Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет18/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

Метафора 
дегеніміз 
осы белгілердің ортақтығына, ұқсастығына қарай бір заттың немесе 
құбылыстың екінші бір зат не құбылыс атауымен аталуының негізінде 
сөз мағынасының ауысуы. Қазақ тілінде көп мағыналықты туғызуда 
метафора басты рөл атқарады. Егер сөздің номинативті – тура 
мағынасы оның қоғамдағы құбылысқа сай жалғыз тура атауы болып 
жұмсалса, сөздің метафоралық мағынасы мүлдем басқа сипатта 
болады. Метафора екі белгімен сипатталады. Біріншіден, ол 
семантикалық қосжоспарлықпен сипатталады. «В метафорном 
значении, который всегда является переносным, совмещаются, 
взаимодействуют «предшествующее» и «последующее» знячения 
слова, они объединяются на основе какого-либо общего признака 
обоих сравниваемых предметов, наиболее существующего с точки 
зрения субъекта речи». Екіншіден, метафора зат немесе құбылысқа 
баға беруші бейнелікпен де сипатталады. «Взаимодействие основного 
(прямого) конкретно-предметного и производного значений 
видоизменяет и осложняет номинативную функцию слова: оно уже 
служит не только средством наименования того или иного 
предмета, но также (и в этом специфика метафоры) средством 
выражения субъективной оценки предметов и явлений 
действительности со стороны говорящего» [35, 35]. 
Сөйтіп, ішкі немесе сыртқы ұқсастыққа байланысты атаудың 
ауысып, келтірінді мағынада қолданылған сөзді метафора дейді. 
Метафора негізінен екі топқа бөлінеді: поэтикалық және 
лингвистикалық. 
Поэтикалық 
метафораларды 
ақын-жазушы, 
публицистер жасайды. Ол әр жазушының өзіндік шеберлігіне 


49 
байланысты. Оны кейде метафора арқылы жасалған оккозионализм
деп те атайды. Метафора тәсілімен ауыстырып айтудың бәрі бірдей 
сөзде нақтылы мағына туғыза бермейді. Олардың көпшілігі жеке 
қолдану дәрежесінде қалуы мүмкін, ал бұдан сөздің семантикалық 
құрамы өзгеріске ұшырамайды. Енді біреулері алғашқы кезде 
метафоралық қолданыс дәрежесінде к өрініп, соңынан 
метафоралық мағына ретінде қалыптасқан бірқатар полисемиялы 
сөздердің көпшілігі бүгінде образдық мәні өшіп, нақты заттың 
немесе құбылыстың тура атауы болып қалып келетінін көруге 
болады. Сөздің метафоралық мағынасы шешендік сарындағы өсиет 
өлеңдерден, мақал-мәтелдерден, айтыс-жырлардан, қиссалардан, 
жұмбақ пен жаңылтпаштардың, ауыз әдебиетінің өзге де 
үлгілерінен кездеседі. Бірақ осының ішінде өте-мөте жиі және әр 
тарап түрде келіп отыратыны көркем әдебиет стилі. Мысалы, 
Сөз 
бақпаған момын ағайынның бәрі де Қодарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет