Республикасының білім және ғылым министрлігі


М.Х.ДУЛАТИ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
М.Х.ДУЛАТИ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
 
 
Абдуалы А.Б.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры
,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор
Әлемдік
жаhанданудың пәрмені мен бәсекелестігі ұлттық мемлекеттерден 
саяси, әлеуметтік
-
экономикалық дербестікті нығайтумен қатар, рухани 
тәуелсіздікті, ұлттық құндылықтарды сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді
талап етуде. Сондықтан да әлемде дамыған, бәсекелестікке қабілетті 
мемлекеттердің қатарына біз тек озық технология арқылы ғана емес, ұлттық 
бірегейлігімізбен де танылу арқылы қосылуымыз қажет. Тарихи санасы мен 
ұлттық
құндылықтарын
дәріптемейтін
этностың бүгінгі жаһандану үрдісінде 
жұтылып кету қаупін өткен
және бүгінгі әлемдік үрдістер көрсетіп отыр. Бұл кері 
үрдіске
қарсы қояр қалқанымыз 
– 
ұлттық бірегейлігімізді сақтау, ұлттық 
құндылықтарымызды
ұлықтау, дамыту және жалғастыру болмақ. Осы мақсатқа 
жету үшін ұлттық тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүниетанымды, 
рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы, сананы рухани
құлдыраудан
рухани өрлеумен құтқаруға ұмтылуымыз қажет. Бұл туралы 
Елбасы «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, 
өзіміздің
мемлекеттігімізді ұзақ
уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық 
руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», 

деп атап өткен болатын [1, 296 
б.].
Адамзат тарихының барлық кезеңдерінде тарихи жадыны сақтап, 
жалғастыру ісі халықтың рухани мұрасы ретіндегі оның тілі, діні, ділі мен салт
-
дәстүрі заманның алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғұламаларының еңбектері 
арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін әлемдік 
жаһанданудан туындап отырған мәселелерді ескеретін дәстүрлі рухани
-
адамгершілік құндылықтарға негізделген тиімді ұлттық даму моделін табуымыз 
қажет. Бұл жерде өмір энциклопедиясы болып табылатын халық ауыз 
әдебиетімен
қатар, ортағасырлық ғұламалардың шығармаларының алатын орны 
бөлек. Сондай бай мұралардың қатарына ұлтымыздың мәдени және тарихи 



дамуында бірегей орны бар дара ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих
-
и 
Рашиди» еңбегі. ХVI ғасырда өмір сүрген ірі мемлекет қайраткері, тарихшы, 
ақын, әрі қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің парсы тілінде жазылған 
«Тарих
-
и Рашиди» еңбегі мен түркі тілінде жазылған «Жаһан
наме» сияқты 
еңбектері Парсы, Үндістан, Пәкістан, Батыс Еуропада ертеректен кеңінен 
танымал болғанымен, империялық солақай саясаттың салдарынан өз елінде 
көпке дейін тарихи танымнан тыс қалып келді. Мемлекетіміздің Қазақ хандығы 
кезінде жазылғандықтан, «Тарих
-
и Рашиди» 
– 
бұған дейінгі әртүрлі
деректермен 
салыстырғанда қазақ халқының тарихынан, мемлекеттілігінен құнды
нақты 
деректер беретін алғашқы жазба деректерінің бірегейі. Тәуелсіздік жылдары 
отандық және әлемдік зерттеушілер «Тарих
-
и Рашиди» төңірегінде көптеген 
құнды
еңбектерін 
жариялап, 
үлкенді
-
кішілі 
ғылыми 
форумдар 
ұйымдастырылды. Алайда, М.Х.Дулати «Тарих
-
и Рашиди» еңбегінде Орталық 
Азия, Тибет, Кашмир, Иран және Ирак жерлерін мекен еткен халықтар мен 
мемлекеттердің 1346
-
1546 жылдар аралығындағы тарихын нақты деректер 
негізінде баяндауымен қатар, халықтардың, соның ішінде, түркілердің 
дүниетанымдық және рухани

адамгершілік тұрғыдан берген
сипаттамалары күні 
бүгінге дейін толық көлемде зерттеле қойған жоқ.
М.Х.Дулати: «Қасиетті ғылым барлық елдерге ортақ, әлем халықтары осы 
ғылым
негіздерін бірдей қолдана отырып, өткен тарихтан қисса, хикаялар, аңыз
-
әңгімелер
айтады және оларды тарихи дерек ретінде пайдаланады. Әсіресе, түрік 
халықтарының тіршілігін жазуға аңыз
-
әңгімелер негіз болған. Сондықтан, мен 
құдайдың құлдарының бірі, әрдайым бір Алланың құзырына ғана мұқтаж 
Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хұсейін гурган, ел ішінде Мырза Хайдар 
атымен танымал болған пақыр мүмкіндігімнің аздығы және білімімнің кемдігіне 
қарамай, осы зор жұмысқа ден қойған. Дәл осы дәуірде моғол хандары өздері 
жаулап алған елдерден, мемлекет басқарудан, биліктен шеттеп, қол үзе бастады, 
сол себептен олардың ішінен [ешкім] тарихын жазған жоқ еді. Моғолдар қазір де 
сахараны мекендеуде. Даңқты, гүлденген дәурен тек ауыздан
-
ауызға айтылып 
келе жатқан тарихи аңыз
-
әңгімелерде ғана сақталып қалған. Ал бүгін, 951 (1544

1545) жылы, ол хикаяларды, аңыз
-
әңгімелерді есінде сақтап қалған адам кемде
-
кем. Егер де мен батыл түрде осы маңызды іске бел шешіп кірісіп, бет бұрмасам 
моғол хандарының шежіресі тарих бетінен мүлдем жойылып кетеді
-
ау деген 
жүрек лүпілі еді бұл» [2, 40 б.]. Ұлы бабамыздың осы бір пайымы бір жағынан 
оның бай дүниетанымын, мемлекетшілдік көзқарасын көрсетіп отыр. Бұл 
– 
Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясын басшылыққа алған Ұлы Дала перзенттерінің 
бүгінгі басты ұстанымы. Тарихи сабақтастық
дегеніміз 
– 
осы. М.Х.Дулатидің
бай мұрасы, қалдырған рухани құндылықтарының Тәуелсіз Қазақстанның қысқа 
уақыт ішінде әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуындағы қол жеткен 
жетістіктерімен, жеңістерімен үндестігі

Жалпы М.Дулати еңбегінде ізгілікті қоғамның басты принциптерінің бірі 
– 
әділеттілік мәселесіне өте көп көңіл бөлінген. Ол

«Мемлекет беріктігінің негізі 
– 
әділеттілік», 
– 
деп жазады [2, 412 б.]. Еңбектің атының «Тарих
-
и Рашиди» яғни, 
«тура жолмен жүрушілердің тарихы» деп аталуы да кітапта әділеттілік, келісім, 
әділ
билік, әлсіздерге жанашырлық және қамқорлық сияқты рухани
-
адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алғандығын көрсетеді.
Рухани құндылықтарды құрайтын басты сипатының бірі 
– 
ислам діні қазақ 
даласына VІІІ ғасырдан бастап енген. Исламның жалпы ұлттық дінге ие болғанға 
10 


дейінгі кезеңдер ішінде қазақ хандығы тұсындағы діни ахуалдар туралы 
мәселелерге де үлкен мән берілген. Діннің
негізгі міндеті 
– 
адамгершілік 
қасиеттерді
тәрбиелеу болса, Ясауи ілімі де кемел адамды жетілдіру ретінде 
түркі дүниесінде ерекше бағаланып келеді. М.Дулати еңбегінде дәл осы таным 
кеңінен насихатталады. Белгілі зерттеуші В.Поляков 
«
Ұлы
бабамыздың
әдебиетке Алла образы мен Ислам құндылықтарын енгізе отырып, әміршілердің 
әрбір
қадамын шариғатпен имандылық талаптарына орай өлшестіре 
пайымдаған» 

деп
бағалауы осының айғағы. Ислам дінінің тазалығы жолындағы 
ұстаным: «... әрбір мұсылман кейде хақ тағаланы еске
алады. Мұсылманды 
былай қойғанда діннен жат біреулер де кейде құдайды еске алады. Сол үшін ол 
адамдарды дәруіш деуге келмейді, өйткені кейде (құдайды) еске алған 
адамдарды дәруіш деп санасақ, онда Құдайды еске алған барлық адамдарды 
дәруіш деп санау керек. Ал, шын мәнінде бұлай емес. Себебі, кімде
-
кім 
дәруіштік жолға басса, біріншіден, шынайы тәубе етуі керек. Яғни, сыртқы 
жүрісін және ішкі дүниесін тазарту керек, бұл кемелденуге жету жолының 
шарты болып табылады. Әрі кемелге жеткен мүршидтің талапкерлерге өсиеті 
болмақ»,
– 
деп білдіреді [2, 446 б.]. Өз бойына осындай рухани нәрді сіңіре білген 
Мұхаммед Хайдар мырза бабамыз Кашмир қаласында билеуші болып 
тұрғанында діннің тазалығына үлкен мән беріп, негізінен исламның ханафи 
мазхабын тұтынатын кашмирлік тұрғындардың
арасына «нұрбах

шылық», 
«шамасин» сияқты «күмәнді» діни секталарды жергілікті оқымыстылармен 
пәтуаласа отырып, әшкерелеп, тойтарыс бергенін, сондай
-
ақ жергілікті 
сопылардың адал мен арамды, шариғат пен тарихатты ажырата алмай, күпірлікке 
бой ұрғанын ашына жазады [2, 475
-
476 бб.].
Ендеше діннің тек сыртқы формасына ғана баса мән беретін қазіргі жат 
ағымдармен күресте М.Дулатидің
мұрасын кеңінен насихаттап және 
пайдалануымыз 
қажет. Әсіресе
кәпірлік пен жат ағымдарға, надандық пен 
білімсіздікке қарсы күресуде Ислам дінінің басымдықтарына ерекше мән берген. 
«Осылайша Ислам нұры имансыздық түнегіне жарық сәулесін шашты» 

деп 
жазды, моғол ханы Тоғлық Темір тұңғыш рет қабылдаған ислам діні кәпірлік пен 
имансыздық, қараңғылықты жарық сәуле күніне айналдырды деп 
тұжырымдайды. Ұлы баба шығармашылығындағы дүниетанымдық 
көзқарастардан қазақтың ұлттық ойлау жүйесімен рухани сабақтастықтың ізі 
айқын байқалады. «Тарих
-
и Рашидиде» еңбегінде Қазақ хандығының 
құрылуымен
қатар, қазақ халқының тұрмыс
-
тіршілігі, әсіресе оның көшпелі 
тұрмысына байланысты жайттар кеңінен сипатталады. Батыс ғылыми әлемінде 
«номадология» аталатын арнаулы саланың кеңінен таралуы еуропалық 
зерттеушілер мен ғалымдардың көшпенділік феноменіне жаңа дүниетанымдық 
бағдар ретінде қызығушылық таныта бастағанын аңғартады. 
Көшпелі
өркениеттің негізгі құндылықтарын ұлықтау 
– 
ұлттық 
құндылықтарымызды
дәріптеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Хайдар
Дулатидің
көшпелі
қазақтардың
психологиясы
жайлы
жазғандарын
осы
тақырып
төңірегіндегі
алғаш
айтылған
түйіндер
деуге
әбден
болады.
Автор
дала
халқының
ерекшеліктерін
былайша
тізбектейді
«...бізде
сирек
ұшырасатын,
қымбат
заттар
жоқ,
дүние
жиһаздарымыз
да
көп
емес.
Ең
басты
байлығымыз
– 
жылқы,
оның
еті
мен
терісі
– 
біздің
ең
тәуір
тағамымыз
бен
киіміміз...».
Көшпенділер
үшін
жылқы
малының
қандай
орын
алатындығын
жазбаған
қазақ
ғұламалары
кемде
-
кем.
Дегенмен,
Мұхаммед
Хайдардың
суреттемелері
бәрінен
11 


де
жоғары
тұр.
Хайдар
Дулати
көшпелі
халықтың
психологиясы
жайлы
айтқан
түйіндерін
ары
қарай
жалғастыра
келіп,
«жерімізде
бау
-
бақша
да,
ғимараттар
да
жоқ
біздің
көңіл
көтеретін
жеріміз
– 
малдың
жайылымы
мен
жылқы
үйірі,
сондықтан
біз
жылқыға
көзіміз
тоймай,
қызыға
қарап
тамашалаймыз,
өйткені
дала
адамдарына
жылқысыз
өмір
жоқ
– 
қараң
қалған
өмір...
Ол
көшпенділер
үшін
шөлдесе
– 
сусын,
ішсе
– 
тамақ
»,- 
дей
келе,
қымыздың
маңызына
да
ерекше
тоқталады
[2, 386 бб.].
Дәстүрлі түркілік дүниетанымға тән бұл принциптер мен ерекшеліктер 
Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығының өн бойын алып жатыр және 
оның әлем мен адамға деген дүниетанымдық түсініктерінің өзегін құрайды. 
Түркі ұлы тұлғалары саяси
-
әлеуметтік дамудың барысында болып тұратын 
қайшылықтарды
даналық келісімдік пен жауынгерлік әдіс
-
тәсілдер
арқылы
шешіп отырған. Рулық, тайпалық сананы
ұлттық дәрежеге дейін көтеріп

соның 
негізінде ортақ дүниетанымға, дәстүрлі әдет
-
ғұрыпқа, тәртіп пен заңға 
бағынатын түркілердің орта дүниесін

мемлекетін құруға ұмтылуды үнемі 
байқауға болады. «Тарих
-
и Рашидидің» екінші дәптеріндегі «Кітап авторына 
қатысты
оқиғалар жайындағы әңгіме» деп аталатын тоғызыншы тарауы, он 
бесінші тарауы, отыз бірінші тарауы, «Қазіреті Мәулана Мұхаммед Қази 
жайындағы әңгіме» деп аталатын он алтыншы тарауы, «Қазіреті Мәулана 
Мұхаммед Қазидің керемет қасиеттері жайындағы әңгіме» деп аталатын отыз 
бесінші тарауы, «Қожа Тажаддин және оның ата
-
тегі жайындағы әңгіме» деп 
аталатын жетпіс екінші және жетпіс үшінші тараулары, Қазіреті Қожа Нұран 
туралы сексен екінші 
– 
сексен алтыншы тараулар, «Кашмирдегі ислам дінінің 
жайы жайлы» деп аталатын жүзінші тарау, «Кашмирдің діни сектасы жәйлі» деп 
аталатын жүз бірінші тарау және т.б. автордың діни
-
философиялық 
көзқарастарынан, оған ислам дінінің қаншалықты ықпалы болғанын дәлелдейді 
[3, 70 б.].
Осы орайда М.Дулатидің әлем, адам, қоғам мәселелеріне қатысты 
философиялық көзқарастарына
бұл ілімдердің зор ықпал еткенін, оның 
дүниетанымы мен әл
-
Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұни, М.Қашқари дүние 
танымындағы сабақтастық жалпы қазақ даласы ойшылдарының көзқарастарына 
осы рухани дәстүрлердің үлкен әсер еткенін, басты қайнарының бірі болғанын, 
осы тарихи
-
мәдени сабақтастықтың қазіргі кезеңге дейін сақталып келгенін атап 
өту
қажет.
Қорытындылай
келе, ұлттық мұрасы мен рухани дүниетанымы тамырлас,
түбі бір түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқының рухани бастауының 
қайнар
көздерінің
бірі Мұхаммед Хайдар
Дулатидің
еңбектерінде Ұлы дала 
ойшылдарына тән дәстүрлі дүниетаным мен мәдени
-
тарихи үндестік жалғасын 
тапқан. Ертеден басталған бұл рухани сабақтастық жалғасы ойшылдың 
шығармашылығынан да, қазақ халқының ұлттық құндылықтар жүйесінен
де 
айқын аңғарылады. Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі және болашақ 
ұрпақтарының
бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамыту мен тарихи сананы 
қалыптастыру барысында М.Дулатидің
шығармаларындағы әлеуметтік
-
адамгершілік үлгідегі өсиеттері мен рухани мұрасын терең насихаттап, әрбір 
қазақстандықтың
бойына сіңіріп, игілігіне жарату
– 
бүгінгі
күннің өзекті
құнды 
уақыт талабы.
Ұлы баба
мұрасы жас ұрпақты ізгілікке, жүрек пен жанның 
тазалығына, білімділікке, имандылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, 
12 


әсемдік
пен әдептілікке тәрбиелеп, тұлғалық қасиеттер қалыптастыруға өзіндік 
үлесін
қосады, қоғамды ізгілікке меңзейді. 
Басты мақсатымыз 
– 
рухани құндылықтар арқылы бүгінгі және келешек 
ұрпақ
бойында ұлттық, жалпы адамзаттық озық дәстүрлерге үйлескен 
моральдық қасиеттер
мен көзқарастарды қалыптастыру. Олар 
– 
ана тілін, ұлттық 
дәстүрін, діні мен ділінің тұтастығын сақтап, тарихы мен танымының қайнар 
көздерін меңгерген, білімді, мәдени
-
рухани арналарды дамыта алатын бүгінгі 
Тәуелсіз Қазақстанның толық адамы болуы қажет. Ұлы Абай айтқандай, «Ақыл, 
қайрат, жүректі бірдей ұстаған толық адам болу 

негізгі ортақ міндет пен 
мақсат». Нағыз ұлттық рухани құндылықтарды меңгерген ұрпақ Мәңгілік Елдің 
нағыз азаматы болатындығы анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет