Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет16/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

жосып келеді 
(Тұлпар). 5) 
Екпіндеп есу, зулау, зымырау. 
Құр жалаң айқайлама желше 
жосып, 
Атыңды өктеме тек борбайға осып. Баппенен егіске айда, 
марғау болма, Айналып жем бер сылап, қант қосып 
(С.Сейф.,Өлеңд.). 
6) ауыс. орынсыз бөсу, мақтану. 
Соны айтуым мұң-ақ екен, 
байғұсың бөсіп берді, Россияға бүкіл бір мемлекетті қаратып бердім 
деп 
жосыды 
(С.Бегалин, Шоқан асу.). 
Жосу 
сөзінің негізгі 
мағынасымен мынадай семантикалық варианттар тікелей 
байланысады 
қашу, босу, зыту, безу
және
 шұбау, шұбыру, сабылу
Енді 
бұл 
сөздің 
мағыналары 
бір-бірімен 
қалай 
байланысатынын көру үшін біз оны Э.В. Кузнецова сияқты сызбаға 
салып көрсетсек былай болып шығады: 


44 
Сонымен, 
жоғарыдағы 
айтылғандарды 
қорытындылай 
келгенде, сөз мағынасы үздіксіз өзгеріс үстінде болатын 
процесс. Ол мағыналық түрлену негізгі мағынаның ауыспалы 
мағына алуымен байланысты. Қосымша мағынаның біреулері 
негізгі мағынамен тікелей байланысты болса, енді біреулері 
екінші бір мағынадан туындап, бір-бірімен сатылы (жалғасып, 
тізбектеле) өрбейтіндігін жоғарыдағы сызба арқылы байқауға 
болады. 
Жалпы 
көп мағыналы сөздерге тән ерекшеліктер 
мыналар: 1) 
Көп мағыналы сөздердің барлық мағынасы бірдей дыбыстық 
тұлға, бірдей материалдық көрсеткішке ие болады. Бұл 
белгінің маңыздылығын көптеген лингвисттер көрсеткен болатын. 
Мысалы, Д.Н. Шмелевтің көрсетуінше: «употребление слова в 
различных по смыслу слова, опирающегося на тождество его 
звуковой формы», -дейді [32, 74]. 2) Оны құраушы
мағыналардың өзара байланыстылығы, өзара әрекеттестігі. 
Өзара байланысқан мағыналарды салыстыра отырып, біз олардан 
ортақ семантикалық компонентті көреміз және туынды 
мағынаның пайда болу себептерін ашамыз. Әдетте, көп 
мағыналы сөздердің мағыналарының арасындағы қатынас – 
деривациялық қатынас деп аталады. 3) Көп мағыналы сөздің 
мағыналарының мөлшері қатаң шектелмеген, ашық құрылымды 
болады. 4) Көп мағыналы сөз бір ғана сөз табынан болады. 5) Олардың 
мағыналарының дамуы ішкі және сыртқы себептерге (факторларға) 
негізделеді. 6) Көп мағыналы сөздердің мағыналарының мазмұны 
контексте ашылады. Мұндай сөздердің семантикалық байланысы 
нақты бір фразада сөздердің өзара семантикалық әрекетінде 
беріледі, яғни синтагмалық қатынасы арқылы айқындалады. 7) 
Сөздің семантикалық түрленуі, көбінесе, семантикалық топқа жататын 
парадигмалық байланыс арқылы анықталады. 
Сөз мағынасының өзгеруін мұқият қарастыру барысында, біздің 
байқайтынымыз, әдетте мағына бүтіндей өзгермейді. Тек оның бір 


45 
бөлігі ғана өзгереді. Ал басқа бөліктері жаңа мағына алуда да сақталып 
қалады. Мысалы, 
Күннің алтын нұры шуағын шашқандай 
деген 
сөйлемдегі 
алтын 
– сын есімі келтірінді мағынада қолданылған. 
Оның тура мағынасы 
«баға мөлшері үшін және қымбат заттар жасау 
үшін қолданылатын сары түсті қымбат металл». 
Алтыннан жасалған 
заттың жарқыруына байланысты 
алтын 
сөзі келтірінді мағынада 
алынуы, нұрдың да жарық беріп тұруымен байланысты туып отыр. 
Яғни бұдан байқайтынымыз мағынасының бір бөлшегі өзгергенмен, 
екіншісі сақталып қалған. 
Тілдегі сөздердің мағыналарының логикалық динамикасы қиын. 
Жалпы алғанда тіл-тілдің семантикалық жүйесінде сөздерге 
қарағанда мағына көбірек. Өйткені тіліміздегі сөздердің көпшілігі көп 
мағыналы болып келеді. Тіл-тілдің лексикасында түрлі-түрлі мағынада 
жұмсалатын полисемантизмді сөздердің болуы – сол тілдердің 
кедейлігін көрсетпейді, қайта оның байлығын, ондағы сөздердің 
мағыналық мүмкіндіктерінің молдығын және мәнерлегіш сипаттың 
икем екендігін сондай-ақ мазмүн жағынан жан-жақты дамыған бай тіл 
екенін көрсетеді. Әрбір тілдің байлығы ондағы сөздердің санының 
көптігімен ғана өлшенбейді, сонымен бірге ондағы сөздердің 
мағыналық аясының кеңдігі, түрлі-түрлі мағынада қолданылуға 
икемділігі, мәнерлегіш, бейнелегіш тәсілдердің молдығымен де 
өлшенеді. Сөздің семантикалық жақтан өзгеріп, түрленуі тілдің 
сөздік құрамы дамуының басты жолдарының бірі болып саналады. 
Полисемия тілдің лексика-семантикалық категориясына жатады. 
Өйткені ол сөздік құрамға ене отырып, бір сөздің тұлғасымен (бір 
лексемамен) 
берілген, 
іштей 
байланысқан 
мағыналардың 
семантикалық қатынасы және осы сөздің әралуан өзара бірін-бірі 
сыртқа шығарушы позицияға сүйене отырып мәтінде шектелуі. Бір 
сөздің бір мағынасы бір позицияда бір түрлі қызмет атқарса, 
екіншісі басқа функцияда жүруі мүмкін. Сөздің көп мағыналы болып 
келетінін кезкелген түсіндірме сөздікті ашып қарағанда кездестіруге 
болады. Бір қарағанда полисемияның мағыналары түсініксіз бір 
себептермен біріге салған сияқты. Көптеген полисемантизмді 
сөздердің сапасының қайталануы, қандай болмасын ортақ бір 
белгімен айрылған сияқты. Бірақ мұндай пікір алдамшы; көп 
мағыналы сөздердің мағыналары жүйелі. Бұл жүйелілік қайда 
жатқанын зерттеу полисемантизмнің мағыналарын олардың түрлеріне 
қарай жүктеу деген сөз. 
Орыстың атақты лингвисті А.А. Потебня (1835-1892 жж.) 


46 
сөздердің алыс және жақын мағыналары болады деген. Барлығына 
ортақ қолданыстағы сөздердің жақын мағынасы кімге болса да 
түсінікті, ал алыс мағынасы мамандарға ғана түсінікті. Мәселен, 
ай 
сөзінің 
«жерге жарық сәуле беруші»
деген мағынасы жақын мағына, ал 
ғылыми түсінік бойынша: 
жерді, күнді айналып тұратын аспандағы 
планета, жер серігі
– бұл алыс мағынасы. Бұл мағынаны анықтаған 
кезде оны әрі қарай өрбітсек, 
ай 
30 күннің ішінде оның әр қырынан 
көрінуіне байланысты бірде толысып, екінші бір қырынан қарағанда 
жіңішкеріп «туумен» байланысты 
жылдың он екіден бір бөлшегін 
көрсететін мезгіл атауы 
дегенді білдіреді. Сөздің жақын мағынасы 
дегеніміз мамандыққа да, кәсіптік көзқарасқа да, бір затқа қарағанда 
екінші бір затпен көп жұмыс істеуіне де байланысты емес. Әйтеуір 
сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне (балаға да, кәріге де) түсінікті 
болатын өзіндік лексикалық минимум. Әрине, адам әр түрлі 
сөздердің мағыналарын қарастыра отырып жақын мағына төңірегінде 
ғана жетік хабардар болуы мүмкін. Әйтпегенде тіл білімі бүкіл адам 
білімділігіне, өзіндік «ғылымның ғылымына» айналар еді. 
Сөз көп мағыналы болғанда әр түрлі мағынаның қатысы біркелкі 
болмайды. Сол әр түрлі мағынаның ішінде бір ғана мағына басым 
болып, басқаларына негіз болады. Полисемияның басты мағынасы 
басқа мағыналарына қарағанда ерекше. Басты мағына дегеніміз 
контекстке байланысты болмай, өзі тұрып-ақ мағынасы түсінікті 
болатын мағына. Мәселен, 
тіл 
деген сөздің бірінші мағынасы: 
жан-
жануардың дәм сезетін, адамның сөйлеу дыбыстарын шығаратын, 
ауыз қуысындағы негізгі мүшесі. 
Басты мағына тарихи тұрғыдан бірінші 
шыққан болуы міндетті емес. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет