Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
Әдебиет
 
1.
Нысанбаев Ә. Қожа Ахмет Иасауидің дүниетанымы мен Философиясы // 
Ақиқат, 1994.№2
2.
Иассауи Қ.А Диуани Хикмет. 
– 
Алматы. 1993
-

3.
Абай Құнанбаев Шығармалар.
2 томдық. 
2-
том 
-194-
195бб. Алматы.1968
4.
Абай Құнанбаев
-
сонда 2т.
-
197б
5.
Абай Құнанбаев
-
сонда 1т.
-
304б
103 


ОӘЖ 
86.38 
«ДИУАНИ ХИКМЕТ» ПЕН «ЖАҺАН НАМЕ» ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ
 
МҰСЫЛМАНДЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ
 
Құлбарақ
 
С.О.
 
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры
,
филология ғылымдарының докторы
Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің 
«Диуани хикметі» мен Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Жаһан наме» поэмасы 
жанрлық тұрғыдан бір
-
біріне мүлде ұқсамайтын шығармалар. Дегенмен бірі ХІІ 
ғасырдың, екіншісі ХVI ғасырдың жәдігерлері саналғанмен, оларды бір
-
біріне 
жақындастыратын ортақ белгілері бар екені де байқалады.
Біріншісі 
– 
авторлардың мұсылмандық дүниетаным жалғастығы десек, 
екіншісі 
– 
екі шығарманың да ежелгі түркі (шағатай) тілінде жазылуы.
Қожа
Ахмет Ясауи туындысының шағатай тілінде жазылуының себебін 
кітапты қазақшаға аударғандардың бірі, белгілі ғалым М.Жармұхамедұлы 
автордың қат
-
қабат қайшылығы мол, күрделі кезеңде өмір сүруімен байланыстыра 
келіп былай түсіндіреді.
«Көшпелі және жартылай көшпелі қыпшақ, оғыз тайпалары отырықшылыққа 
айналып, бұларда сауда мен қол өнері, мәдениет өркендей бастады. Он бірінші 
ғасырда
бұрынғы шағын қыстақ Ясы енді мәдениет орталығы болып, оның Орта 
Азия елдерімен қарым
-
қатынасы арта түсті. Қарақытайлардың Орта Азия мен 
Қазақстанға
басып кіруі Қарахан мемлекетінің құлауына әкеліп соқты. Бұрынғы 
Селжұқ мемлекетінің құрамындағы Хорезм өрлей бастады. Осы тұста қанатын кең 
жайған мұсылман дінінің ықпал
-
әсері біршама
бәсең тартып, өзге діндермен 
терезесі тең болып қалды. Міне, осы тұста жасаған ақын мұсылман дінінің қайта 
өрлеу
мақсатын көздеп, өзінің мәні өшпес, әйгілі мұрасы «Диуани хикмет» атты 
(Ақыл, даналық кітабын) жинағын сол кезде кең тараған шағатай тілінде (көне түрік 
тілінде) жазып таратады. Мұндағы ойы: түсініксіз араб, парсы тілінде жазылған 
Құран
мен мұсылман діні қағидаларын түрік тектес халықтарға кеңінен насихаттап 
түсіндіру еді. Сол талапқа сай ол көшпелі елдің өмірінде елеулі орын алатын 
айшықты өлеңмен жазуды міндет санайды. Бұны шығыс елінде кең тараған 
әдебиеттегі
араб, парсы дәстүрлерінен жергілікті түрік тілінде жазудың алғашқы 
бастамаларының бірі болумен қатар, ислами дін
-
шариғат жолдарын дидактикалық 
мазмұнда поэзия тілімен бейнелеудің де тартымды үлгісі дей аламыз» [1,5].
Яғни, Қожа Ахмет Ясауидің «Даналық кітабының» көпшілікке түсінікті 
жергілікті тілде өлеңмен жазылуы 
– 
түркі халықтарының қабылдауы мен таным
-
түсініктеріне негізделуімен, соларға бағытталуымен ерекшеленеді.
Осы ретте М.Х. Дулатидің «Жаһан наме» поэмасын түркі тілінде жазуы ХІІ 
ғасырда
Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашғари, Жүсіп Баласағұни
кезінен басталған 
түркі тілінде жазу дәстүрінің жалғастығы болды. Шығыстанушы ғалым Ә. 
Дербісәлінің жазғанындай, XIV
-
XV ғасырларда түркі тілінде жазу дәстүрі әлі 
толық қалыптаса қойған жоқ болатын. Сондықтан да Лүтфи, Атаи, Саккаки секілді 
104 


Бабыр мен Мырза Мұхаммед Хайдар шығармаларының тілінде араб, парсы 
тілдерінің элементтері көп кездесті [2,42].
Дегенмен, туған елінен алыста жүрсе де, автордың өз поэмасын түркі тілінде 
жазуы оның өз халқының, туған тілінің шын патриоты, абзал ұлы болғанын 
аңғартады.
«Диуани хикметте» ақын Қожа Ахмет Ясауидің Расул Аллаға, «Он сегіз мың 
ғаламға
даңқы шыққан, Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхамметке (1055, 
1056) шын ғашықтығы, шексіз сүйіспеншілігі жырланған. Шығармадағы «ғашық» 
ұғымының
мағынасы өте кең. Құран сөзіне және мұсылман діні қағидаларына табан 
тіреген автордың «ғашық» ұғымын таратып айтудағы фантазиясы өте мол, 
айшықты және әсерлі болып шыққан.
531. Ғашық болсаң әуел барып хақты таны...
675. Тарихат жолдарының азабы көп,
676. Шын ғашық болмайынша

тәуекел жоқ.
685. Ғашық жолына кім түссе

халі хараб,
686. Жарандардан жол мәнісін білдім міне, 

деп тереңнен толғанған ақын 
«ғашық жолының» мейлінше ауырлығын, онда жарым
-
жартылай, көңілдің 
алалығы дегеннің мүлде болмайтынын алға тартады. Сондай
-
ақ

туындыда 
«ғашық» ұғымына қарсы мәнде «жалған»
ұғымы жиі қолданылады. 34. «Құран 
оқып бойұсынбас жалған ғалым» деп ой түйген ақын 81. «Жалған атақтан арылып

сәби болдым» деп көңіл қошын білдіреді. Автордың бұл арада «сәби болдым» 
деуінде ой
-
санасының тазаруы мен жаңаруы метафоралық тәсілмен берілген.
Хақ 
жолын, ғашық жолын таңдаған Ясауи жалған деген нәрсеге соншалықты 
ымырасыз. 131. «Жалған ғашық сопы көрдім, оны сөктім», 239. «Жалған ғашық пен 
шын ғашыққа куә болдым», 240. «Сол себептен хаққа сиынып келдім міне» дейді 
көңілінің шындығын ашып. Оқушысы мен тыңдаушысын 1445. «Жалғаншыға 
жаннат жоқ олда
-
білда», 1446. «Жалған сөйлеп, имансыз болып кетпе, достар» деп

жалғанның ақиреттегі зардабынан сақтандырады. 
Жалпы, Ясауидың шын ғашық пен жалғанның ара жігін ажырата 
сипаттауынан оның мұсылмандық дүниетанымы, биік гуманизмі айшықтала 
түседі.
Шығармада автор шын ғашықтың сипатын әр қырынан ашып, таратып айтады.
695. Шариғат дүр ғашықтардың әпсанасы,
696. Білгір ғашық тарихаттың дүр данасы.
889. Нұр дидарын ғашықтарға уәде қылды,
890 Ғашық жолына жаным қиып
жүрдім, міне.
891. Шын ғашықты Аллам сүйіп пендем деді,
892. Орта жолда қалмасын деп қамын жеді.
907. Нәпсіден безіп шын ғашықтар Алла деді... 
– 
дейді ақын.
105 


Ясауи хикметтерінде шын ғашықтық мұсылмандық дүниетанымның шырқау 
биігі болып суреттеледі. Ол мұсылмандықтың бүкіл шарттарымен 
– 
шариғат, 
тарихат, хақиқат, мағрипатпен тікелей байланысып астасып, соның жиынтық 
биігіне айналады. Сондықтан ойшыл ақынның пайымдауынша

шын ғашықтың 
жолы 
– 
қиын жол, бірақ ізгілікті жол. Оның мұраты да асыл. Сол себепті де ол бар 
өмірін, мұраты мен ділін соған арнайды және өзгелерді осыған шақырады.
1155. Ғашық жолына пана болар құдай бар,
1156. Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар.
1157. Қолым жайып дұға қылам, уа, Жаббар,
1158. Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар

1159. Ғашық болсаң күйдіреді жан мен тәнді,
1160. Ғашық болсаң, ойран қылар дүние, малды.
1161. Ғашық болмай жаным болмас, Алла, сені,
1162. Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар.
1171. Ғашық дертін көтердім, дәрменім жоқ,
1172. Ғашық жолында жан бергеннің арманы жоқ.
1173. Осы жолда жан бермеске амалым жоқ,
1174. Не қылсаң да

ғашық қылғыл, пәруардігар.
Ақынның айтуында, шын ғашықтың мұраты 
– 
Алланы тану. Бір және Барым 
деп қабылдау. Нұр дидарын көруге бар ынта
-
ықыласымен бет бұру. Ал

Дидар көру 
– 
шын ғашықтың биік межесі, сатысы болып табылады. Сондықтан да ақын 
ғашықтың сыр
-
сипатын, мол мүмкіндігі
мен шексіз кеңістігін оқырманына әр 
қырынан, мейлінше кеңінен жырлап жеткізеді. 1223. «Ғашықтары қызық дүкенін 
тұрса құрып», 1224. «Иншалла, дозақ қашар одан қорқып». 1233. «Шын сүйгеннің 
көңілі жарық болса», 1234. «Ғашық жандар жаратқанға ұшар, достар» дейді. 1447. 
«Дүние
-
мүлікті тәрк етпей көрмес дидар», 1448. «Дидар көрем деген ғашық жанын 
қинар». 1449. «Ондай ғашық ақырында көрер дидар», 1450. «Дидар көрмей Алла 
сырын шашпа, достар» дейді ақын.
Ясауи туындысының бүкіл бітімі осылай өрістеп дами береді. Хақ жолына 
берілген мұсылманның жан дүниелік философиясы, дүниетанымы шығармада жан
-
жақты сипатталады. Әр хикметтің соңы автордың өзіне қарата ой қорытуымен 
аяқталады. Онда ол өзін үнемі «Құл Қожа Ахмет» деп

қанағаттанғандық сезіммен 
атап отырады. Осыншама білімдар, жан дүниесі таза, ғашық адамның өзін 
Жаратқанның алдында «Құл» деп атауы қарапайым оқырманға айрықша әсер етеді. 
Ол өзін «құлмын» деп атағанда, «біз кімбіз?» деген сұрақ көпшіліктің көңілінде 
тұрады. Шығарма табиғатының зікір айтуға құрылғанын сөздердің қайталанып 
келуінен, өлеңдегі ырғаққа, дыбыс әуезділігіне, ой қайталауына баса мән 
берілгенінен байқауға болады. 
Поэманың басты құндылығының
бірі 
– 
автордың өз өмірінен мәлімет беріп 
отыруы. Қазақ поэзиясындағы адамның жас мөлшерін бөліп
-
бөліп суреттеу 
дәстүрінің бастапқы және толыққанды нұсқасын Ясауи шығармасынан байқаймыз.
Шағын шолуда «Диуани хикметтің» барлық мазмұндық
-
идеялық, стильдік
-
көркемдік ерекшелік
-
сипаттарын түгендеп айту мүмкін емес. Туындыда айтылатын 
106 


әр
ұғымның, уағыздың ар жағында Құран хадистері мен аяттарынан бастау алатын 
дүниетанымдық
-
философиялық терең мән болатыны сөзсіз. Ал оны таратып, 
бүгінгі өмірмен байланыстырып айту 
– 
өз алдына үлкен желілі әңгіме.
«Диуани хикметтен» соң 300
-
400 жыл соң жазылған Мырза Мұхаммед 
Хайдардың «Жаһан наме» поэмасынан мәтіндік, сөзбе
-
сөз жақындықты іздеу, 
әрине, артық болар. Дегенмен, жалғасып жатқан мұсылмандық дүниетаным 
сабақтастығын жақсы
аңғаруға болады. Ежелгі мұсылман Шығыс әдебиетінің 
дәстүрінде Жаратушыны, Мұхаммед пайғамбарды, оның жақын серіктерін жырға 
қосу, шығарманың жазылу тарихын баяндау, автордың өзі жөнінде мәлімет беру 
қалыптасқан

Осы ретте «Жаһан наме» поэмасының 1
-
14 бәйіттері
Аллаға мадақ айтуға 
құрылған. Онда ешкімнің ісі Алладан жасырын еместігі, оның алдында бәрінің 
бірдей болатыны, оның себебінсіз ешнәрсенің орындалмайтындығы және кім
-
кімге 
де, не нәрсеге де оның құдіреті жететіндігі, бұл фәнидің жалғандығы, зауал 
болмаса, бұл жаһан адамға толып кететіндігі, осының бәрі Алланың құдіретімен 
жүзеге асатыны айтылады.
Алла 
– 
«Диуани хикметте» де, «Жаһан наменің» мадақ жырында да Ұлы ұғым, 
оның құдыреті шексіз болып сипатталады.
Автор «Жаһан наме» поэмасының оқиғалық желісінде Алланың шексіз 
құдыреттілігін
образдар тағдыры арқылы бейнелейді. Енді соның кейбір 
мысалдарына тоқталып өтелік.
Ерте заманда Шаһсауар патша болыпты. Екі жүз жасқа жақындаса да, перзенті 
болмапты. Мұхаммед Хайдар кейіпкерінің ішкі көңіл
-
күйін: «Тілер еді Алладан 
дайымы ол әзіз, Иіп жерге басын, болып уақ тамшы» деп суреттейді. Патшаның 
тілек
-
зарында шындық бар болатын, ол жан
-
жүрегімен армандайтын. Бұдан кейінгі 
оқиға түйінін ақын: «Болып ақыры Алланың қайырымы жар, Оған берді перзент 
Паруардигар» деп қайырады. Перзенттің атын Фируз шаһ қояды.
Шығарманың басқы бөлігіндегі осы көркемдік детальдан автордың 
мұсылмандық дүниетанымы көрініс береді. Шын ниетіңмен, бар діліңмен Алладан 
тілек тілесең, сенің тілегің қабыл болады дегенді автор Шаһсауар патша зары 
арқылы білдірген. Бұл желі қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе

эпостық 
жырларда жиі кездеседі.
Осындай мұсылмандық дүниетаным белгісі «Жаһан наме» поэмасының бүкіл 
сюжетінде көрінеді. Автор кейіпкерлер арасындағы байланысты, болмаса 
кейіпкерінің
басындағы әр алуан күйінішті
-
сүйінішті халді суреттеуде, 
кейіпкерлерінің арасында болған тартыста шешуші байламды айтуда, тағы басқа 
жайларда кейіпкерлердің Аллаға қатысты ниет
-
тілегін, тазалығын, шын 
берілгендігін бірінші кезекке қоя суреттейді. Сондықтан бұл сипатты шығарма 
табиғатынан көрінген басты ерекшелік деп қабылдаймыз.
Фируз шаһ түс көріп, түсінде «жүзі ай, көзі шолпан, бойы камшат» бір 
перизатты кезіктіріп, оған есінен тана ғашық болып оянады. Бұрын үнемі көңілді 
болатын оның бұл халін ешкім түсінбейді. Автор кейіпкерінің өз ортасынан тыс 
ерекше жайын: «Көрінбей, көрінеді әбіржулірек, Сақтағай өзінің панасында Хақ» 
деп бейнелейді. Кейін басындағы халді досы Фируз Рай білгенде оның себебін 
досы: «Амал қанша, бұл әрине Алланың ісі, Бұл шаһзада Фируздың жаны ғой» деп 
107 


бөліседі. Сөйтіп досының ойлана келе Фируз шаһқа айтатын кеңесі: «Сабыр етумен 
өмір
сүру керек, Салып тәңірге істі көру керек», «Хақтан нәсіп болған болса ол ай, 
Өз
ретімен көрсеткені ғой құдай» деп ешнәрсенің себепсіз болмайтынын меңзейді. 
Оған
«Төзім қылайын кәсіп, сабыр етейін, Көңіл үйін қайғыдан бекітейін» деп 
жауап берді Фируз шаһ.
Осы сюжеттік байланыста адамдық қасиеттің басты белгілерінің бірі 
– 
төзім, 
сабыр мәселелері алға шығады. Сабыр, төзім мәселесі Қожа Ахмет Ясауидің 
«Диуани хикметінде» де кеңінен айтылған: «Құдай тілек бермесе сабыр қылғыл, 
Хақтан естіп бұл сөздерді айттым, міне» деп толғанған ойшыл ақын «Ғашық оты 
өртеген
дерті зорлар, «Қайдасың?» деп жүрек
-
баурын езіп тынар», «Қайдасың?» 
деп, «Қайдасың?» деп ғашық айтар,
Махаббатқа сабыр қыл деп машық айтар» 
дейді. Сөйтіп сабыр, төзім қандай жағдайда мұсылманның асыл қасиеттерінің бірі 
екені «Диуани хикметте» де, «Жаһан намеде» де осылай сипатталады.
Фируз шаһ Иран бағына жетіп, түсінде көрген ғашығы Назбоймен кездесіп, 
оның қойған шартын орындауға бел буғанда тағы да: «Шаһрийар айтты: «Қандай 
шартың бар, ей Назбой! Айт, Хақ бақыт жаққа бұрса жүзін. Орындауға бел 
буғанмын 
– 
арманыма жетуге» дейді.
Шығарма ішінде қосымша сюжет болып көрінетін, бірақ басты кейіпкерлердің 
мінезін ашуда айрықша қызмет ететін «Тақтың», «Үлкен бокалдың», «Білте 
шамның» әңгімелерінде, соған орай жауап ретінде айтылатын «Фируз шаһтың 
әңгімелерінде» мұсылмандық дүниетаным, не нәрсе болса да, Алланың 
бұйрығымен жүзеге асатыны, Аллаға шын берілген ғашықтың тілегі 
орындалатыны, тағы басқа мәселелер әсерлі баяндалады.
Соның бір ғана мысалына 
– 
«Тақтың әңгімесіне» орай жауап ретінде 
айтылатын Фируз шаһтың әңгімесіне тоқтап өтелік. Төрт жолаушы келе жатқанда, 
күн батып кетіп, ескі рабатқа түнеуге мәжбүр болады. Қауіпті болғандықтан, түні 
бойы кезекпе
-
кезек күзетте болады. Өнерлі ұста рабат ішінен бір тақта ағашты 
көріп, одан алқызыл жүзді мүсін жасайды. Тігінші өз кезегінде, ағаш мүсінге жібек 
матасынан лайықтап киім тігеді. Зергер жүзік, білезік соғып, тағып

сұлулығын 
одан сайын арттыра түседі. Таңсәріде кезек молдаға келеді. Төрдегі ғажайып 
мүсінді көріп, менде мұндай өнердің бірі де жоқ деп қапаланады.
Болып содан сол сәт молда мұңлы,
Таһарат етіп келіп ол тап
-
таза боп.
Өтеп
екі ракат намазын ол содан,
Көзінен ағызып жасын селдей.
Басын иді де жерге деді: «О, Жаратқан!
Сенің ұлылығың алдында әр нәрсе айқын, 

дей келіп, шөміш ұстасының, 
тігіншінің, зергердің өз міндеттерін мінсіз атқарғанын, ертең олардың көңілдері 
шат болатынын білдіріп, өз басындағы мұңын, тілегін Жаратқан иеге бағыттайды.
Мені мұңайтқан өзге өнер білмедім,
Әлем
кәсіптеріне құштарлық етпедім.
Құштар
болдым ғылым Құранына,
Көңіл қойдым әмір, пәрменіңе.
108 


Бұл күндері бәрі өнерпаз болып,
Өнер
көрсетіп оған қуанышты болып.
Бұлардың арасында мен өнерсіз,
Болып қалсам, ей, сұраушы Хүкімдер!
Ұятқа
қалсам қолымнан іс келмей,
Не істеймін онда, қайтемін?!
Құдыретті
сөзіңнің құрметі үшін,
Толық бітіп бұл сұлу мүсін суреті.
Қарап
тұр сенің әмір, ихсаныңа,
Тұр қарап ізгі пәрменіңе.
Жанды сый етсең, көркем,
Болып бұл сұлу мүсін, мен дағы тәкаппар.
Болып, табар едім көп абырой,
Айта алмас еді олар түк те сөз».
Молда осылай мұңлы болып, 
Басын иді жерге тілек етіп.
Қамқорлық
қылып Жаратқан мейірімді,
Рұхсат беріп еді тілегіне сол сәт.
Алланың
сақилық бұлтынан бір самал есіп,
Тауып ол мүсіннің мұрны хош иіс.
Кіріп жан, түшкіріп жүріп кетті,
Таң атып, шығып күн, жарқырады жаһан.
Ертеңіне серіктері ұйқыдан оянып, сұлуға таласады. Әрқайсысы сіңірген өз 
өнерлерін
айтады. Шығармадағы шарт бойынша Назбой қыз қол тигізбей оянып, 
Фируз шаһтың жұмбағына орай сұлу мүсін қыздың кімге тиесілі екенін баяндайды. 
«Болар ол пері жүздіге молданың хақы, керек болса молдамен болар көркі». «Хақ 
сақтап өз ілімінің құрметін, Орындапты оның тілегін!» дейді. Сюжеттің финалында 
Жаратқан иеге шын жалбарынып, тілегін тілеп, бойын таза ұстаған, мұсылмандық 
шарттарын толық орындаған молданың мерейі
үстем болып көрінеді.
Мұндай көркемдік шешім шығарманың өзге сюжеттерінен де байқалады. 
Қандай
да тағдыр ісі болмасын, Алланың жазуымен болады. Сондықтан да 
шығарманың өн бойында осы сарын оқырманын ойлантып, кейіпкерінің аса қиын 
жағдайында бірде жәрдемшісі, бірде қорғаушысы болып танылады.
Қай
кезеңнің шығармасы болмасын, өз дәуірінің психологиясымен, 
қабылдауымен
тікелей байланысып жатады. Біз де «Жаһан наме» шығармасы 
109 


арқылы XV
-
XVI ғасырдағы мұсылмандық дүниетаным мен сенімді, оның адамның 
тұрмыс
-
тіршілігіне ықпалын байқаймыз.
Кеңестік дәуір кезінде санадан күштеп ығыстырылған мұсылмандық сана мен 
дүниетаным қазіргі уақытта қайта орнығуда. Ендігі көркем шығармаларда бұл 
үдеріс
бірте
-
бірте өз бейнесін табуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет