Резуанова ғалияпану кабиевна


 Сегіз синонимдік қатар түзеуші көп мағыналы сөздер



Pdf көрінісі
бет65/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

1.7 Сегіз синонимдік қатар түзеуші көп мағыналы сөздер 
Басу: 1) жүру; 2) күш түсіру; 3) баспалау; 4) көңілін аулау; 5) қаптау; 
6) ашуды тарқату; 7) өрлеу; 8) әнге салу. 
І Басу – жүру – адымдау 
ІІ Басу – күш түсіру – аяқ астына қалдыр – тойтару – күшпен тоқтату 
ІІІ Басу – баспалау – із қалдыру – түсіру 
ІҮ Басу – көңілін аулау – жұбату – ақыл айту 
Ү Басу – қаптау – жайылу – қаулау – қоршау 
ҮІ Басу – ашуды тарқату – жадырау – сейілу 
ҮІІ Басу – өрлеу – алға басу – қарқындау – екпіндеу 
ҮІІІ Басу – әнге салу – күй ойнау 
Бос: 1) ешкім, ештеме жоқ; 2) нейбат; 3) бекітілмеген; 4) қолы бос; 5) 
жұмсақ; 6) мықты емес; 7) ынжық; 8) ақысыз. 
І Бос – ешкім, ештеме жоқ – құр тұрған 
ІІ Бос – нейбат – құр – құр қол – құр алақан – еш нәрсесіз 
ІІІ Бос – бекітілмеген – ашық – байлаусыз 
ІҮ Бос – қолы бос – жұмыс істемеген кез – бейсауат – еркін – бостан 
бос – аза 
Ү Бос – жұмсақ – борпылдақ – нық емес – пысық емес 
ҮІ Бос – мықты емес – осалдау – нашар – әлсіз 
ҮІІ Бос – ынжық – болбыр – жасық – нашар 
ҮІІІ Бос – ақысыз – пұлсыз – тегін 
Бөл: 1) жару; 2) үйлестіру; 3) ажырату; 4) жікке бөлу; 5) топтастыру; 
6) айқындау; 7) алыстату; 8) бөліп шығару. 
І Бөл – жар – бөлшекте 
ІІ Бөл – үйлестір – тарат – бөліп бер 
ІІІ Бөл – ажырат – айыр – белгіле 
ІҮ Бөл – жікке бөл – сарала 
Ү Бөл – топтастыр – топта 
ҮІ Бөл – айқында – шегін көрсет 
ҮІІ Бөл – айыр – арасын суыт – алыстат 
ҮІІІ Бөл – бөліп шығару – жеке шығар 
Жапсыр: 1) бекіту; 2) қосу; 3) ертіп жіберу; 4) қосақтау; 5) қадау; 6) 


235 
пайдалану; 7) қосып айту; 8) желімдеу. 
І Жапсыр – бекіт – ұстат 
ІІ Жапсыр – қос – жама 
ІІІ Жапсыр – ертіп жібер – қасына еріт – қасынан тастатпа 
ІҮ Жапсыр – қосақтат – таңып қою 
Ү Жапсыр – қада (қадап қою) – тақ (тағып қою) 
ҮІ Жапсыр – пайдалану – малдану 
ҮІІ Жапсыр – қосып айт 
ҮІІІ Жапсыру – желімдеу
Жапыр: 1) басып-жаншу; 2) қырып-жою; 3) айпап-жайпау; 4) қайтару; 
5) ұйқы-тұйқысын шығару; 6) көптеп алу; 7) майыстыру; 8) үймелеу. 
І Жапыр – басып-жаншу – таптау 
ІІ Жапыр – қырып-жою – талқандау 
ІІІ Жапыр – айпап-жайпау – өндіре істеу 
ІҮ Жапыр – қайтару – бет алысын өзгерту – бүру 
Ү Жапыр – ұйқы-тұйқысын шығару – әпер-тәпер қылу 
ҮІ Жапыр – топтап – көптеп алу 
ҮІІ Жапыр – мыжырайта бастыру – майыстыру 
ҮІІІ Жапыр – үймелеу – жабылу
Жер: 1) планета; 2) сыртқы қыртыс; 3) территория; 4) мекен-жай; 5) 
ел-жұрт; 6) мезет; 7) рет; 8) шыққан орын. 
І Жер – планета
ІІ Жер – сыртқы қыртыс – үстіңгі қабат – құрлық 
ІІІ Жер – территория – меншікті жер 
ІҮ Жер – мекен-жай – орын 
Ү Жер – ел-жұрт – ауыл – өскен орта 
ҮІ Жер – мезет – кез – уақыт – мезгіл 
ҮІІ Жер – рет – жөн – ыңғай 
ҮІІІ Жер – шыққан орны – басталысы 
Кейін: 1) артынан соң; 2) соңғы кезде; 3) соңыра; 4) артқа; 5) артта; 6) 
артқа қарай; 7) жаман; 8) кем. 
І Кейін – артынан соң – соңынан – кейіннен 
ІІ Кейін – соңғы кезде – бертінде 
ІІІ Кейін – соңыра – тағы бірде 
ІҮ Кейін – артқа – келешкке – болашаққа 
Ү Кейін – артта – арт жақта 


236 
ҮІ Кейін – артқа қарай – кері – қайта 
ҮІІ Кейін – жаман – нашар – төмен 
ҮІІІ Кейін – кем – осал 
Күйдір: 1) жағу; 2) денені қару; 3) қару; 4) нақақ кінәлау; 5) ыза қылу; 
6) қызықтыру; 7) өңменен өте қарау; 8) жандүниені алаулату. 
І Күйдір – жағу – жандыру – өртеу 
ІІ Күйдір – денені қару – зақым келтіру 
ІІІ Күйдір – қару – қыздыру 
ІҮ Күйдір – нақақ кінәлау – жазғыру – айып тағу 
Ү Күйдір – ыза қылу – шымбайына батыру – ашындыру 
ҮІ Күйдір – қызықтыру – қызғаныш тудыру 
ҮІІ Күйдір – өңменен өте қарау 
ҮІІІ Күйдір – жан-дүниені алаулату – өртеу 
Ширау: 1) пысу; 2) қысқарып қалу; 3) жердің дегдігуі; 4) дененің 
сергуі; 5) үдей түсу; 6) күш жию; 7) өсу; 8) ысылу. 
І Ширау – пысу – көбірек есілу 
ІІ Ширау – қысқарып қалу – отыру – апшу 
ІІІ Ширау – жердің дегдігуі – кебу
ІҮ Ширау – дененің сергуі – ширығу 
Ү Ширау – үдей түсу – күшею – арту 
ҮІ Ширау – күш жию – әлдену – тыңаю 
ҮІІ Ширау – өсу – ересек тарту – есею 
ҮІІІ Ширау – ысылу – шынығу – шыңдалу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет