Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

Әдебиеттер

1.
Назарбаев Н. Тарих толқынында. 

Алматы: Атамұра, 1999. 
– 
296 б.
2.
 
Дулати М
.
Х

Тарих
-
и
 
Рашиди
. – 
Алматы

М
.
Х

Дулати қоғамдық қоры

2003

– 
616 бет

3.
Қазақ
философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін). XV

XIX ғасырлардағы қазақ философиясының тарихи сипаттамасы. /З.К. 
Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. 
– 
Алматы: ҚР 
БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014.
ОӘЖ 82
.512.1
АДАЛДЫҚТЫ АРДАҚТАҒАН АСЫЛ БАБА
 
(Қожа Ахмет Ясауи. Өмірі мен шығармашылығы) 
Қожа
 
Ахмет Ясауи.
 
Өмірі мен мұрасы

Кесенесінің тарихы

Ұрпақтары
 
және өзге де ясауилер жайлы жаңа деректер
 
 
Дербісәлі Ә.Б.
 
ҚР
БҒМ
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, 
филология
ғылымдарының докторы,
профессор
Өткен
ғасырдың 70 жылдары. Кеңес үкіметінің
дәуірлеп, атеизмнің атқа мініп 
тұрған кезі. Мәскеуде СССР Ғылым академиясы Шығыстану институтының 
аспирантурасында оқып жүргенмін. Ол шақта Институтта Шығыс елдерінің 
тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен тіліне байланысты халықаралық түрлі ғылыми
-
теориялық және тәжірибелік конференциялар өтіп тұратын. Солардың бірі 
мұсылман шығысының ренессансы, ислам өркениеті мен мәдениеті мәселелеріне 
арналды. Еуроцентристік ұстанымдағы біраз ғалымдар ислам, араб
-
мұсылман 
өркениеті
бар, ал түрік өркениеті, мәдениеті деген жоқ, ол ойдан шығарылған, 
негізсіз десе, ал

олардың оппоненттері түркі өркениеті бар
десті. Сөйтіп

қызу 
пікірталас болды.
Түрік өркениеті бар деушілер ислам өркениеті мен араб
-
мұсылман мәдениетін 
жасаушылар арасында түркілер де, парсылар да, өзге
де халықтар болды емес пе?! 
Олар да ислам өркениетін, мәдениетін қалыптастыруға, өрбітуге
өлшеусіз үлес 
13 


қосты
дей отырып

Мауараннаһрлық түркі текті Әбу Насыр әл
-
Фараби, Мұхаммед 
әл
-
Хорезми, Әбу Райхан әл
-
Бируни, Әбу Әли Ибн Сина, Хусам ад
-
дин ас
-
Сығнақи

Қауам
ад
-
дин әл
-
Итқани (Иқани) секілді ғұламаларды; ақиқат, шынайы хадистер 
құрастырған
Орта Азиялық әл
-
Бұхари, ат
-
Тирмизи, Муслим, ан
-
Насаиды; орта 
ғасырлардан
1924 жылға дейін Орта Азия және Қазақстан жұртында қолданылып
келген ислами сот жүйесі жайлы жазылған «әл
-
һидаяның»
авторы Бурһан ад
-
дин 
әл
-
Марғинани (ХІІ) және тағы да басқаларды атады. Бұлардың бәрі де ислам 
өркениетіне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дарындар. Олай болса түркі 
өркениеті
де, мәдениеті де бар десті. Бұл шынында да солай
-
ды. 
Иә, Ислам өркениеті мен түркі мәдениетінде Орта Азия мен Қазақстан жерінен 
шыққан ғалымдардың да алар өзіндік орны бар. Бір ғана Отырардан тек 
энциклопедист Әбу Насыр әл
-
Фараби ғана емес, тағы да 29 әл
-
Фарабилердің, талай 
Исфиджаби
-
Сайрами, Сығнақи, Саурани, Ясауи
-
түркистанилер, Баласағұни

Тарази, Жендилер шыққаны белгілі. 
Орта Азия мен Қазақстанда ғылым мен білім, мәдениет

әсіресе

қарахандықтар
кезінде дамыды. Жалпы әрбір халық тарихында әдебиеті және 
мәдениеті дәуірлеп шарықтайтын да кез болады. Ислам
тарихында ол VIII
-XI 
ғасырлар
арасын, ал Орта Азия мен қазіргі қазақ жерінде Х
-
ХІІ ғасырларды 
қамтыды. Тек ХІ ғасыр ғана «Құтты
біліктің»
авторы Жүсіп Баласағұни
(1020-?), 
энциклопедиялық сөздік «Диуан луғат ат
-
түрікті»
туындатқан Махмұт әл
-
Қашғари 
(1024-
?), «Диуани хикметімен»
танылған Қожа Ахмет Ясауи
(1093-
1107) секілді 
дарындарды дүниеге келтірді. Егер ІХ
-
ХІ ғасырлық ғалымдар өз шығармаларын 
негізінен Қасиетті Құран тілінде жазса, Жүсіп Баласағұни
«
Құтты
білікті», Қожа 
Ахмет Ясауи «Диуани хикметін
» 
ежелгі түрік тілінде туындатты. Бұл дәстүрді 
кейінгі ғасырларда Әлішер Науаи, Лүтфи, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулатилер 
әдемі
жалғастырды. Олар өз дүниелерін ана тілдерінде жазды. Осылардың ішінде 
түркі халқының
мақтанышы, ойшыл данасы, керек десеңіз әулиесі
Қожа Ахмет 
Ясауидің орны бөлек. Оның үстіне ЮНЕСКО үстіміздегі 2016 жылды Ясауи жылы 
деп жариялады. 
Қожа
Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығына кіріспес бұрын соңғы 
жылдары табылған, сопы бабадан бір ғасырдай бұрын ғұмыр кешкен жаңа Ясауи 
туралы айта кеткен жөн ғой деймін. Ол ӘБУ
-
Л АББАС АХМЕД БИН 
МҰХАММЕД ӘЛ
-
ЯСАУИ (?
-1004)
. Өз аты Әбу
-
л Аббас Ахмед, ал әкесінің есімі 
Мұхаммед. Ал әл
-
Ясауи оның ясылық екенін білдіреді. Оның «ат
-
Табақат ас
-
суфия» 
– 
«Сопылық топтары» атты еңбегі бар. 
Әбу
-
л Аббас Х ғасырда дүниеге келіп [һижраның] 396 яғни 1004 жылы 
бақилық болған. Оның есімі Осман тарихшысы Хаджи Халифаның (1609
-1657) 
«Кашф аз
-
зунун ан асами әл
-
кутуб уа
-
л фунун» 
– 
«Кітаптар мен ғылымдар 
аттарынан күдікті сейілту» атты шығармасында да аталады.
Әбу
-
л Аббастың ғұмыр кешкен мерзіміне қарағанда ол Қожа Ахмет Ясауиден 
90 жылдай бұрын өмір сүрген сияқты.
Өкінішке
орай ол жайлы өзге дерек жоқ.
Кемеңгер ақын Қожа Ахмед Ясауи 1093 немесе 1094 жылы (Бұл әлі де 
зерттелуді қажет ететін мерзім) Исфиджаб (Сайрам) қаласында туған. Оның ата
-
14 


анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. 
Олардың зиратына орнатылған күмбездер де осы шаһарда.
Ахмедтің әкесі өз заманынының
сауатты
да, көзі ашық адамы болған. Тіптен 
жас Ахмедке араб, парсы тілдерін мұсылман Шығысындағы Исфаһан, Бағдад 
шаһарларынан ұстаздар шақыртып үйреткен. Он алты жасында
-
ақ болашақ ақын 
шығыс поэзиясын, әдебиетін, фалсафасын жетік меңгерген. Он жеті жасынан 
бастап өзі де өлең жаза бастайды

Ахмед ел ішінде әділдігімен де аты шыққан. 
Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны халқы арасында сый
-
құрметке бөлейді. 
Ахмед айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет
-
насихатқа толы сөздер елден
-
елге тарайды.
Қожа
Ахмет өмірінің соңғы жылдары Мауараннаһр даласында дүрбелең, 
аламантасыр оқиғалар көбейген кезеңде өтті. Мұны Орта Азия халықтарының 
тарихын көп зерттеген ғалым академик М.Е.Массон да растайды. Ол «Қожа Ахмет 
Йасауидің заманында Орта Азия шығыстан келген мұсылман емес халық 
– 
қытайлардың
(қарақытайлардың) шапқыншылығына
ұшырады. Олар әуелі Шу 
бойын басып алып, онда орныққан соң 1141 жылы Қатауан даласында 
самарқандықтар мен селжүктердің сұлтаны Санжардың (1118

1157) біріккен 
қолын
жеңіліске ұшыратты. Қарақытайлар бірте
-
бірте мұсылман дініне шек 
қойғандықтан, ислам өзінің бұрынғы беделінен айрыла бастады»
, –
деп жазған.
Бірақ арада көп уақыт өтпей
-
ақ, халық жатжерлік басқыншыларға қарсы 
көтерілді. Міне, осындай күреске Қожа Ахмет тілектес болған. Сондықтан да оның 
халық арасындағы қадір
-
құрметі бұрынғыдан да арта түскен

Қожа
Ахмет 1157 жылдар шамасында алпыс үш жасқа толғаннан кейін 
«пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік»
, – 
деген оймен осы 
күнгі өзінің мүрдесінің үстіне тұрғызылған ғимараттан оңтүстік батысқа қарай жүз 
метрдей жерде, Аллаға құлшылық ететін бір кісілік жер асты жертөле мешітін 
(қылует) салдырады. 
Қылуетте
ғұмыр кешкен он жыл ішінде Қожа Ахмет өзінің атақты «Хикмет» 
(«Даналық сөздер») деп аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз бәйіттерінде:
Құл
Қожа Ахмед, әрбір сөзің дертке 
– 
дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,
– 
деп даналық сөздерінің 4 мың 400 жол 
екендігін ескерткен. Бірақ, өкінішке орай шайырдың «даналық сөздерінің» түп 
нұсқасы
сақталмаған. Ал, бізге жеткен нұсқалары XV және XVІІ ғасырларда 
көшірілгендері ғана. Көшірме демекші 2014 жылы Стамбулдағы Сүлеймания, 
Баязит, Миллет, Нури Усмания кітапханаларында жұмыс істегенімде, олардың 
қорынан
адалдықты ардақтаған асыл баба хикметтері көшірмелерінің көп екенін 
көрдім.
Қожа
Ахмет Ясауи хикметтері Қазан төңкерісіне дейін Қазанда (1889, 1902), 
Стамбулда (1901), Ташкентте (1902, 1911)

тәуелсіздіктен соң Қазақстанда да 
бірнеше рет басылды. Бір қызығы Қазан басылымында татар, Стамбул 
нашриятында түрік, Ташкент жарияланымында өзбек тілінің элементтері басым. 
Профессор Х.Сүйіншалиев және өзге де бірнеше ғалымдар ақынның өмірі мен 
шығармашылығына зерттеулер арнады. Әдебиетші ғалым Сәрсенбі Дәуітов, 
15 


дінтанушылар Айдар Әбуов, Досай Кенжетай докторлық диссертациялар қорғады. 
Белгілі ақын Әбіраш Жәмішев адалдық пен ақиқат жолын толғаған ойшылдың 
хикметтерімен оқушыларды таныстырды. Жуырда (2016) «Ана тілі»
газетінде 
Қожа
Ахмет Ясауи жайлы академик Мұрат Жұрынұлының көлемді сұхбаты 
жарияланды.
Жалпы ақынның ғибратты дүниелері жайлы соңғы жүз жыл ішінде 
шығыстанушылар
Е.Э.Бертельс (1890
-
1957), А.Н.Самойлович (1880
-1938), 
С.Е.Малов (1880
-
1957). А.К.Боровков (1904
-
1962), Ә.Наджиб (1899
-
1993), түрік 
оқымыстыларынан Фуад Куприлизаде секілді т.б. ғалымдардың еңбектері 
жарияланды. 
Қожа
Ахмет поэзиясын Кеңес өкіметі жылдарында өзбек ғалымдарынан 
Э.Рүстемов, Н.Маллаев, М.Хаққұлов тағы басқалар зерттеді. Ақын жырлары өзбек 
әдебиетінің
антологиясына кіргізілді. Соңғы автор Қожа Ахмет хикметтерін 1983 
жылы Анкарада шыққан басылымы негізінде (алғысөз, түсініктеме және арабша 
түпнұсқасынан кейбір үзінділері) 1991 жылы Ташкентте нашрияттады. Одан ақын 
хикметтерімен қатар «Мінажаттарын», «Миғраж хикаяларын» да кездестірдік.
Қожа
Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, 
шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни Абай айтқандай, «бес 
нәрсеге асық, бес нәрседен қашық»
, – 
болуға шақырады. Оны өзінің 
парасаттылықты пайдалану мен байламға келтіру жолымен өмір мен тұрмыс, 
тіршілік туралы толғамдарын паш етеді.
Қожа
Ахмет Ясауи хикметтері тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр, жетімдерге пана 
болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу һәм 
Құран
кәрімнің аяттары және Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасиетті 
хадистеріндегі даналық сөздерді еске түсіреді. Ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен 
мұсылман шығысының ойпаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу туралы 
идеясын алға тартады, әрі ол сопылық тағылым, дәстүрмен сабақтасып жатыр.
Ақын хикметтерінде атын атап, түсін түстемесе де, өзінен бұрын өткен 
даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгенін жасырмаған. Құран кәрімнің 
сүрелерін жадына сақтап, хадис пен сүннаға мойынсұнғанын еске алады, оны 
өзгелерге
түсіндіріп, уағыздайды, өмірді бос, мағынасыз өткізбеуге шақырады. 
Сондай
-
ақ ол жиырмаға жуық хикметтерінде 63
-
ке толғанда жер астына түсіп, 
қылуетті
мекен ету себебін, Жебірейіл періште һәм Мұхаммед пайғамбармен (с.ғ.с.) 
қалай
тілдескені, хақ жолын қалай таңдағанына тоқталады. Сонан 78 шумақтан 
тұратын тағы бір хикметтерінде дүниеге келгеннен 63
-
ке дейінгі өмір жолына 
үңіледі
.
Қожа
Ахметтің даналық сөздерінің көпшілігінде ұстазы Арыстанбаб жиі еске 
алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды 
ұсынады. Менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге 
ақыл
-
кеңес береді, яғни бабамыздың хикметтері толған ғибрат, мәнді
-
мағыналы 
пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа
Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, 
мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік 
айтпа, дүние
-
байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, дүние 
жалған ешкімге де опа болған емес, дүниеқоңыздықпен мәңгілік өмір сүргісі келген 
16 


һарун
(қазақ түсінігіндегі Қарынбай), перғауындар заманындағы Хоман, немесе 
халық сүйіктілері 
– 
Фархад
-
Шырын, Ләйлі
-
Мәжнүн қайда қазір, олар неге мәңгілік 
ғұмыр
кешпеді, Алланың қаһары түссе бәрі де бір сәтте
-
ақ жермен
-
жексен болады 
дей отырып, жұпыны өмір, қанағатшылдыққа, кедейлікке арланбауға, басқа түскен 
ауыртпалықты мойымай көтеруге шақырады.
Ал

енді «Диуан» соңындағы «Мінажаттар» жинақтың сөлі мен нәрі сияқты. 
Ақын онда өзінің терең ойы мен түпкі мақсатына, хикметтерінің асылы мен ақығы, 
жауһары мен дүрі, қадір
-
қасиетіне пайымдап, парасаттылықпен қарауға, 
өсиеттерінің
інжу
-
маржандарын тере білуге шақыратын сияқты. Хикметтерін 
зерделей алған адамға ойшыл бабамыз шапағат етіп, иман байлығын сұрауға уәде 
етіп, бата берген секілді болып көрінеді.
«Миғраж хикаясы» бөліміндегі хикметтері де қызық оқылады. Жебірейіл 
періште пайғамбарымызға Бурақ (Пырақ) атты тұлпарды әкеледі. Мұхаммед (с.ғ.с.) 
онымен көкті шарлай өтіп, жеті қат аспанға көтеріледі. Ақырында Алламен 
тілдеседі. Құдай
-
тағала жақсы қарсы алады. Тілегін сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) өз 
үмметтері
үшін әуелі қырық, сосын елу, сонан соң алпыс, ақыры жетпіс жас өмір 
сұрайды. «Миғраж хикаясының» қысқаша мазмұны осындай. 47
–58-
хикметтерде 
Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейін билік құрған Әбу Бәкір Сыддық (632

634), Омар
(634–
644), Оспан (644

656), Әлі ибн Әбу Тәліп (656

661) секілді төрт 
халифаға да мадақ айтылған.
Кемеңгер баба өз заманының шындығымен қоса, өз өмірінің бүкіл болмысын, 
ғұмырлық
тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Ақиқат жолын табу мен 
тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын 
мұсылмандық ұғыммен айтып отырған. Ана сүтімен, ата тәрбиесімен, ұстаз 
ұлағатымен, қаршадайынан қанына сіңген, бойына дарыған, жүрегінен жай алған 
ұлы
Наным, оны осы Ақиқат жолындағы тынымсыз ізденіске түсірген, басынан 
кешкен барлық хикметтер туралы толғандырған, бүкіл ынтамен, құштар көңілмен 
Ақиқат жолын тануға, табуға ден қойған, бұл мұрат жолында ол қиналыс пен 
қиындықтың
қандайына болса да көнген, төзген. 
Сөйткен бабамыз ұстанған, уағыздаған хақ жолы идеясы тек Қазақстан мен 
Орта Азия ғана емес, сонымен қатар бірте
-
бірте Үндістан, Пәкістан, Иран, 
Арабстан, Түркия, Еділ бойы мен Кавказ тауларын мекендеген мұсылман 
жамағатына да жетіп, өз қостаушыларын тапқан.
Түріктің атақты ақыны, кемеңгер данагөйі Жүніс Әміре (1250

1320) де Қожа 
Ахмет Ясауиді өзінің рухани ұстазы санаған.
Ясылық шайыр сөйтіп, жоғарыда айтылғандай, 1167 жылы 73 жасында қайтыс 
болады. Жергілікті халық және оның ізбасарлары, шәкірттері ақынды қазіргі 
ғимарат
тұрған жерге жерлеген. Оның басына әуелде кішігірім әсем күмбез 
орнатылғанымен, ол құлап қалған.
Он төртінші ғасырдың екінші жартысынан бастап Түркістан өлкесін әлемге 
Темірлан
(Әмір Темір 
– 
Ә. Д.) деген атпен әйгілі, Орта Азиялық қолбасшы биледі. 
1370 жылы ол өзінің бақталастары мен негізгі қарсыластарын күйрете жеңгеннен 
кейін Мауараннаһр жұртына билік жүргізді. Астанасы етіп Самарқан қаласын 
таңдады. Темір ғылым мен мәдениеттің өсуіне, өркендеуіне айрықша көңіл бөлді, 
әскери
жорықтарда қолға түскен шеберлерге Мауараннаһр қалаларында мешіт, 
17 


медресе, кесене ғимараттар салдырды. Соның куәсі 
– 
сәулеткерліктің тамаша үлгісі 
Түркістандағы Әзірет Сұлтан 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 
Міне, Әмір Темір жергілікті халықтың көңілінен шығып, оларды өз 
ықпалында ұстау мақсатымен 1395 жылдан бастап Түркістанда Қожа Ахметтің 
басына бұрынғының орнына екінші рет күмбез тұрғызуға бұйрық берген. 1395 
жылдан бастаудың да көп сыры бар сияқты. Өйткені

ол сол жылы ғылым, білім 
өнерімен
аты шыққан Иран еліндегі Исфаһан, Шираз қалаларын жаулап алып, 
бағындырған соң, ондағы шыңылтыр қыш, ағаштан шекпе түйін түйген хас 
шілеңгілерді Самарқан, Бұхара, Түркістанға қаптатқан. 
Бірақ Әмір Темірдің өмірі мен жорықтары жайлы 1429 жылы жазылған Шараф 
ад
-
дин Әли Йаздидің (?

1454) атақты «Зафар наме» («Жеңіс нама») атты 
жылнамасы Қожа Ахмет Ясауи күмбезінің салыну тарихын мына жайтпен 
байланыстырады: «һижраның 799 (1396) жылының күзінде Моғолстан әміршісі 
Хызыр Қожа ханның қызы Түкелі ханымға үйлену мақсатымен Әмір Темір 
Самарқан маңында «Дилуша» (Жүрек қуанышы 
– 
Ә.Д.) деп аталатын мәуелі 
бақтың
құрылысын аяқтатқан соң, болашақ жарын күншілік жерден күтіп алу үшін 
жолға шыққан.
Жолай қар жауып кеткендіктен, салтанатты жасақ Аханғаран төңірегіндегі 
Шыназ қыстағына шатыр тіккен. Ал

Әмір Темірдің өзі Ясы шаһарындағы Қожа 
Ахметтің қабіріне барып бас иіп қайтпақ боп жүріп кетеді. Мұнда келген соң тәубә 
рәсімін бітіріп, мазарттың күтушілері мен қамқоршыларына сый
-
сияпаттарын 
үлестіреді
.
Содан Шыназдағы өз жасағына оралған жерде оған Түкелі ханым керуенінің
жақындап қалғаны жайлы хабар жетеді» дей келіп, жылнамашы өз хикаясын «Әмір 
Темір Ясыға
келген дәл осы сапарында Қожа Ахмет мүрдесінің» үстінен күмбез 
тұрғызуға жарлық беріп еді, бұл ғимарат содан бір жыл ішінде дайын болды»
, – 
дейді. Бірақ М.Е.Массон «Зафар наме» авторының «күмбез бір жылда салынып 
бітті» дегеніне шүбә келтіріп, оған үзілді
-
кесілді қарсы шығады. Әмір Темір Ясыға 
1397 жылы келген кезде ғимараттың құрылысы біраз жерге барып қалған еді, 
сондай
-
ақ бұл құрылыс бір
-
екі жыл емес, араға көптеген
жылдар салып барып 
біткен деген жорамалын ұсынады.
Сөйтіп, орта ғасырлардағы сәулет өнерінің биік шоқтығынан саналатын осы 
бір ғажайып ескерткіштің іргетасы 1395 жылы қаланып, жедел жүргізілгенімен, 
1405 жылы Қытайға жорыққа дайындалып жатқан кезде Әмір Темірдің Отырарда 
қайтыс
болуына байланысты құрылыс аяқталмай қалған. 
Енді осы Ясыдан ойшыл бабадан басқа даналар шыққан жоқ па деген сауалға 
жауап іздеп көрейік. Мен соңғы жылдары бірнеше рет Индияның Кашмирінде 
болдым. Университеттің кітапханасы мен қолжазба қорымен таныстым. Сол 
жерден Ясылықтар жайлы бірнеше мағлұматтар ұшыраттым. Соларға үңілейік. 
Солардың бірі АШ
-
ШЕЙХ ШАМС АД
-
ДИН АТ
-
ТҮРКІМАНИ ӘЛ
-
БАНИПАТИ 
(1).
Қожа
Ахмет әл
-
Ясауи Мұхаммед ибн Ханафия ибн әл
-
Имам Әли ибн Әбу 
Талибке барып тіреледі»
, – 
делінген.
Ойшылдың өз ныспысы Шамс ад
-
дин. 
Әкесінің
аты 
– 
Ахмед. Бабасының есімі 
– 
Абд әл
-
Муъмин ат
-
Түркімани. Бұл жерде 
көңіл аударатын екі мәселе бар. Олар оның есім тізбегінде көрсетілген ат
-
18 


Түркімани және әл
-
Бани Пати (Панипати) деген атаулар. Әуелгі ат
-
Түркімани деген 
сөз бабамыздың түркі текті екенін және түркімен тайпасынан шыққандығын да 
көрсете ме деген жәйтке келейік.
Түркімен деген этникалық атауға байланысты Махмұд әл
-
Кашғаридің «Диуан 
лұғат ат
-
түрік» 
– 
«Түркі тілдерінің жинағы» атты еңбегінде: «Түркіман гуз (оғыз) 
тайпасына жатады. Зұлқарнайын (Александр Македонский) түркілер елінен өтіп 
бара жатып түркі тайпасының бір топ кісілерін көріп парсыша: «Түркман анд» яғни 
«олар түркілерге ұқсайды» деген екен.
Содан бері осы атау күні бүгінге дейін (ХІІ 
ғ.) оларға таңылып, сақталып қалды»
, – 
делінген. Зұлқарнайынның түркі 
тайпасының кісілерін көрген жері Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысы болса 
керек. 
Шамс ад
-
диннің түркі текті және Қожа Ахмет Ясауидің зәузәті екендігін Орта 
Азиялық тарихшы, шежіреші Абд әл
-
Қадыр (ХІХ ғ.) «Маджмаъа әл
-
ансаб уа
-
л 
ашджар» 
– 
«Насаб және шежірелердің жиынтығы»
, – 
деген еңбегінде растайды. Ол 
оны «Шамс ад
-
дин түрк Панипати, Әлилік Саидтар әулетінен, насабы Ахмед 
Ясауиге жетелейді. 
Шамс ад
-
дин хазраты шейх Махдум
-
и Алам Ала ад
-
дин Әли Ахмад Сабирдің 
(Алла оны рахым етсін), ал ол хазреті шейх Фарид әл
-
Хаққ ад
-
дин Масуд 
Аджвадаидің (Алла оны есіркесін) мүриді»
, – 
дей отырып әрі қарай үнділік 
чиштийа сопылық тариқатының ізбасарларын
тізбектеп кетеді. 
2. 
ШЕЙХ, МИРЗА КАМИЛ БИН АШ
-
ШЕЙХ АХМЕД БИН МАЛИК
ӘЛ
-
ЯСАУИ ӘЛ
-
ТАШҚАНДИ.
Ясыда туылып Кашмирде тұрған бабалар туралы Абд 
әл
-
Хаий әл
-
Хасани әл
-
һиндиден басқа ортағасырлық қаламгер әл
-
Бабани және 
Умар Рида Каххала да жазған. Әл
-
Бабани «һадияту
-
л арифиин» 
– 
«Білгірлер сыйы» 
атты еңбегінде Ясылық аш
-
Шейх Мирза Камил бин аш
-
Шейх Ахмед бин Малик 
әл
-
Ясауи
деп көрсеткен. Кашмири деген ныспы оған кейінірек ол сонда көшіп 
барған соң берілсе керек. Әл
-
Бабани оның «Бахр аз
-
Заман» 
– 
«Заман теңізі» атты 
кітабы барын айтады. Сонымен, ғалымның өз аты Мырза Камил болса, әкесінің 
есімі шейх Ахмед, ал бабасының аты 
– 
Малик Мұхаммед әл
-
Ясауи ат
-
Ташканди. 
Ташканди дегенге қарағанда бабасының туған жері Ташкент болса керек. Содан 
кейін ол Ясыға
көшіп келген соң ұлы Ахмед және немересі Мырза Камил Ясыда 
дүниеге келген.
Ал, Умар Рида Каххала оның аты
-
жөнін: «Камил бин Ахмед бин Мұхаммед 
әл
-
Ясауи ат
-
Ташканди, соңыра әл
-
Кашмири еді»
, – 
деп жазады. Мұнда жоғарыда 
әл
-
Бабани көрсеткен «мырза» деген сөз
жоқ. Оған Камил деген есімді Осман 
тарихшысы Хаджи Халифа (1609
-
1657) қосқан. Ол Ясылық данышпанның ныспы 
тізбесін «Аш
-
Шейх Мырза Камил бин аш
-
Шейх Ахмед әл
-
Ясауи әл
-
Кашмири» 
деумен бірге оны да «Түркістан уәлаятындағы Ясы қыстағынан шыққан» дейді Әл
-
Хусайни әл
-
Һинди оның бабаларының Кашмирге сол жақтан келгендігіне назар 
аударады. «Камил содан өле
-
өлгенше Кашмирдегі пәтуа үйінің меңгерушісі 
болды», 
– 
дейді. 
Хаджи Халифа оның есімдер тізбегі мен өмірдерегі туралы: «Камил бин Мирза 
Ахмед әл
-
Ясауи бин Малик Мұхаммед ат
-
Ташқанди. Сонан соң әл
-
Кашмири. Ол 
һижраның
1131 ж. дүниеден өтті. Оның «Бахр аз
-
Заман» деген еңбегі бар» деп 
жазады. Ғалымдар сөйтіп оның аты
-
жөнін алақұла етіп көрсеткенімен, ол жайт 
19 


Мырза Камилдің ғұмырнамасын көп өзгеріске ұшырата қоймаған. Камил 
[һижраның] 1131 (1718) жылы дүниеден өткен.
3. 
ШЕЙХ АХМЕД ИБН МҰСТАФА ӘЛ
-
КАШМИРИ. Тақуа, ғалым, шейх 
Ахмед бин Мұстафа бин әл
-
Муин ар
-
Рафики әл
-
Кашмири Әбу ат
-
Таййб фақиһ 
(мұсылман заңгері), хадисші. Ол екі ағайынды. Інісі Мұхаммед бин Мұстафа
[һижраның] 1150/1736 жылы дүниеге келген. Аты
-
жөнінде Ясауи деген сөз болмаса 
да оның ясылық даналардың ұрпағы екені сөзсіз. Ол қасиетті Құранды жатқа білген. 
Әуелгі
білімді әкесінен, немере ағасынан, әкесінің інісінің балалары, нағашы атасы 
мен нағашы ағасы Нұр әл
-
һуда әл
-
Ясауи әл
-
Кашмириден алған. Нәтижеде фиқһ, 
хадис, сира (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өмірбаяны), сопылық ілім мен 
поэзия және өзге де ғылым салалары бойынша керемет білгір атанады. Ол көптеген 
шайқылар мен ғалымдардан білім алған. Сопылық пен этика іліміне қатты 
қызыққан. «Хадаиқ әл
-
Ханафияда» 
– 
(«Ханафиттер бағында») Ахмед бин 
Мұстафаның [һижраның] 1219/1803 жылы раджаб айының сегізіне қараған күні 
қайтыс
болғандығы туралы айтылған. 
4. 
ШЕЙХ МҰХАММЕД БИН МҰСТАФА АР
-
РАФИКИ ӘЛ
-
КАШМИРИ

Шейх, ғалым, тақуа Мұхаммед бин Мұстафа бин әл
-
Муин ар
-
Рафиқи әл
-
Кашмири 
Әбу
ар
-
Раид Ханафи мазһабы шейхтарының бірі. Ол жоғарыда аталған Ахмед бин 
Мұстафаның бауыры. «Хадаиқ әл
-
Ханафия» бойынша ол («Ханафиттер бағында») 
[һижраның] 1154/1740 жылы Кашмирде туылған. Білімді нағашы атасы Нур әл
-
һуда
және атасы 
Абд әл
-
Хақ әл
-
Ясауиден алған. Хадис пен сопылық ілімді әкесі 
және нағашы және Ашраф ибн Раидтан алған. Оның сопылық туралы еңбегі бар. 
Ол [һижраның] 1218/1804 жылы жұмада әл
-
ахир айының он алтысы, сәрсенбі күні 
қайтыс
болған.
5. 
ШЕЙХ ТАЙЙБ БИН АХМЕД
АР
-
РАФИКИ. 
Шейх, ғалым, фақиһ Таййб 
бин Ахмед бин Мұстафа бин әл
-
Муин ар
-
Рафиқи әл
-
Кашмири сопы шейхтарының 
бірі. Ахмед бин Мұстафа [һижраның] 1091/1679 жылы дүниеге келген. Қасиетті 
Құранды
Хайр ад
-
дин бин Әбу
-
л Бақа әл
-
Кашмириден оқыған, ал жалпы білімді 
әкесінің
інісі (ағасы), әкесінің бауырларының балалары және Әбу Йусуф Абд әл
-
Ғафурдан
алған. Сопы хиркасын (киімін) өз әкесінен, әл
-
Кубрауия, әл
-
Қадария мен 
аш
-
Шатирия тариқаттары ілімін Абд әл
-
Хамидтен үйренген. 
6. 
МАУЛАНА АБД АЛЛА ӘЛ
-
КАШМИРИ. Шейх, ғалым, тақуа Абд Алла 
ибн Мұхаммед Фадл әл
-
Ясауидің өз аты Абд Алла. Ал әкесінің ныспысы 
– 
Мұхаммед Фадл әл
-
Ясауи. Оның ата
-
бабаларының кейбірі ілгерірек Кашмирге 
көшіп келсе керек. Ол Молла Мұхаммед Мұхсиннен, шейх Аманулла аш
-
Шаһиден 
және басқалардан тағлым алған. Қади шаһтан сопылық тариқатты үйренген. Сонан 
соң саяхаттап шейхтармен кездесіп, соңыра Кашмирге оралған соң мүфти болып 
тағайындалған. Одан Мұхаммед Усман Баба Асадулла Молла Абд әл
-
Мүмин, Мир 
Мұхит ад
-
дин және Кашмирдің
тұрғындарынан білім алған. «Хадаиқ әл
-
Ханафия» 
– 
(«Ханафиттер бағы») атты кітапта Маулана Абд Алла шаууал айының ортасында 
[һижраның] 1171/1757 жылы қайтыс болды делінген.
20
14 жылы «Халық 
– 
Тарих толқында»
бағдарламасы бойынша Испанияның 
Эскуриал кітапханасында іссапарда болғанымда, сол жерден Ала ад
-
дин ас
-
Сайрами, Низам ад
-
дин Йахиа ас
-
Сайрами, Абд ар
-
Рахман ибн Низам ад
-
дин ас
-
Сайрами атты аталы, балалы, немерелі үш кісі туралы мағлұматтарды көрдім. Бұлар 
20 


Египет пен Сирияны мамлүктер билеген кезде өмір сүрген. Олар қазір зерттелу 
үстінде

Бұлардан басқа да Ясауилер Египетте, Иранда болуы мүмкін. Бірде Каирде 
халықаралық конференция кезінде бір кісі келіп өзін Ясауи деп таныстырғаны 
есімде.
Міне, Ясыда туылып, Кашмирде ислам діні мен өркениеті, мәдениетінің 
өркен
жаюына аянбай қызмет еткен кемеңгер бабалар жайлы
әзір қолда бар 
мағлұматтар осылар. 
Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан даналар ішінде Әбу Нәсір әл
-
Фараби 
(870-
950) ғылымның барлық саласы, Әбу
Райхан әл
-
Бируни (973
-1048) – 
әсіресе 
география, Әбу Әли Ибн Сина (980
-1037) – 
медицина, Ұлықбек (1394
-1449) - 
астрономия, Әбу Ибраһим Исхақ әл
-
Фараби (951
-
?) мен Исмайл әл
-
Жауһари әл
-
Фараби (?
-
1002) араб тіл білімі ғылымына өзіндік үлес қосса, бұлармен қатар 
Исфиджаб
-
Сайрам, Ясы
-
Түркістаннан шыққан асыл перзенттеріміз де мұсылман 
заңы мен хадистану, тәпсір секілді ислами ілімдер саласына қалам тербеп, ислам 
мәдениеті мен ғылымынан өзіндік орын алды.
Қожа
Ахмет Ясауи бабаның халқымен қауышу жолы оңай болған жоқ. 
Атеистік кезең оған мүмкіндігінше жол бермеуге тырысты. 
1. Өткен ғасыр соңында бір жазушымыз Мәскеуде жарыққа шыққан жинаққа 
Қожа
Ахмет Ясауидің де өлеңдерін кіргізгені үшін үстінен арыздар қардай 
борағанын айтып қатты ренжігені бар;
2. 1993 жылы әл
-
Фараби атындағы ҚазМУ
-
де қызметте жүргенімде кемеңгер 
бабаға арналған конференция өткізгенімізде, залда отырған бірнеше кісілер 
қарсылық
білдіріп, дөрекілік танытқаны есте. 
Енді егемен елміз, ондай әбес тірлік қайталанбас. Ғасырлар парақтарының 
арасында қалып ұмытылған даналарымызбен халқымызды, ұрпақтарын 
қауыштырып
жатырмыз. Тәуелсіздігіміз мүбарак, еліміз мәңгілік болсын, 
Қазақстан
– 
болашағы зор мемлекет
!
ОӘЖ
821.512.122.0 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет