйір жағында қалқанша безі,
артқы жағында жұтқыншақтың көмейлік бөлігі
орналасады.Жоғарғы жағынан көмей
байламдары арқылы тіласты сүйегіне ілініп
тұрады, ал төменгі жағы кеңірдекке жалғасады.


Көмей қабырғасы шырышты,фиброзды-
шеміршекті және дәнекер тінді
қабықтардан тұрады.
Көмей шеміршектері: БАЙЛАМДАР,
ЖАРҒАҚТАР ЖӘНЕ БУЫНДАР АРҚЫЛЫ
БАЙЛАНЫСҚАН ТАҚ ЖӘНЕ ЖҰП
ШЕМІРШЕКТЕРДЕН ТҰРАДЫ.



КЕҢІРДЕК
ауа өткізу қызметін атқаратын мүше. 
6 шы мойын омыртқадан көмейден
басталып 5 ші кеуде омыртқаларында
екі брохыға бөлінеді.Кеңірдектің
бронхыға бөлінетін жерін кеңірдек
айрығы деп атайды.Кеңірдектің
ұзындығы 9-11 см. Мойын және кеуде
бөліктерінен тұрады.


орналасуы:
артында өңеш,алдында қалқанша және айырша
бездер, ірі қан тамырлары, бүйір жағында ұйқы
артериялары орналасқан.
Құрылысы: Кеңірдектің қабарғасы фиброзды-
сақиналы байламдармен қосылған 16-20 жартылай
шеміршекті сақиналардан тұрады.
Кеңірдектің артқы қабырғасы бұлшықеттерден
тұрады. Кеңірдектің шырышты қабығы,кірпікшелі
эпителимен жабылған, сыртынан дәнекер тінді
қабықпен қапталған.



БРОНХТАР
ОҢ БАСТЫ БРОНХ ҚЫСҚА,ЖУАН,ҰЗ 3 СМ. 6-8
ЖАРТЫЛАЙ САҚИНАЛЫ ШЕМІРШЕКТЕРДЕН ТҰРАДЫ.
СОЛ БАСТЫ БРОНХ ҰЗЫН ӘРІ ЖІҢІШКЕЛЕУ,
ҰЗЫНДЫҒЫ 4-6 СМ , 9-12 ЖАРТЫЛАЙ САҚИНАЛЫ
ШЕМІРШЕКТЕРДЕН ТҰРАДЫ.


ӨКПЕ
кеуде қуысын тұтас алып жататын көлемді, жұп,
тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі.
Өкпенің сыртқы құрылысы:
пішіні конус тәрізді,жоғары дөңгелектенген ұшынан,
төменгі бөлігі негізінен тұрады.Сол өкпеде жүрек
ойығы бар. Әр өкпенің үш беті бар:
қабырғалық,көкеттік, медиалды. 
Медиалды бетінде өкпе қақпасы орналасады. Қақпа
арқылы бронх, өкпе артериясы, өкпе веналары,
бронхиалды тамырлар мен жүйкелер өтеді.


оң өкпе-қысқа жалпақтау, 3 бөлікке бөлінеді.
сол өкпе ұзын, жіңішкелеу 2 ге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет