Республикасында


  Кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  инновациялық  іс-әрекетін



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата13.09.2020
өлшемі1,49 Mb.
#78497
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
кәсіпкерлоік оқулық
БАҒДАРЛАМА ӘСЕМ 2020, С.Б.Дуйсенбаева - багдарлама, С.Б.Дуйсенбаева - багдарлама, кабинеты - пост, Оку багдарламасы Коркем енбек 5-9 090317 , 1-5966 (1), типовой гео-ист 2017 , есту психодиагностика
3.2  Кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  инновациялық  іс-әрекетін 
жетілдіру бағыттары 
 
 
Жалпы  кәсіпкерліктің  экономикалық  белсенділігі  мен  әлеуметтік  бағдар 
ұстауының  кепілі  оның  өздігінен  қоғамның  орташа  топтарына  жататындығы 
емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып 
табылады.  Қазіргі  уақытта  шағын  кәсіпорындар  жұмыс  істеп  тұрған  барлық 
шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызға жуығын құрайды. 
Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда 
іркіліс  байқалады.  Бұл  жерде  басты  себеп  –  бюрократиялық  қысымдар. 
Осындай  және  басқа  да  себептерге  байланысты  кәсіпкерлер  бөлігі  жасырын 
салаға  өтіп  жатыр.  Осы  жағдайда  ескеретін  жәйт,  кәсіпкерлердің  құқығын 
қорғайтын  жүйе  жасау,  тексеруші  органдардың  және  рұқсат  беруші 


 
103 
 
құжаттардың  санын  азайту.  Кәсіпкерлердің  жетпіс  пайызы  оларды  қолдайтын 
аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. 
Респонденттердің  кәсіпкерлік  қызмет  көрсеткіштерінің  деңгейін  немесе 
өзгерісін бағалаудың үлес салмағы – ұйымдардың іскерлік белсенділігінің жай-
күйі мен үрдістері туралы талдау қорытындылары үшін ақпараттық база болып 
табылады. 
Зерттеу  нәтижелері  ұйымдардың  іскерлік  белсенділігінің  жай  және 
композиттік индикаторлары түрінде жалпыланады. 
Жай индикаторлар ретінде көрсеткіштерді бағалау баланстары (пайызбен) 
қолданылады,  олар  көрсеткіштің  өткен  кезеңмен  салыстырғанда  «өсуі»  және 
«кемуі»  деп  белгілеген  респонденттер  үлестерінің  әртүрлілігімен  анықталады. 
Тізбектік  зерттеу  нәтижелері  іскерлік  белсенділік  көрсеткіштерін  бағалау 
баланстарының уақытша қатарлары түрінде ұсынылады. 
Бағалау 
баланстары 
респонденттердің 
іскерлік 
белсенділік 
көрсеткіштерінің деңгейі мен серпіні туралы пікірлерінің жалпыланған көрінісі 
болып  табылады.  Көп  жылдар  бойы  жүргізілетін  конъюнктуралық 
зерттеулердің  сапалы  ақпаратын  жалпылау  және  талдау  саласындағы 
халықаралық  зерттеулер,  көрсеткіштердің  өзгерісін  бағалау  баланстарының 
уақытша  қатарлары  мен  осы  көрсеткіштердің  өзгеру  қарқынын  сипаттайтын 
сандық  уақытша  қатарлары  арасындағы  едәуір  ара  салмақ  бар  екенін 
дәлелдейді. 
Көрсеткіштерді  бағалау  баланстары  негізінде  іскерлік  белсенділіктің 
композиттік  индикаторы  есептеледі.  Халықаралық  практикада  кең  тараған 
композиттік  индикатор  –  экономиканың  сол  немесе  өзге  секторындағы 
кәсіпкерлік  қозғалыстың  жалпыланған  жай-күйін  сипаттайтын  кәсіпкерлік 
сенімділік индексі болып табылады.  
Іскерлік  белсенділікті  бағалау  нақты  нәтижелердің  қалыпты  (жеткілікті) 
нәтижелермен 
салыстырымдылығына 
негізделеді, 
зерттеу 
кезеңінде 
қалыптасқан  жағдайлар  үшін  мына  деңгейлерде:  «жоғары»,  «сәйкес  келеді», 
«қалыпты  деңгейден  төмен»  бағаланады.  Ұйымдардың  белгілі  бір  уақыттағы 
іскерлік белсенділігі көрсеткіштерін бағалауда мынадай саралау қолданылады: 
«өсуі» («жақсаруы»), «өзгеріс жоқ», «төмендеуі» («нашарлауы»). 
Өнеркәсіпте  кәсіпкерлік  сенімділік  индексі  нақты  қалыптасқан  сұраныс 
деңгейін  (тапсырыстар  портфелі),  дайын  өнім  қорын  (кері  белгімен  алынады), 
сондай-ақ  өнімнің  күтілетін  шығарылымын  бағалау  баланстарының  орташа 
арифметикалық мәні ретінде есептеледі. 
Құрылыста кәсіпкерлік сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты 
жай-күйін  және  ұйымдарда  жұмыс  істейтіндер  санының  күтілетін  өзгерісін 
бағалау баланстарының орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады. 
Саудада  кәсіпкерлік  сенімділік  индексі  ұйымның  нақты  экономикалық 
жай-күйін,  қойма  қорының  деңгейін  (кері  белгімен  алынады),  күтілетін 
экономикалық  жай-күйді  бағалау  баланстарының  орташа  арифметикалық  мәні 
ретінде  есептеледі.  Саудада  кәсіпкерлік  сенімділіктің  үш  индексі  есептеледі: 
«Тұтынушыларды  сезіну  индексі»,  «Экономикалық  климат  индексі»  және 


 
104 
 
«Сатып  алу  ниетінің  индексі».  «Тұтынушыларды  сезіну  индексі»  соңғы 
жылдағы  экономикадағы  өзгерістер  туралы  тұтынушылардың  субъективті 
пікірлерін сипаттайды. «Экономикалық климат индексі» келесі жылдағы елдегі 
экономикалық  жағдай  туралы  тұтынушылар  пікірін  сипаттайды.  «Сатып  алу 
ниетінің  индексі»  респонденттердің  өз  үй  шаруашылықтарының  қаржылық-
экономикалық  жағдайы  туралы  айтады  және  үй  шаруашылықтарының  ұзақ 
мерзімді  пайдаланылатын  тауарларға  деген  сұранысының  индикаторы  болып 
табылады.  Тұтынушылардың  жалпы  индексі  үш  индекстің  –  бұл  сатып  алу 
ниеті  индексінің,  келесі  жыл  ішіндегі  күтілетін  жинақ  ақша  индексінің  және 
жұмыссыздықты  болжау  индексінің  (соңғысы  кері  белгімен  алынады)  орташа 
арифметикалық индексі сияқты есептеледі.  
Енді кейбір  экономика салаларының іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне 
жеке-жеке тоқталайық. 
Өнеркәсіп  кәсіпорындарының  іскерлік  белсенділігі.  2009  жылғы  ірі  және 
орта өнеркәсіп кәсіпорындарында экономиканың осы саласында салыстырмалы 
қолайлы  экономикалық  конъюнктура  сақталғанын  көрсетеді.  Нақтылап 
айтқанда,  респонденттердің  көпшілігі  (87%-дан  астамы)  өнеркәсіптік 
кәсіпорындардағы  экономикалық  ахуалды  «жақсы»  және  «қанағаттанарлық» 
деп бағалады.  
Кәсіпкерлік  сенімділік  индексі  2009  жылы  кәсіпорындар  бойынша 
алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа өсіп, (+4)% құрады. 
Ағымдағы  жылғы  IІ  тоқсанда    2008  жылғы  IІ  тоқсанмен  салыстырғанда 
кәсіпкерлік 
сенімділік 
индексінің 
төмендеуі 
өңдеу 
өнеркәсібі 
кәсіпорындарында белгіленді, ол 14% пайыздық тармаққа азайды, сол уақытта, 
кен  өндіру  кәсіпорындарында  бұл  индекс  2008  жылғы  сәйкес  тоқсанының 
деңгейінде қалды (Сурет 13). 
баланстар, % 
-4
-2
0
2
4
6
8
10
12
14
I то
қса
н
II 
то
қса
н
III
 то
қса
н
IV 
то
қса
н
I то
қса
н
II 
то
қса
н
III
 то
қса
н
IV 
то
қса
н
I то
қса
н
II 
то
қса
н
III
 то
қса
н
IV 
то
қса
н
I то
қса
н
II 
то
қса
н
III
 то
қса
н
IV 
то
қса
н
I то
қса
н
II 
то
қса
н
III
 то
қса
н
IV 
то
қса
н
I то
қса
н
II 
то
қса
н
III
 то
қса
н
IV 
то
қса
н
I то
қса
н
ІІ 
то
қса
н
ІІІ
 то
қса
н
IV 
то
қса
н
I то
қса
н
ІІ 
то
қса
н
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
 
 
Сурет 13. Тұтастай өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерлік сенімділік 
индексінің серпіні 
 
Өндірістік  қызмет  кәсіпорындарының  іскерлік  белсенділігі.  2009  жылды 
өткен  жылмен  салыстырғанда  кәсіпорындардың  өнімдеріне  сұраныстың  өсуі 
байқалды.  2009  жылғы  ІІ  тоқсанда  өнімге  сұранысты  бағалаудың  өзгеру 
балансы  өткен  тоқсанмен  салыстырғанда  12  пайыздық  тармаққа  өсіп,  ал  2008 


 
105 
 
жылғы  ІІ  тоқсанмен  салыстырғанда  –  10  пайыздық  тармаққа  азайып  (-5%)-ды 
құрады.   
Өткен  тоқсанмен  салыстырғанда  сұраныстың  өсуі  кен  өндіру  және  өңдеу 
өнеркәсібі  кәсіпорындарында  байқалған,  сол  уақытта  электр  энергиясын,  газ 
бен  суды  өндіру  және  бөлу  кәсіпорындарында  олардың  өнімдеріне  сұраныс 
азайған.  Сұраныс  деңгейіне  келсек,  онда  кәсіпорындар  респонденттерінің 
жартысынан азында (53%) ол өткен тоқсанмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды 
(2009  жылғы  ІІІ  тоқсанда  –  51%).  Сұраныстың  қалыпты  деңгейі  сақталған 
кәсіпорындардың көп саны өңдеу және электр энергиясын, газ бен суды өндіру 
және бөлу өнеркәсібінде байқалады.  
Кәсіпорындар  бойынша  өнім  шығаруды  бағалаудың  өзгеру  балансы  2009 
жылғы  ІІІ  тоқсанда  (-5)%  құрады,  бұл  2009  жылғы  ІІ  тоқсанда  алынған 
көрсеткіштен 32 пайыздық тармаққа көп және 2008 жылғы ІІ тоқсанда алынған 
көрсеткіштен 6 пайыздық тармаққа аз. 
Мұның  өзінде  2009  жылғы  І  тоқсанмен  салыстырғанда  өнім  шығарудың 
өсуін кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының басшыларының көбі 
белгіледі.  
2009  жылғы  ІІ  тоқсанда  2008  жылғы  ІІ  тоқсанмен  салыстырғанда  жеке 
алынған  барлық  салаларда  да,  тұтастай  өнеркәсіпте  де  негізгі  капиталға  және 
жабдықтарға  салынған  инвестициялардың  азаюы  байқалды.  Респонденттердің 
жартысынан астамы (66%) негізгі капиталға және жабдықтарға инвестициялар 
үшін  қаржыландыру  көздерінің  жетіспеушілігін,  13%-нан  астамы  – 
коммерциялық  кредиттің  жоғарғы  пайызын,  7%-ы  –  инвестициялық  жобаның 
жоғарғы құнын белгіледі. Сонымен қатар, респонденттердің (31%)-ы өздерінің 
кәсіпорындарында  инвестициялық  қызметті  шектейтін  факторлар  жоқ  екенін 
айқылдалды. 
2009  жылғы  ІІ  тоқсанда  кәсіпорындардың  көбінде  (68%)  жұмыспен 
қамтылғандар  саны  іс  жүзінде  өзгеріссіз  қалды.  2009  жылғы  ІІ  тоқсанда 
жұмыспен  қамтылғандар  санын  бағалаудың  өзгеру  балансы  (-13)%  құрады, 
2008  жылғы  ІІ  тоқсанда  ол  (+11)%  болған.  2008  жылғы  сәйкес  тоқсанмен 
салыстырғанда  жұмыспен  қамтылғандар  санының  азаюы  өнеркәсіптің  барлық 
салаларында тіркелген (Кесте 16). 
Кәсіпкерлік.  Кәсіпкерлердің  көпшілігі  белсенді  қызмет  жүргізуде.  2009 
жылдың  III  тоқсанында  кәсіпорындардың  16%-ы  қайта  өңдеу  өнеркәсібімен, 
соның  ішінде  алыс-беріс  жағдайларында  (4%),  бөлшек  сауда  (13%)  және 
агросервис кәсіпорындарымен (9%) тікелей байланыста болды.  
Осы  уақытта,  кәсіпорындардың  үштен  бірінен  азы  (34%)  жергілікті 
көтерме  саудадағы  азық-түлік  нарықтарына  кепілдік  шығулары,  5%  -ында  өз 
дүкендері,  дүңгіршек  және  жаймалары  бар.  Мұның  өзінде,  олардың 
материалдық-техникалық 
ресурстарды 
және 
қызмет 
көрсетулерді 
жеткізушілерді  іріктеп  алуға  мүмкіндігі  бар  және  олар  ауыл  шаруашылығы 
өнімдерін  және  басқа  да  өнімдерді  өткізуге  шетел  фирмаларымен  және 
серіктестерімен шарт жасасқаны (1%). 
 


 
106 
 
Кесте 16 
2009 жылғы  II тоқсандағы шаруашылықтардың сауда - делдалдық 
байланыстары 
(зерттелген шаруашылықтардың санына, %-бен) 
 
Шаруашылықтардың үлес салмағы 
бар 
тікелей  байланыстарда 
болатын  
Жерг
і-
лікті 
көте
рме 
сауд
а 
азық
-
түлік 
рыно
-
гына 
кепіл
-дік 
шығ
у-
лары  
өз 
дүке
н-
дері, 
дүңгі
р-
шек 
және 
жай
ма-
лары  
а/ш-ғы 
өнімдерін 
және басқа 
да өнім-
дерді 
өткізуге 
шетел 
фирмасы 
мен және 
серіктес-
терімен 
шарттар  
Мате- 
риалды
қ-техн-
лық 
ресурст
ы, 
қызмет 
көрсет
у-ді 
жет-
кізуші-
лерді 
іріктеп 
алу 
мүм-
кіндігі  
қай
та 
өңд
еу 
кәсі
по- 
рын
да- 
ры
мен  
оның 
ішін
де 
алыс
-
беріс 
жағд
ай-
лары
нда 
бөл
шек 
сау
да 
кәсі
пор
ыда
ры
мен  
агро- 
серв
ис 
кәсіп
-
орын
да- 
рыме
н  
Ауыл 
шаруашылығы  
кәсіпорындары  
34 


19 
16 

13 

Өзге де 
құралымдар 
30 


12 
10 

10 

 
Қазақстандағы  банктер  «Даму  -  Өндіріс»  қайта  қаржыландыру 
бағдарламасы  аясында  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  26  495  млн.  теңгені 
құрайтын  194  жобасын  қайта  қаржыландырып,  нәтижесінде  5  074  жұмыс 
орындары құрылды.  
Бағдарламаның  мақсаты:  өңдеуші  салаларда  жұмыс  істеп  жүрген  жеке 
кәсіпкерлік  (ЖК)  субъектілері  үшін  орын  алған  кредит  ресурстарының 
тапшылығын мына міндеттерді іске асыру:  

 
ЖК субъектілері үшін кредит ресурстарының құнын төмендету;  

 
жеке  қаржы  институттарының  қаражатын  тарта  отырып,  ЖК 
субъектілерінің басым көпшілігін қамту;  

 
ЖК  субъектілерінің  қолданыстағы  қарыздарын  қайта  қаржыландыру 
жолымен олардың қарыз жүктемелерін төмендету;  


 
107 
 

 
ЕДБ  ұйымдық-техникалық  мүмкіндіктерін  тарту  жолымен  ЖК 
субъектілері  үшін  кредит  ресурстарының  қол  жетімділігі  мен  жеделдігін 
арттыру арқылы еңсеруді көздейді.  
2009  ж.  қазан  айынан  бастап  жүзеге  асырылып  жатқан  Бағдарламаның 
шарттарына  сәйкес,  кәсіпкерлерді  қолдау  өңдеуші  өнеркәсіптегі  жеке 
кәсіпкерлік  субъектілерінің  (ЖКС)  банктерден  бұрын  алынған  кредиттерін 
жылдығы  8%  мөлшерлеме  бойынша  қайта  қаржыландыру  арқылы  жүзеге 
асырылуда.  «Стрессті  активтер  қоры»  АҚ  (САҚ)  жалпы  сомасы  17,64 
млрд.теңге  болатын  депозиттерді  «БТА  Банк»  АҚ,  «Казкоммерцбанк»  АҚ, 
«Халық Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ мен «Темірбанк» АҚ орналастырып, өз 
кезегінде аталған банктер бағдарламаға жалпы сомасы 7,2 млрд. теңгеден астам 
өз  қаражатымен  қатысуға  келісім  берген  болатын.  Нақты  банк  үшін  депозит 
сомасы  өңдеуші  өнеркәсіптегі  ЖКС-не  берілген  кредит  бойынша  банк 
портфелінің мөлшерін есепке ала отырып, анықталды (Кесте 17).  
 
Кесте 17 
ЖКС-не берілген кредит бойынша банк портфелінің мөлшері 
 
№  ЕДБ 
Бағдарлама 
бойынша 
сомасы 
(ЕДБ 
қаражатын 
ескере 
отырып), 
млн. теңге 
Жобалар 
саны 
Сомасы 
млн. 
теңге 
Игеру 
пайызы, 

Құрылған 
жұмыс 
орындары 

«Қазақстан  Халық 
Банкі» АҚ 
2857,1 
14 
2 882,8  101% 
276 

«Казкоммерцбанк» 
АҚ 
5200 
33 
5 200,0  100% 
195 

«Темiрбанк» АҚ 
2857,1 
34 
2 950,7  103% 
300 

«БТА Банк» АҚ 
11428,6 
84 
12 
493,4 
109% 
1664 

«Альянс Банк» АҚ  2857,1 
29 
2 968,2  104% 
2639 
 
Барлығы  
25 200 
194 
26 
495,0 
105% 
5074 
 
Бағдарлама  аясында  аймақтық  тұрғыда  ең  көп  қайта  қаржыландыру 
сомасы Алматы қ. – 6,8 млрд. теңге (20 қарыз алушы), Қарағанды облысында – 
3,9 млрд. теңге (27 қарыз алушы) және Ақтөбе облысында – 3,3 млрд. теңге (15 
қарыз алушы) байқалады. Ең аз берілген сома Жамбыл облысында – 153,8 млн. 
теңге  (6  қарыз  алушы),  Қызылорда  облысында  –  279,2  млн.  теңге  (6  қарыз 
алушы ), Маңғыстау облысында – 318,4 млн. теңге (5 қарыз алушы) байқалады .  


 
108 
 
Салалық  тұрғыда  қаражаттың  28,7%  тамақ  өнімдері  мен  сусын  өндіруге 
бағытталған.  Қаражаттың  ең  аз  көлемі  тоқыма,  рәзіңке  және  пластмассадан 
жасалған өнімдер өндірісіне және баспа саласына бағытталған.  
Бағдарламаның  қаражатын  алғашқы  игеру  кезінде  (қаражатты  игеру 
кезеңінде) 
қарыз 
ЖК 
субъектілеріне 
қолданыстағы 
қарыздарын 
қайтақаржыландыруға берілетінін, Бағдарламаның қаражатын екінші рет игеру 
кезінде (қаражатты игеру кезеңі өткен бойда және салымның босаған қаражаты 
есебінен) қарыз ЖК субъектілеріне қолдағы бар негізгі қорды жаңалауға және 
жаңа  негізгі  қорға  ие  болуға,  айналым  қаражатын  толықтыруға  және 
қолданыстағы қарыздарды қайтақаржыландыруға берілетінін айта кеткен жөн.  
Кредиттеу мерзімі- 84 айға дейін.  
Бір қарыз алушы үшін лимит- 750 млн. теңгеге дейін.  
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік мерзімі- 24 айға дейін.  
Қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі: 8,0%-дан аспайды.  
Бағдарламаны  іске  асыру  кезінде  оның  барынша  ашық  жүргізілуін 
қамтамасыз  ету  мақсатымен  жобаларды  іріктеу  ісін  құрамына  қоғамдық 
ұйымдар,  сонымен  бірге  «Атамекен  Одағы»  ҚҰЭП,  Қазақстан  қаржыгерлер 
Қауымдастығы  және  «Нұр-Отан»  ХДП  өкілдерінен  тұратын  «Даму»  Қоры 
жанындағы комиссия жүзеге асырды.  
Қазақстанда  кәсіпкерлікке  қолдау  көрсету  алғашқы  рет  өнеркәсіптің 
өңдеуші  секторына  арнайы  ден  қойып  отыр.  Сондай-ақ  Үкімет  Қазақстанда 
бірінше  рет  қарыз  алушылар  үшін  8%  мөлшерлеме  белгіледі.  Бұл  үкіметтің 
дағдарысқа  қарсы  шаралар  аясында  бұрынырақ  қабылдаған  барлық 
қадамдарының жалғасы болып отыр.  
Бағдарламаның  іске  асырылу  барысында  «Даму»  Қоры  банктер  ұсынған 
тізбеден  ЖКС-і  жобаларын  іріктеу  процессін  ұйымдастырды  және  банктердің 
қаражатты игеруі мен қолдануына әрі қарай мониторинг жүргізетін болады. 
Былтырғы  жылдан  бастап  2009-2012  жылдарға  арналған  «Даму-Қолдау» 
шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілері  мен  ауылшаруашылық  өнімдерін 
өңдеу  және  тамақ  өнімдерін  өндіру  ұйымдарын  тікелей  кредиттеу 
бағдарламасы іске асырылуда. 
Еліміздің  экономикасын  жаңғырту  мәселелері  жөніндегі  ҚР  Мемлекеттік 
комиссиясының  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерін  қаржыландыру 
туралы  (10.02.2009ж.)  шешімін  іске  асыру  мақсатында  және  ҚР  Үкіметінің 
(13.02.2009ж.)  қаулысына  сәйкес  2009  жылдың  16  ақпанда  «Даму» 
кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 3 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлді. 
Бағдарлама  шарттарын  республикалық  және  аймақтық  БАҚ-та  және  Қор 
сайтында жариялау нәтижесінде, сонымен қатар аймақтық мемлекеттік атқару 
органдарымен,  қоғамдық  ұйымдармен  (Қазақстан  қаржыгерлер  ассоциациясы, 
«Атамекен  Одағы»  Қазақстан  Ұлттық  экономикалық  палатасы,  Тәуелсіз 
кәсіпкерлер  ассоциациясы,  Франчайзинг  агенттігі)  және  екінші  деңгейдегі 
банктермен  (одан  әрі  –  ЕДБ)  өзара  әрекеттесу  нәтижесінде,  өткен  жылдың 
бірінші  шілдесінен  бастап  300-ге  жуық  ШОКС  Қорға  кеңес  сұрап,  өтініш 
білдіріпті.  


 
109 
 
Мамандардың  айтуынша,  жалпы  сомасы  40  млрд  теңгеге  дейінгі  143 
жобаны қарастыруға өтініш келіп түскен.  
Келіп түскен өтініштердің ішінен жалпы сомасы 22 464 млн теңгеге сәйкес 
келетін 37 жоба, оның ішінде Қордан бірлесіп қаржыландыру шартымен 12 836 
млн теңге мақұлданған.  
Өткен  жылы  «Даму-Қолдау»  қор  12  жоба  бойынша  жалпы  сомасы  5 584 
млн.  теңгеге  Қарыз  шарттарын/Кредит  желілерін  ұсыну  туралы  келісімдер 
жасасқан.  Оның  ішінде  Қордан  3 254  612  мың  теңге  мөлшеріндегі  қаржы 
бірлесіп игерілген.  
Қолдағы  мәліметтерге  қарағанда,  5  жоба  бойынша  жалпы  сомасы 
1 853 470 мың  теңгеге  қарыз  берілген.  Қалған  1  401  142  мың  теңге  қаражат 
қарыз  шарттарын/Кредит  желілерін  ұсыну  туралы  келісімдерге  сәйкес  2010 
жылы белгіленген мерзім бойынша берілмекші (кесте 18).  
 
Кесте 18 
ШОКС жобаларының экономика салалары бойынша құрылымы: 
 
№ 
Сала атауы 
Жоба-
лар 
саны 
Жобалардың жалпы 
сомасы 
Қор арқылы 
берілген займның 
жалпы сомасы 
мың. теңге 

мың. 
теңге 


Өңдеу өнеркәсібі 
12 
7008009 
31,20% 
4 382 514  34,14% 

Тағамдық азықтар 
шығару 
11 
3914387 
17,42% 
2 314 612  18,03% 

Байланыс және 
телекоммуникация 

4950 000 
22,04% 
1 500 000  11,69% 

А/ш өнімдерін 
өңдеу 

2000 800 
8,91% 
1 454 470  11,33% 

Туризм және 
қонақүй бизнесі 

1557 000 
6,93% 
975 000 
7,60% 

Автосервис 
қызметі 

1135 601 
5,06% 
906 480 
7,06% 

Көлік қызметі 

1200 000 
5,34% 
750 000 
5,84% 

Медициналық 
қызмет 

498443 
2,22% 
453 625 
3,53% 

Білім беру/оқыту 
қызметі 

200000 
0,89% 
100 000 
0,78% 
Жиынтығы 
37 
22464240 
100% 
12 836 
701 
100% 
 
Сондай-ақ,  жалпы  сомасы  16 880  млн  теңгеге  сәйкес  25  жобаны 
қаржыландыру,  оның  ішінде  Қордан  бірлесіп  қаржыландыру  шартымен  9  582 
млн  теңгені  «Даму»  Қоры»  АҚ  өз  қаражаты  есебінен  қаржыландыруды 


 
110 
 
жоспарлап  отыр.  Қазіргі  уақытта  Қордың  ішкі  регламентіне  сәйкес  осы 
жобаларға  сараптама  жүргізілуде  екен,  ал  5  жоба  бойынша  Банктерден  алдын 
ала кепілді хат алынды.  
Бұдан  басқа  ШОБ  субъектілерін  «Даму-Колдау»  қоры  арқылы  тікелей 
кредиттеу бағдарламасын биыл әрі қарай іске асыру туралы кешенді хабардар 
ету жұмысы жүргізілуде. 
ШОКС жобаларын іріктеу кезінде басты басымдық әлеуметтік маңызы бар 
жұмыс орындарын ашатын және аймақ пен қалаларды дамытуды қарастыратын 
жобаларға жасалады (Кесте 19).  
 
Кесте 19 
ШОКС жобаларының аймақтар бойынша құрылымы:  
 
Аймақ 
Жобалар 
саны 
Жобалардың  жалпы 
сомасы 
Қор арқылы берілген 
займның 
жалпы 
сомасы 
 
 
тыс. 
тенге 

тыс. 
тенге 

1. Алматы 
облысы 

9 085 000  40,44% 
4 178 730  32,55% 
2.ОҚО  

3 100 000  13,80% 
1 900 000  14,80% 
3.ШҚО  

2 784 384  12,39% 
1 573 984  12,26% 
4.Алматы қ.  

1 457 000  6,49% 
1 150 000  8,96% 
5.Қостанай 
облысы 

1 228 987  5,47% 
815 672 
6,35% 
6.Астана қ.  

1 123 581  5,00% 
895 480 
6,98% 
7.Жамбыл 
облысы  

750 000 
3,34% 
750 000 
5,84% 
8.Қарағанды 
облысы 

912 020 
4,06% 
385 800 
3,01% 
9.Атырау облысы   1 
675 000 
3,00% 
329 000 
2,56% 
10.Қызылорда 
облысы 

300 000 
1,34% 
280 000 
2,18% 
11.Маңғыстау 
облысы 

150 000 
0,67% 
150 000 
1,17% 
12.СҚО 

425 800 
1,90% 
150 000 
1,17% 
13.БҚО 

161 325 
0,72% 
121 000 
0,94% 
14.Павлодар 
облысы  

211 143 
0,94% 
83 625 
0,65% 
15.Ақтөбе 
облысы 

75 000 
0,33% 
48 940 
0,38% 
16.Ақмола 
облысы 

25 000 
0,11% 
24 470 
0,19% 
Жиынтығы  
37 
22464240  100% 
12836701  100% 


 
111 
 
ҚР  экономикасын  жаңғырту  мәселелері  жөніндегі  Мемлекеттік  Комиссия 
отырысының  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерін  қаржыландыру 
жөніндегі №17-5/И-144  шешімін жүзеге  асыру  мақсатында  және  Қорға  шағын 
және  орта  бизнесті  тікелей  қаржыландыру  үшін  кредит  берілуін  мақұлдау 
жөніндегі  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ  (одан  әрі-Акционер) 
Директорлар  кеңесі  отырысының  №9  шешіміне  сәйкес  «Даму»  кәсіпкерлікті 
дамыту  қоры»  АҚ-на  шағын  және  орта  бизнес  субъектілеріне  осы  Бағдарлама 
негізінде 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлген еді. Қор шағын және орта 
кәсіпкерлік  субъектілеріне  және  ауылшаруашылық  өнімдерін  өңдеу,  тамақ 
өнімдерін  өндіру  ұйымдарына  2009-2012  жылдары  тікелей  кредит  беретін 
«Даму  –  Қолдау»  Бағдарламасын  дайындады.  Екінші  деңгейдегі  банктер 
кәсіпкерлер қарызға алатын барлық сомаға және барлық мерзіміне сөзсіз және 
қайтарып  алынбайтын  кепілдік  берулері  керек.  Қаржыландыру  мерзімі:  2016 
жылғы  қаңтарға,  78  айға  дейін  инвестициялық  мақсатқа  және  36  айға  дейін 
айналым капиталын толықтыруға беріледі. Бір қарыз алушыға берілетін лимит: 
750 000 000 теңгеге дейін. Негізгі қарызды қайтару бойынша және есептелген 
сыйақыны  кейінге  қалдыру  бойынша  жеңілдік  мерзімі:  12  ай.  Қарыз  алушы 
үшін сыйақы мөлшері 12,5%. 
Ірі  кәсіпорындардың  көпшілігі  шағын  бизнесті  өзінің  сенімді  серіктесі 
ретінде санамайды. Сондықтан, ірі ұлттық және жеке компаниялар мен шағын 
және  орта  кәсіпорындар  арасындағы  қарым  -  қатынасты  реттейтін  үш  сатылы 
бағытты ұсынып отырмыз: 
Бірінші саты, қазақстандық ірі өнеркәсіптік кәсіпорыны жылына 500 милн. 
доллар  болатын  20  000  түрлі  тауарлар  мен  қызметтерді  ресей,  қытай,  және 
батыс  елдерінің  мердігерлерінен  сатып  алады.  Осы  себептен  жүйені  құраушы 
компанияларға  қажетті  импорт  алмастырушы  өнімді  өндіруде  Ұлттық  
компаниялар  мен  аймақтардағы  жеке  меншіктегі  ірі  компаниялардың  шағын 
кәсіпорындармен әрекеттесуіне, объективті алғышарттары бар деп айта аламыз.  
Екінші  саты,  тендрді  жеңіп  алған  кәсіпорын  аумағында  бизнес 
инкубаторды ұйымдастыру.  
Ірі  кәсіпорындар  қуатты  негізгі  қорға  ие,  яғни  оларда  қазіргі  талапқа  сай 
құралдар, көлемді, пайдаланылмай жатқан өндірістік алаңдары бар. Сондықтан 
екінші  сатыда  аймақтардағы  өндірістік  әлеуеті  бар  шағын  қалалар  мен 
аудандарда  ірі  кәсіпорындардың  басқаруында  болатын  бизнес  -  инкубатор 
ұйымдастыруды  жүзеге  асыру  керек.  Төмендегі  суретте  тендрдің  өткізілу 
тәртібі берілді. (Сурет 14) 
Үшінші саты, аутсорсинг жүйесін жүзеге асыру болып табылады. 
Аутсорсинг 
концепциясы 
шағын 
және 
ірі 
кәсіпорындардың 
әрекеттестігінің  бір  түрі  ретінде  қарастырылады,  яғни  ірі  кәсіпкерлік 
құрылымда негізгі емес қызмет түрлері анықталып, қолдаушы ұйымдарды ұзақ 
мерзімді тапсырмалармен қамтамасыз етеді. Негізгі тірек берілген қызметтерді 
шағын кәсіпкерлерге беру болып табылады. Аутсорсинг Қазақстан үшін шағын 
және  ірі  кәсіпкерліктің  өзара  табысты  ынтымақтастығы  бойынша  жаңа 


 
112 
 
бағыттардың  бірі.  Ғылым  мен  өндірісті  ұштастырудың  ұйымдық  түлеріне 
технобақтар және технополюстер жатады.  
Қарағанды облысында ғылыми-техникалық идеялар мен интеллектуалдық 
еңбектің  нәтижелерін  іске  асыру  үшін  химиялық  машина  құрылысы  мен 
металлургиялық  өндірістер  мен  байланысты  болатын  ғылыми-технологиялық 
бақ құру тиімді. Себебі, химия өнеркәсібі машина құрылысы және металлургия 
Қарағанды  облысы  үшін  негізгі  салалар  болып  табылады,  сондай-ақ  мұнда 
жеткілікті  мамандар  әлеуеті  қалыптасқан.  Осы  жағдайды  ескеретін  болсақ, 
Қарағанды  облысында  технобақты  жетекші  ғылыми  зерттеу  институтының 
тәжірибе зауыттары (Машина жасау өнеркісібі үшін – «Жезқазғантүстіметалл» 
АҚ) негізінде құру қажет.  
 
 
 
Ескерту- Автормен құрастырылған 
 
Сурет 14. Жүйені құраушы компаниялардың тендрді өткізуі 
 
Жүйені құраушы ұлттық компаниялар 
“Казақмыс 
Корпорацияс
ы” АҚ 
“Қазмырыш”
АҚ 
“Қазатомпро
м” ҰАҚ 
“Қазақстан Темір 
Жолы” ҰК”ЖАҚ 
“Қазмұнайгаз” 
ҰК  
Геологиялық 
зерттеу, тау 
жұмыстары, 
руданы байыту, 
концентратты 
металлургиялы
қ өндеу 
Руда 
өндіруден 
бастап, 
дайын 
өнім 
өндірісі 
Табиғи уран-
ды байыту, 
атом электр 
станциялары
на ядерлық 
отын дайын-
дау, берилий, 
тантал, 
ниобия 
құймаларын 
дайындау 
Көмірсутекті 
шикізат пен 
оны өндеу, 
тасымалдау, 
іздестіру, өн-
діру жұмысы 
мен қызмет-
інің толық 
циклін жүзеге 
асырады. 
Жолаушылар 
мен жүк  тасы-
малдауды, жол-
ды жөндеу, ло-
комативтерге  
техникалық 
қызмет көрсе-
ту, телефон, 
телеграфтық 
байланыс, пен 
12 компания-
ны иеленеді.   
Аймақтық кәсіпкерлікті 
қолдау департаменті 
Өнеркәсіпті шағын 
кәсіпкерлікті қолдау 
бағдарламалары 
Қарағанды обл.  ірі өнеркәсіптік кәсіпорын 


Тендр 



 
113 
 
Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мәселелері 
болып  бәсекеге  қабілетті  өнімдер  алуға  бағытталған  отандық  ғылыми 
сиымдылығы  мол  өндірістерді  дамыту,  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
дайындау  мен  игеру,  сондай-ақ  республиканың  өндірістік  және  ғылыми-
техникалық  мүмкіндіктерін  сақтап  қалу  мен  дамыту  арқылы  ұлттық 
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады. 
Қазақстанның  ғылыми-технологиялық  саясаты  инновациялық  үдерістерді 
белсенді  етуге,  жаңа  технологиялық  үрдістерді  іске  қосуға,  өңдеуші 
өнеркәсіптерде  жаңа  бөліністерді  игеруге,  ұлттық  ғылыми-техникалық 
мүмкіншіліктерді  дамытуға,  ғылым  мен  өндіріс  арасындағы  ажырастықты 
қалпына  келтіруге,  инновация  саласындағы  қызметтерді  ынталандыруға, 
алдыңғы қатарлы шет елдік технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз 
етіп, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. 
Ғылыми-техникалық  салада  кәсіпкерлік  секторды  қалыптастырмай, 
инновация  саласын  дамыту  мүмкін  емес.  Соңғы  жылдар  ішінде  өнеркәсіптік 
өндіріс құрамындағы және еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын 
бизнес  секторының  үлесі  өзгеріссіз  қалып,  сәйкесінше  2,8-3,2%  және  12,0-
14,0%  құрап  отыр.  Бұл  көрсеткіштер  индустриалды  дамыған  елдермен 
салыстырғанда бірнеше есе аз. 
Ірі 
кәсіпорындармен 
салыстырғанда 
шағын 
инновациялық 
кәсіпкерліктердің  дамуына  олардың  бәсекеге  қабілетті  өнім  өндіре  алмауы 
кедергі  жасап  отыр.  Ірі  кәсіпорындар  мен  шағын  кәсіпкерліктердің 
ынтымақтастықтарын  қамтамасыз  ету  үшін  қызмет  көрсету  бойынша  табиғи 
монополиялардың  қызметтерін шағын бизнестің  бәсекелік  ортасына  ауыстыру 
тетіктерін  жасау  қажет.  Сондай-ақ,  шағын  бизнестегі  инновациялық  және 
ғылыми сиымдылығы мол өндірістердің дамуына жағдай жасау қажет, мәселен, 
лизинг  бойынша  жабдықтар  мен  технологиялар  алу  және  франчайзингтік 
қатынастарды дамыту.  
Қазақстандық  өндірушілерге  ғылыми  зерттемелерді  нарықтық  тауар 
деңгейіне жеткізу тәжірибесі, менеджмент маркетинг және талдау салаларында 
білікті  мамандар  жетіспейді.  Сол  себепті  де  қазақстандық  мамандарды  шет 
елдердегі 
алдыңғы 
қатарлы 
ғылыми-зерттеу 
институттарында, 
компанияларында  тәжірибеден  өткізу  үрдісін  қалыптастыру  қажет,  сондай-ақ 
отандық  кадрларды  дайындау  үшін  шет  елдік  білікті  мамандарды  шақыру 
қажет. 
Қазақстан  ғылымының  қазіргі  кезде  көптеген  аяқталған  зерттемелері  бар, 
алайда олар өндірістің сұранысына ие болмай отыр. Бұл үлкен мүмкіншіліктер 
береді  және  оның  іске  асуы  -  инновациялық  қызметті  дамытудың  басты 
міндеттерінің  бірі.  Инновациялық  қызметті  дамытудың  маңызды  факторы 
болып зияткерлік меншікті пайдалану мен оның құқықтарын қорғау табылады. 
Инновациялық  дамудың  базалық  моделінің  негізінде  инновацияның  ішкі 
(өсіру)  және  сыртқы  (трансферт)  қайнар  көздерінің  арақатынастары  жатады. 
Инновацияны  өсіру  стратегиясы  көшбасшы-елдер  АҚШ-қа,  ГФР-ге, 
Ұлыбританияға,  Жапонияға  тән,  бұл  елдер  өзіндік  іргелі  және  қолданбалы 


 
114 
 
зерттеу  жұмыстарына  негізделген  өздерінің  технологияларын  жетілдірумен 
айналысады. Трансферт стратегиясы өзіндік іргелі әрі қолданбалы зерттемелері 
жоқ және осы мақсаттарға арналған шектеулі ресурстарға ие елдерге тән. 
Осылайша,  кәсіпкерлік  қызмет  субъектілерінің  инновациялық  іс-әрекетін 
жетілдіру бағыттары келесілер болуы керек: 

   Мемлекеттің  қатысуымен  кәсіпкерлік  қызметте  мамандандырылған 
венчурлық  қор  құру  және  венчурлық  капиталды  ғылыми-техникалық, 
инновациялық салаға тарту; 

   Инновациялық  қызмет  субъектілеріне  мемлекет  тарапынан  қолдау 
көрсетудің формалары мен әдістерін даярлау; 

   Инновациялық  қызметтің  мемлекеттік,  салааралық,  салалық  және 
аймақтық  мамандандырылған  субъектілерін  құрудан  тұратын  инновациялық 
инфрақұрылым құру; 

   Инновациялық сала үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау

   Өнеркәсіптік кәсіпкерліктің базалық салаларында жаңа технологиялық 
жағдайларды жасау; 

 
Кәсіпкерлік  субъектілерінің  авторлық  құқық,  патент  және  сауда 
белгілеріне  қатысты  барлық  халықаралық  конвенцияларды  мойындау  арқылы, 
яғни,  өркениетті  технологиялар  нарығына  жағдай  туғызу  арқылы  шет  елдік 
технологиялар трансфертін ынталандыру; 

 
Ең  жақсы  әлемдік  тәжірибе  негізінде  отандық  кәсіпорындарды  сапа 
стандартына көшуін тездету

 
Кәсіпкерлік қызметке халықаралық донорлық ұйымдардың гранттарын 
тарту. 
Жоғарыда  айтылғандардың  барлығы  келесідей  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік  береді.  Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  дамуындағы  негізгі 
көрсеткіштерінің  өзара  байланысын  зерттеу  -  жұмыстың  ең  маңызды 
мәселесінің бірі. Сонымен, іздену жұмысында аталған мәселелерді шешу үшін 
ғылыми есептеулер көмегімен шағын кәсіпкерліктің нақты дамуының ұтымды 
дамуына  барынша  жақындатылған  мүмкіндіктерге  жетуге  болатындығын 
дәлелдедік.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
115 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет