Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у



бет9/25
Дата23.10.2016
өлшемі5,7 Mb.
#29
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

(33-34-беттер).
Аудармашы Марс, Фортуна секілді мифологиялық мәні бар ұғымдарды тастап кеткенмен, Энейдің Дидонға айтқан жырын тартымды қазақшалаған. Түпнұсқадағы өлшемнен, шумақ сандарынан көп алшақтамаған. Динамика, қимыл-қозғалыс, үрейлі көрініс жақсы берілген. Дыбысты күйттеу, ішкі ұйқасқа мән беру өлеңнің әуезділігін күшейткен.

Артистер айтқан осынау жырдан өз сырына ұқсас әуендеп тапқан Гамлет тағы тебіреніске түседі.

Г а м л е т. (жалғыз). Жолдарың болсын!.. Жеке қалдым... Мен неткен берекесіз адаммын. Байғұс жалдама артистер ескі әңгіме, еркектерді айтып жылайды, зарлайды. Бұл неліктен?.. Себебі не?.. Құрғақ қиыл. Әлдеқандай Гекубаларды айтады. Гекуба оларға не керек? Оған бұлар неге жылайды? Оның жүрегі сондай нәзік болса, менің онда не жұмысым бар?.. Жоқ!.. Олар өздерінің өнерлерімен күлдіреді, жылатады. Тіршіліктегі әр түрлі қылмыстарды суреттеп, жиналған халықтың жан сезімін билейді. Олар сөйтеді. Мен не қып жүрмін? Мен не қып жүрмін? Мен бе? Мен берекесі аз, қорқақ, өлімсіреген бір денемін. Әлі күнге мылқаумын...

Жер көтермейтін жауыздықты көріп-ақ жүргенім жоқ па? Әлде мен қорқақпын ба?.. Мен әкемнің, шешемнің нендей күйде жүргенін білдім, көрдім. Отқа өртесе де, кек аламын деген ниетке түстім... Гамлет! Гамлет!.. Бұл сенің бойыңа үлкен мін, үлкен қорлық! Көзінің алдында артистердің тақпағын естіп, суреттерін көріп, енді ғана ақылың басыңа орнап, қорлықты, ұятты біліп отырсың. Иә!.. Тілсіз мылқау сурет барлығын да көрсетер. Бұл артистер арқылы ағамның бұзықтарын көздеріне елестетіп байқайын. Бұдан пайда шықпаса, одан соңғысын тағы да көре жатармын... Бәлки, бұл аруақ, ағамды азапқа салып жүрген қиял шығар? Мені қылмысқа аттандырып, күнәға батырайын деп жүрген шығар?.. Қой! Неге де болса көндім. Бұл істеген амалым хан боп отырған жауыз ағаның іші-сыртын тегіс ластасын. Соңыра артистер көрсететін тамаша қылмысы бар адамдардың төбесінен жай боп түссін (35-36-беттер).

Қан қазанын бастан кешіп жүрген Гамлеттің рухы, адамдық келбеті шарасынан асып төгіліп жатқан монологтарынан айқын сезіледі. Ол тумысында ойшыл. Бәрін сарапқа, безбенге салуға әзір. Қазір жасаған байламынан қазір қайтуға бар. Табаны тайғақтығынан емес, құбылыс мәніне тереңдей түсуден шығатын мінез. Кейбір зерттеушілердің Гамлет әрекетсіз жан деген тұжырымына әсте қосылуға болмайды, оның әрбір сөзінде, жалынды толғауларында аспанға атылғандай асау жүрек дүрсілі, тынымсыз ойдың ұшқыны бар. Әрекет деген ату-шабу, жою-қырқу емес, өзімен-өзі арпалысқан, толқын-толқын күйлер кеудесін қысқан Гамлетті көресің. Артистер кетіп, оңаша қалған сәтте тағы тебіреніс иіріміне түскен.

Айтылмыш монолог түпнұсқаға мағыналық жағынан таяу болғанымен, ырғақ, екпін кемшін. Шамырқанып барып шарт сыну, зымырап барып кілт тоқтау жетіспейді. Өлең боп төгілер ұзақ толғау сылбыр прозаға ойысып кеткен.

Гамлет шабытты тебіреніспен емірене, өртене тұрып, тұла бойы балқып, тіршілік күресі - өмір тартысы жайлы шертетін сыр бар. Ағылшын тілінен сөзбе-сөз тәржімесі:

Г а м л е т: Быть или не быть, вот в чем вопрос. Благороднее ли молча терпеть порою стрелы яростной судьбы, или поднять оружие против моря бедствий и в борьбе покончить с ними? Умереть – уснуть – не более того. И подумать только, что этим закончится боль сердца и тысячи жизненных ударов, являющихся уделом плоти, - ведь это конец, которого можно от всей души пожелать! Умереть – уснуть. Уснуть, может быть видеть сны; да, в чем преятствие. Ибо в этом смертном сне какие нам могут присниться сны, когда мы сбросим мертвый узел суеты земной? Мысль об этом заставляет нас остановиться. Вот причина, которая вынуждаев нас переносить бедствия столь догой жизни. Ибо кто стал бы выносить бичи и насмешки жизни, несправедливости угнетателя, презрение гордеца, боль отвергнутой любви, проволочку в судах, наглость чиновников и удары, которые терпеливое достоинство получает от недостойных, если бы можно было самому произвести время, кряхтя и потея под тяжестью изнурительной жизни, если бы не страх чего-то после смерти – неоткрытая страна, из пределов которой не возвращается ни один путешественник, не смущал бы нашу волю и не заставлял бы скорее соглащаться переносить те бедствия, которые мы испытываем, чем спешить к другим, о которых мы ничего не знаем. Так сознание делает всех нас трусами и так врожденный цвет решимости покрывается болезненно-бледным оттенком мысли и предприятия большого размаха и значительности в силу этого поворачивают в сторону свое течение и теряют имя действия. Но тише! Прекрасная Офелия. Нимфа, в твоих молитвах, да будут помянуты все мои грехи! (М.М.Морозов. Избр., стр. 376).

Осы жолдар Борис Пастернак аудармасында:
Г а м л е т:

Быть или не быть? – вот в чем вопрос.

Достойно ль души терпеть удары и шелчкий

Обидчицы судьбы иль лучше встретить

С оружем море бед и полодит

Конец волнениям? Умереть Забыться,

И все. И знат, что этот сон – предел

Сердечных мук и тысячи лишений,

Присущих телу. Это ли цель

Желанная? Скончаться. Сном забыться.

Уснуть. И видеть сон? Вот и ответ.

Какие сны в том смертном сне приснятся,

Когда покров земного чувства снят?

Вот объеснение. Вот что удлиняет

Несчастьям нашим жизнь на столько лет

А кто же снес унижения века.

Позор гонения, выходки глупца,

Отвергнутую страсть молчанье права,

Надменность власть имущих и судьбу

Больших заслуг перед судом ничтожеств,

Когда так просто сводит все концы

Удар кинжала? Кто бы согласился,

Кряхтя под ношей жизненной плестись.

Когда бы неизвестность после смерти,

Боязнь страны, откуда ни один

Не возвращался, не склоняла воли

Мириться лучше со знакомым злом,

Чем бегством к незнакомому стремится

Так всех нас в трусов превращает мысль

Так блекнет цвет решимости природной

При тусклом свете бледного ума.

И замыслы с размахом и почином

Меняют путь и терпят неуспех

У самой цели. Между тем довольно!

Офелия! О радость! Помяни

Мои грехи в своих молитвах, нимфа.
(Уильям Шекспир. Трагедия. М., 1968, стр. 177).
Мәжит Дәулетбаевтың қазақша нұсқасы:

Г а м л е т. Болсын ба, болмасын ба? Мәселе дәл осы жерде. Жан үшін не жақсы? Не ұнайды? Қорлық көрсеткен тағдырға мойынсұнайын ба? Әлде өкірген теңізге қарсы құрал көтеріп, дереу оны жоқ қылайын ба? Өлу – ұйықтау, қиын жұмыс емес. Мыңдаған азапты, жүректің жарасын, өлгеннің мұрасын мәңгілік ұйқымен жойып тастау – елірген көңілге табылған тілек. Өлу – ұйықтау! Ұйықтау? Бірақ түс көру?.. Түйіні мынада тұр; Өлім ұйқысындағы қиял қандай болар?.. Қардай бораған шыдамсыздықты орнына келтірместен бұрын оны да ойлау керек. Қанжарды кеудеге түйреп өліп қалған күнде, дүниеде қалған масқарашылыққа, қорлық көрсеткен жауыздыққа, тәкаппарлыққа кім қарсы тұрмақ? Бүйткен күнде дауылға ұсаған тіршіліктің демі де қалмас. Ойлаған ой, келешек мақсат іске де аспай қалар. (Офелияға көзі түсіп кетеді) Офелия! Періштем! Жалбарынған кезіңде менің күнәмді де есіңе ал! (38-бет).

Осы үш үзіндіні салыстырғанда Мәжит аудармасына қатысты бірқыдыру тұжырым жасауға болады. Профессор Морозовтың сөзбе-сөз тәржімесі ұлы драматург ойын, түпнұсқа мазмұнын дәл қалпында жеткізуді мақсұт тұтқан. Ал Борис Пастернак орыс тілінің заңдылығына, өлең өлшеміне сүйене отырып, поэтикалық әсемдігі, философиялық тереңдігі жағынан ағылшынша түпнұсқамен пара-пар, деңгейлес шедевр тудырған. Рас, ақын өзінен бұрынғы үлгілерді, Шекспирді аударудың орыс топырағында қалыптасқан бай дәстүрінің жемістерін пайдаланған. Біз Гамлеттің әйгілі монологының сөзбе-сөз тәржімесі мен орысша ең үздік поэтикалық аудармасын Мәжит Дәулетбаев үлгісімен әдейі қатар қарастырып отырмыз. Бірі – мағына дәлдігінің өлшеуіші десек, екіншісі – көркемдік сапаның өлшеуіші.

Мәжит айтылмыш монологтың бастапқы жолдарының ағылшыншасын келтіріп, негізінен, Вронченко аудармасына сүйенгенін ескертеді. Қалай болғанда да, қазақша үлгі сәтсіз шыққан. Мәнді ойлар, тұтас сөйлемдер түсіп қалған. Тілде тұтқырлық, кібіртік бар. Ал өлең сипаты, ырғақ ағымы болғанмен, бұл үзінді өмір мен өлім, жеңіліс пен жеңіс, ерлік пен бұқпантай, жарық пен сәуле жайлы ұлы монологты қазақша бере алмаған.

Өлеңмен аударған кездерде Мәжит бауыры жазылып, көсіліп сала береді:
Жағасында теңіздің, әлдеқайда,

Қорқынышты молада, терең сайда,

Ауыр топырақ бүркеніп жалғыз жатыр

Телміріп жарық күнге, жарық айға.
Аппақ кебін оралды тұлғасына,

Аппақ гүлдер шашылды көр басына

Сөйтіп көрге көмілді... жер жалмады,

Көмгендер көлдей жүзді көз жасына.

(60-61-беттер).


Біз көрмейміз, ол келмейді,

Көзге енді көрінбейді,

Ол көмілді, ол жоғалды...

Оның атын өлім дейді.

(64-65-беттер).


Бұлар – Офелияның есінен айырылған шақтағы өлеңдері
Тусаң, өссең дүниеде

Бұйырған дәмді татасың.

Жасасаң да жүз мың жыл,

Әйтеуір көрге жатасың.

(72-бет).


Мола қазушының сөзі.

Тұтастай алғанда, Мәжит Дәулетбаевтың аудармашылық мәдениеті биік өреде болғандығын аңғарамыз. Әр түрлі орысша нұсқаларды қарастыру, пьеса тарихына байланысты деректерді құнттау оның аудармаға ғылыми тұрғыдан келгендігін аңғартады. Қазақтың шұрайлы, оралымды тілін Мәжит еркін игерген. Шағын диалогтар, түпнұсқаның өзінде қара сөзбен жазылған үлгілер қазақшада қонымды берілген. Ал теңіз толқынындай аласұрған алапат ұзақ сарындар, от шашқан үздік монологтар көркемдік қуатын қазақша нұсқада сақтай алмаған.

“Гамлеттің” отызыншы жылдарда қазақ топырағына келу фактісінің өзі ұлт әдебиетіндегі соны құбылыс болатын. Ал “Гамлеттің” Х.Ерғалиев жасаған варианты аударма өнерінің жаңа биігін көрсетеді.

Мұхтар Әуезов әлем әдебиетінде өзі ерекше құрметтеп, ұстаз тұтқан екі есімді бөліп айтты, олар прозада – Лев Толстой, драматургияда – Шекспир. Бұлардың шығармаларын оқып, зерттеп үйрену үстіне Әуезов қазақ әдебиетінің асыл қазынасына қосылған, жанрлардың дамуына ықпал жасаған классикалық аудармалар тудырды. Соның бірі – “Отелло” трагедиясы.

Шекспирдің бұл ұлы шығармасы орыс тілінде Н.Кетчер, П.Вейнберг, А.Радлова, М.Лозинский, Б.Пастернак, М.Морозов секілді жиырмадан астам әр түрлі авторлардың аудармасымен шыққан.

Тұңғыш рет 1858 жылы жарияланған П.Вейнберг аудармасы 18 рет қайта басылған. Мұхтар Әуезов сүйенген Анна Радлова нұсқасы 1935, 1936, 1937 жылдары 4 рет жарияланған.

(В.Шекспир, “Библиография русских переводов и критической литературы на русском языке”, 1748-1952. М., 1964, стр. 615-616). Шекспир шығармаларын зерттеп, ол туралы ғылыми еңбектерді мол қарастырған Әуезов ұлы ағылшын драматургын қазақша сөйлетудің сәтті кілтін тапқан. Түпнұсқада “Отелло” ямб өлшемімен, ырғақ заңдылығына сүйенген ақ өлеңмен жазылғандығы белгілі. Әредік қарасөз де кездеседі. Бұрын өзінің тәжірибесінде – “Еңлік-Кебек”, “Қарагөз”, “Хан Кене” трагедияларында қолданған ақ өлең өлшемін ұлы шығарманы аудару кезінде Мұхтар Әуезов сәтті пайдаланған.

Ягоның көп сырынан хабар беретін алғашқы актідегі монолог.



Анна Радлова нұсқасында:
Спокойны будьте,

Против него я службу обращу.

Не всем быть господами, и не всем

Иметь слуг верных. Много есть, заметьте,

Холопов преданных, низкопоклонных,

Что любят раболепную неволю,

Теряют силы, как осел господский,

За корм. Когда состарятся, их гонят

Хлестать бы честных слуг. Но есть другие –

Повадкой, видом выражают верность,

Сердца же про себя они хранят

Лишь мнимо служат господом своим

И наживаются. А оперятся –

Себе уж угождают. Толк в них есть

И вот таким считаю я себя,

И потому

Как верно то, что вас зовут Родриго,

Будь мавром я, уж Яго бы я не был.

Служа ему, служу и сам себе

И видимостью долга и любви

Я собственные цели прикрываю

Ведь если внешним знаком показать

Природу и лицо моей души,

Наружно проявив их, скоро сердце

В руках таскать я буду, чтобы галки

Ее клевали. Я тогда – не я.
(Уильям Шекспир. Полное собр.соч.

в 8 томах. М., 1936, том 5, стр. 181, 182).
Қ а з а қ ш а:
Ендеше, сабыр етіңіз,

Қызметін өзіне қарсы жолдармын

Екінің бірі бек болмас,

Адал жалшы тек болмас

Аз емесін білесіз

Адал құл да, жорға құл,

Құлдығы мен қорлығын сүйем деп

Мырза мінген ескетей,

Әл-қуатын сарып қып

Жем үшін күн кешетін

Қартайса қаңғып кететін

Сойса деймін сол құлды

Бірақ басқасы да болады –

Қимылы мен қабатқа ғана шырай бар

Жүрек сыры ішінде бекем жататын

Мырзаны құр сыртымен

Ызалап жүріп сыбайтын,

Қуаты жетсе,

Өзіне ғана тартатын

Адас осы десеңші

Міне, өзімді сондай санаймын да,

Сондықтан –

Сіз Родриго болғандай,

Мен Мавр болғанда

Әсте Яго болып қалмас ем

Оған деген қызметім –

Өзіме де қызметім

Қарыздарым, сүйгенім сол деген боп,

Мақсатымның бетін ғана бүркеймін

Барымды сыртқа шығарып,

Сырым, жүзім жанымды

Шыныменен көрсетсем

Онда жүрек немені

Қолыма ұстап, қарғаға шоқытып жүрмеші,

Үйтсем, мен – мен болмаспын!
(М.Әуезов. Шығармалар. 9-том.

А., 1969, 332-333-беттер).
Сөзбе-сөз тәржіме (подстрочник):

О, не беспокойтесь. Я служу ему, чтобы извлечь личную выгоду. Не всем быть гоподами, не всем и господам иметь верных слуг: есть много услужливых, преклоняющих колена дураков, которые, влюбившись в собственное подобострастное рабство, тратят жизни, подобно ослам своих хозяев, за один только корм. Когда они сотарятся, их выгоняют. Пороть бы таких честных холуев! Есть идругие, которые, приняв облик и лицо честно исполняемого долга, в глубине сердца служат самим себе, угождая господам видимой услужливостью, они благоденствуют за их счет, а когда набьют себе карманы, воздают почет себе самим. В таких парнях есть толк. И я причисляю себе к ним. Ибо, сударь, - это так же верно, как то, что вы – Родриго, - будь я мавром, я б не был Яго. Служу ему не из любви, и долга, я делаю тут вид, преследую свою личную цель. Ибо если мое наружное поведение выказывало бы на людях то, что действительно происходит в моем сердце и каким оно является, то вскоре я стал бы ходить с душой нараспашку именя заклевал бы любой простак: Я не то, что я есть. (М.Морозов. Избр. Статьи и переводы. М., 1954, стр. 468).

Бұл ұзақ монологтың қазақша нұсқасынан “Отеллоны” аударғанда Мұхтар Әуезов ұстанған негізгі принциптер айқын көрінеді. Ырғақ тудырушы – жол басында келетін ассонанс, аллитерация, ішкі ұйқас. Тармақтағы буын сандары әр түрлі: 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14.

Кейде тармақ соңындағы сөздер де ұйқасып отырады. Аудармашы ана тілінің лексикалық байлығын, синтаксистік мүмкіндіктерін еркін пайдаланған. Түпнұсқадағы негізгі ойлар қалып қоймай, бұрмаланбай, өз қалпында қазақша жақсы берілген.

“Ызалап жүріп сыпайтын”, - деген жолда корректорлық қате кеткен. Дұрысы “Ырзалап жүріп сынайтын, не “ырзалап жүріп сыбайтын” болса керек. Әуезов Анна Радлова аудармасын негізге ала отырып, оның әрпіне әріп, сөзіне сөз іздемейді, көркемдік, шеберлік мақсаттарын құнттайды.

Сұрқия Яго Дездемонаның әкесі Брабанциоға аттандап жеткен кез: “Сударь, сіз бір қара басқыр адам екенсіз. Әзәзілден әмір алса, құдайын ұмытқанның дәл өзі екенсіз. Біз сізге достық ете келсек, өзімізді сұм демексіз. Тек қызыңызға бербер тұқымды айғыр шауып, бар немере, шөбереңіз кісінеп түрегелсін дейсіз ғой. Тегі желіскерден, кер-торыдан туысыңыз болсын дейсіз ғой. (335-бет).


О р ы с ш а:

Нелегкая возьми вас, сударь: вы один из тех, кто перестанет служить богу, если дьявол вам это прикажет. Мы пришли оказать вам услугу, а вы думаете, что мы мощенники. Вы, вероятно, хотите, чтоб рысаки были вашими двоюродными братьями, а сипанские жеребцы – свойственниками? (ст. 185).

Адамдарды аңға, малға теңеп сөйлеу – залым, қара жүрек Яго тілінің ерекшелігі. Осыны жақсы ескерген аудармашы іріген ауыздан шыққан шіріген сөзді беру үшін әдейі бір ұғымның орнын екінші ұғыммен ауыстырған. Естуге құлақ ұялар сөздерді жұмсартып, оның есесіне психологиялық күйді білдіруге ұмтылған.

Пәле-жала жетті деп, түн ішінде шулатқан Яго сөзінен кейін Отелло сенатқа келіп, сырын ашқан. Махаббат құпиясы енді жария болған.


Д е з д е м о н а:

Бір болам деп Маврды мен сүйгемін

Оны ойнақы тағдырым

Дүниеге паш етті. Жаным менің

Ерлігіне табынған.

Жаны болса Отеллоның

Міне, тұрған жүзінде,

Ерлігі мен абыройына осының

Тағдырымды, жүрегімді арнағам.

Осы жерде әлсіз гүлдей

Мен қалып, ол майдан кетсе,

Өзім сүйген қасиетін көрмеймін

Сүйгеніммен жырақта

Болған күндер ауыр ғой,

Жібер деп бірге өтінем.

(349-бет).


О т е л л о:

Сол тілегін беріңіз деп жалынам

Құдай куә, нәпсінің көп арманын

Ойлай, сұрап тұрғам жоқ

Құмарлықтың қызығы да ойда жоқ

Сөнген ондай жас жалын –

Сұраймын жалғыз, алсын деп ол тілегін,

Зинаһар, ойламаңыз бұнымен

Бірге боп, ауыр зор істі

Бүлдіреді екен деп!

Жоқ, егер ойнақы Амур

Қанаты жеңіл махаббаттың періштесі,

Ой, көзімді суалтып,

Қайратымды ұрласа,

Үйтіп еңбегімді ермек жояр күн болса,

Онда менің дулығамды

Қазан етсін қатындар!

Барлық пәле жиналып

Атағымды қор етсін.

(350-бет).


Дездемона, Отелло монологтары толқыған көңіл, алып-ұшқан жүрек лүпіліне лайық ырғақпен берілген. Тармақтардағы буын сандары айтылмақ ойға бейімделіп, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 болып, өзгеріп отырады. Орыс тіліндегі тіркестердің, жеке сөздердің баламасын аудармашы сәтімен тапқан. “Бурный вихрь судьбы” – “ойнақы тағдыр”, “протрубил” – “паш етті” “легкокрылый Амур - проказник” – “ойнақы Амур қанаты – жеңіл махаббаттың періштесі”, “шлем” – “дулыға” деп алынған.

“Отеллоның” қазақша нұсқасының көркемдік қасиеттерін анық ұғыну үшін оны татар, қырғыз тілдеріндегі аудармалармен салыстырып көрейік:


Т а т а р ш а:

О т е л л о:



Бөтен бер полк, полкының һар солдаты

Аны үзенеке итеп бетсе дә

Әгер де белмәсәм бұл хұрлықны

Мин бәхетле бұлыр идем.

Хәзәр инде барысы да бетте

Сау бұл тынычлығым: якты бәхетем,

Шехрет сею хисен батырлыққа

Әйлендерә торған беек көрәш

Суғыш яланнары, сау булығыз!

Сау бұл, ярсу атым, күңелләрне

Ашқындыра торган дәртле бырғы,

Барабаннар тавышы, флейта моны,

Данлы байрақ, жину тантанасы!

Сау бұлыгыз, Зевес тавышы белен

Үкериуче шомлы, авыр туплар

Отеллоның барар юлы бетте
(Ғабдулла Шамуков аудармасы.

У.Шекспир. Ромео бәлан Джульетта.

Трагедиялар. Қазан, 1956, 96-бет).
Қ а з а қ ш а:

О т е л л о:



Білмей жүрсем, бір қол солдат

Кезегімен көрсе дағы қызығын,

Бақытты күйде қалар ем

Енді мәңгі қош бол, сабыр!

Қош, ырзалық!

Қанатты әскер, сен де қош!

Даңқ құмарды ер дегізер соғыста

Кісінеген ат пенен азынаған керней де,

Қозғау салар дабыл менен сырнай да,

Патша туы, бар таланттар, сен де қош!

Салтанат, атақ, соғыс мақтаны!

Зеңбіректер, сендер де

Қош болыңдар, бітті бәрі

Енді жоқсың Отеллоға.

(391-бет).


Түпнұсқаның сөзбе-сөз тәржімесі.
О т е л л о: Я был счастлив, если бы весь лагерь, саперы и все остальные солдаты вкусили ее сладостного тела, лишь бы я не знал об этом. О, теперь навек прощай, спокойный дух! Прощай, душевное довольство! Прощайте, пернатые войска и великие войны, превращающие честолюбие в довлесть! О, прощай, прощай! Ржущий конь и звонкая труба, возбуждающий дух бараюан, пронзительная флейта, царственное знамя и все достоинства – великолепие, пышнысть и блестящий церемониал войн! И вы, о смертоносные орудия, чьи грубые глотки подражают громом бессмертного Юпитера, прощайте! То, что было деятельностью Отелло, ушло навсегда! (М.Морозов. Избр. Стр. 515-516).

Мағыналық жағынан татарша, қазақша нұсқалар түпнұсқаны дәл беріп тұр. Екеуінде де қалыпты өлеңдерде қолданылатын ұйқас жоқ. Татарша аударманың тармақтарындағы буын сандары, негізінен, біркелкі 10 буынды. Қазақша аударманың тармақтарындағы буын сандарының – 4, 7, 8, 11, 14 болып әр түрлі өзгеріп отыруы ырғақты күшейткен. Отеллоның жүрегі өртеніп, жаны күйген рухани күйзеліс сәтіне лайық монологтың формасы орынды табылған.


Қ ы р ғ ы з ш а:

О т е л л о:



Ақтығың ақ қағаздай аппақтура.

Бетиңе “алдамчы” де ат жазуга

Уялбай айбым қайсы деп сұрайсың

Окшойсуң кечәдегу бузукуга

Айтуга жооругунду содум барбаит

Қарышат жақтарым, чыдай албайт

Албырып әке бетим жалын болуп,

Сөйлеөге тилим келбей булдалактайд

Мен әмес тунук асман бетин жабад,

Күлүш ай жашырынад бүркее қарап

Ааламды айналачан калыс желде,

Өзуңен жийркенип кетип қалат,

Ал өми сен шерменде, сен қарабет,

Бузуку, бетпақ десем туура келет!

Сұрайсың биле туруп қылмышыңды

Айтып бер, қайсы, қайсы екен деп.
(А.Османов аудармасы. У.Шекспир,

Отелло. Фрунзе, 1949, 113-114-беттер).
Қ а з а қ ш а:

О т е л л о:



Ақ қағаз, кітап не керек?

Жазылар сөз “сайқал” болса “күнәм не?”

Ұятсыз, “Күнәм не?” дейсің

Ісіңді сенің атасам,

Бетім оттай жалындап,

Ұятым күлдей сөнер ед

Күнәм не?” Күнәңнан аспан қысылып,



Ай да көзін жұмады

Арсыз жел де жолындағы барды сүйген

Естуден де ұялып

Тығылыпты тереңге

Күнәң сенің немене! О, бұзық!

(415-бет).


Отеллоның қырғыз тіліндегі монолгы 11 буынды, ааба түрінде келетін өлең үлгісімен жасалған. Қазақ тіліндегі монологтың тармақтарындағы буын сандары әр түрлі дыбыс үндестігі, “күнә” сөзінің қайталануы, ішкі ұйқас арқылы ырғақ жасалған.

Мұхтар Әуезовтің аудармашылық палитрасындағы бояулар өте бай. Қазақ тілінің лексикасындағы сан алуан сөздерді автор құлпыртып, жаңғыртып пайдаланады. Дож, синьор, суфлер, лейтенант, генерал, герцог секілді сөздерді аудармашы өз қалпында алған. Труба – керней, флейта – сырнай, свита – нөкер, латук – тікен, колбаса – бүйен, ядро – топ, ночноя рубашка – еткөйлек, носилка – көтергіш, хризолит – лағыл тас делініп дәл баламалары берілген. Рогач – алданған ер, мнительный – сезікшіл, чудной – ерепейсіз, благородный – асылзада, льстивый раб – жорға құл, дикая драка – қырықпышақ, убитый гневом – ашуынан қайғы шеккен, клянусь христовой верой – иманыммен ант етемін, катехизис – мөңкір-нәңкір, хаос – дозақ, клянусь я светом – жарық күнім суалсын, монохиня – сопы қатын болып сәтімен аударылған.

Ырғақ, әуезділік үшін әр түрлі көркемдік құралдар қолданылған.
Қараңғыда қастығын!

Қайда қанқор ұрылар?

Қала қандай жым-жырт ед

Қан төгіс, ей, қан төгіс!

(426-бет).


Қа-қа-қа-қа. Халықтық поэзияда жиі кездесетін ырғақ жасаудың аллитерация тәсілі.
Қай сарайға кезінде

Кезептік барып кірмейді,

Қандай таза жүректе

Қосарда күдік жүрмейді.

(383-бет).


7-8 буынды шалыс ұйқаспен келетін өлең.

Қуарғанның қырық мың жаны болса етті!

Бір-ақ жанға кегім қайтып қанады.

Көзім жетті. Бәрі де рас. Қара, міне,

Махаббатты желге шашып жіберем

Кетті әнеки. Қап-қара кек, шық дозақтың түбінен –

Махаббат, тәж бен тақты бер

Аяу білмес ашуға!

Оқ жыландар қадалған

Көтерілсін бұл кеудем,

(394-бет).


Қа-қа, ке-ке түріндегі аллитерация, “етті-жетті – кетті – махаббатты - тақты” деген ұйқастар Отеллоның ашулы монологына ырғақ бітіріп, жан кіргізіп тұр. М.Әуезов Анна Радлова нұсқасына еліктеп, сөзбе-сөз дәлдікті қуып кеткен кезде көркемдік әлсірейді.

Орысша:


Яго: Будь уверен во мне, Гони деньги. Я часто говорил тебе и говорю снова и снова, что ненавижу мавра: у меня кровная на то причина, и у тебя прицина – не менее основательная. Давай, соединимся, чтобы отомстить: если ты наставишь ему рога, ты себе доставишь наслаждение, а мне забаву. В утробе времени много тайн, которые станут явными. Марш, шевелись, иди, добывай деньги. Завтрашний день нам принесет больше, чем нынешный. Прощай. (Стр. 206-207).

Қ а з а қ ш а:

Яго: Маған шәк қылма. Ақшаңды төк. Мен көп айттым ғой саған, тағы, тағы айтайын – маврға өшпін. Өшігетін жөнім бар, сенің де себебің олқы емес, кел екеуміз бірігелік те, кек алалық. Сен дегеніңе жетсең, өзіңнің құмарың қанады да, менің айызым қанады. Уақыттың құрсағында көп сыр жатыр, жарыққа шығар. Марш, қозғал, бас аяқты. Ақша тап. Ертеңгі күн бүгіннен гөрі көп берейін деп тұр. Қош бол. (352-бет).

“Кровная причина”, “наставишь рога” деген тіркестер солғын аударылған. Сөйлемдегі сөздердің орны да орысша текстің ізімен берілген. Мұндай олқылық әр жерде кездесіп отырады. Дездемонаны өлтіретін сәтте Отелло аузынан айтылатын “молиться” деген үш рет келетін сөзді Әуезов екі рет “намаз оқу”, бір рет “дұға қылу” деп аударады... Намаз оқу – мұсылман дінінің ритуалы. Сондықтан осы орайда үш ретте де “дұға қылуды” қолданған дұрыс еді. Аудармашының кейде мифологиялық ұғымдарға байланысты сөздерді, географиялық атауларды тастап кеткен кемшіліктерін А.Сұлтанов дұрыс көрсеткен.

М.Ритман “Отеллоның” қазақ театрында қойылуына бірнеше мақала арнады.

“Отеллоның” соңғы қазақша басылымында (1969) бірталай сөздерде қате кетіп, көп мағына бұрмаланған.

(Қараңыз: Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. А., 1974, 137-141-беттер).

Қазақ әдебиетіндегі соңғы жылдардағы жақсы құбылыстың бірі - әлем өнеріндегі үздік туындылардың, классиканың жүйелі аударылуы. Абай өнерпаздығында зор дәстүрі жасалған бұл тәжірибенің қазір мемлекеттік, жоспарлы шаруаға айналуы қуантады.

Әр ғасырда, әр жұртта жасалған асыл дүниелердің ана тілімізде сөйлеуі байлығымызға байлық қосады, әсіресе жас буын, кейінгі ұрпақты жан-жақты эстетикалық тәрбиелеуге мүмкіндік береді, профессионалдық тұрғыдан алғанда, қазақ әдебиетінің интернационалдық дәстүрлерінің баюына ықпал жасайды.

Аударма өнерінде әр түрлі тәжірибе қолданылып жүр. Бір автордың шығармасын бірнеше адам аударады. Бір автордың шығармасын бір-ақ адам аударады. Түпнұсқадан аударылады. Аудармадан аударылады. Бір шығарманы бірнеше адам аударады. Қазіргі қазақ аударма өнерінде осы үлгілердің бәрі де бар. Ақындар М.Мақатаев, М.Құрманов, ұлы поэтикалық шығармалар “Фауст”, “Құдіретті” комедияны қазақша сөйлетті.

Сағдидың “Бұстанын” ақын Мұзафар Әлімбаев орыс тілінен аударған. Шығарма парсы – орыс тілдері арқылы бізге жетіп отыр.

Ақындығы қалың жұртқа мәлім, ғалым-әдебиетші, сыншы, аударманың белгілі шеберінің әлем әдебиетіндегі ұлы шығарманың бірін қазақ тіліне аударып шығуы – құптарлық, қолдарлық, қуанарлық еңбек.

М.Әлімбаев “Художественная литература” баспасы 1962 жылы шығарған, В.Державин мен А.Старостин жасаған орысша нұсқаны аударып шығыпты.

Оқи бастайық. “Глава первая. О справедливости, мудрости, рассудительности”.

Қазақша: “Бірінші бап. Әділдік, даналық, парасаттылық”, “Главаны” әдеттегідей “тарау” демей, “бап” деп алу шығарманың шығыстық сипатын айқындай түскен. Парсыша түпнұсқада қалай екенін білмейміз. Ал орысша нұсқада “әділдік, даналық және естілік хақында” деп тұр ғой. Біздің ойымызша, барлық тараулардың (“баптардың”) атындағы “хақында” деген сөзді тастап кетуге болмайды. Бір сөзді алып тастаудың өзі шығарма стиліне әсер етеді. Ойланып көріңіз: “Әділдік-даналық, парасаттылық” деген, “әділдік, даналық және естілік хақында” деген ұғымдар бір емес. Алғашқысында жалпылық мән болса, екіншісінде нақты, даралық ұғым бар.

Орысша-қазақша мәтіндерді салыстырып, аударма сапасына назар салып көрейік.


О р ы с ш а с ы:

Ануширван, когда он умирал,

Призвал Хормуза и ему сказал:

Покинь чертоги мира и покоя,



Взгляни, мой сын, на бедствие людской!

Как можешь ты довольным быть судьбой,

Несчастных сонми видя пред собой?

Любеды оправданья нет

Что спит пастух, а волкий в стаде рыщут.

Иди, пекись о наших, бедняках.

Заботься о народе, мудрый шах!
Қ а з а қ ш а с ы:

Дүние саларында Ануширван

Хормузға өсиет айтып, жан ұшырған

Тысқа шық, тыныштықтың қамалынан,



Көр, ұлым халқыңды мұң, қамады лаң!

Қаптаған қасіреттіні көріп тұрып,

Тағдырға тәнті болма, көңілің тынып.

Отарға қасқыр шапса, қойшы ұйықтап

Дана да ақтай алмас, ойша құптап

Кембағал, жоқ-жітіктің – бәрі бейбақ

Халқыңның панасы бол, қамын ойлап.

(3-бет).
Ең алдымен, өлеңнің “бәйіт” формасы дұрыс сақталғанын айту керек. Екіншіден, кең тынысты, алуан әуезді күрделі шығарманы аудару үшін 11 буынды қара өлең ыңғайлы екендігін автор жақсы ұққан. Теріс кеткен, мағына бұрмаланған жолдар жоқ. Ырғақ, бунақ, тармақ дәл түсіп отыр. “Ануширван – жан ұшырған”, “қамалынан – қамады лаң”, “көріп тұрып – көңлі тынып”, “қойшы ұйықтап – ойшы құптап”, “бәрі бейбақ – қамын ойлап” деп келетін ұйқастарға мін тағу қиын.

Сағди шығармаларының мазмұнында, сюжетінде, поэтикасында ежелгі шығыс әдебиетінің көптеген дәстүрлерінің ізі сайрап жатыр. Дастанда аңыз, миф, тарихи оқиға көп пайдаға асқан. Дидактикалық, философиялық ойларды кей тұстарда ақын ашық афоризм, нақыл, шешендік сөз түрінде айтады. Кей тұстарда сюжеттік оқиғаның шешімі арқылы астарлы ой беріліп емеуірін, поэтикалық тұжырым, жинақтау жасалады. Библиядан, құраннан, басқа да діни кітаптардан келген оқиғалар, кейіпкерлер, тарихи деректер, ғылыми фактілер дастанда мол. Осылардың бәрін қазақша сөйлету Мұзафар Әлімбаевқа көп күшке түскенін ұғу қиын емес.

Тәжірибелі аудармашының қолтаңбасы барлық жерден көрініп тұр. Орыс тіліндегі мағынаны толық жеткізген, өлеңге қойылатын талаптар сақталған. Аудармашы дидактикалық, афористік стильді құнттау негізінде дастанның шығыстық колоритін бере білген.

Әрине, кейбір стильдік, мағыналық селкеулікті көру қиын емес. “Слуга” деген “қызметші”, “малай”, ал “Нөкердің” орысшасы “свита” болса керек. “Дауалау” деген формада етістік “емдеу”, “жазу”, “жөндеу” мағынасын бермейді, ал “дауасын табу”, “дауа болды” дегендегі мән басқа.

“Үмітпен қуғындалған көрер күнін. Тірегі күйресе де деген мығым” деген жолдар орашолақ, қарадүрсін аударылған. “Қуғындағы адамның үміті сөнбейді, ол үмітпен өмір сүреді” деген мағына берілмей тұр.

Дастанда көптеген аңыз, әңгіме, тәмсіл, әфсана, мысал (притча) бар. Кейде оқиға нақты суреттелсе, кейде сюжеттің мазмұны айтылады. Ең алдымен “рассказ” терминін “әңгіме” демей, “хикая” деп алу дұрыс. Өйткені шығыстық, кітаби, ескі оқиғаларды әңгіме деуден гөрі, хикая деген дәлірек.

Аудармашы дәлдікті, орысша текстен ауытқымауды көздегендігі көрініп тұр. “Тәрк ету”, “ғұмыр”, “пақыр”, “даналық”, “ғалым” секілді түбі шығыстан, араб-парсыдан келген сөздерді кең, еркін пайдалану тәжірибесін көреміз.

“Бұстан” қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр. Әділін айтқанда, бұл шығарманың атын естігені болмаса, көпшілік оқырман мәнісін, тарихи негіздерін анық біле бермейді. Осы жағдайларды ескергенде, мына пікірлерді айту керек.

Кітаптың басында Сағдидың өмірін, шығармашылығын баяндайтын ықшам, тұжырымды алғысөз беру қажет еді. Тарихи, мифологиялық, аңыздық сипаты бар сөздер, ұғымдар түсініктемеде кеңірек айтылғаны да дұрыс-ты. Орысша текстегі “Во имя аллаха милосердного и милостивого”, “Восхваление пророка, да благославит его аллах; “Причина написание книги”, “Восхваление Абу-Бакара Ибн Сада ибн Занги”, “Восхваление Сада ибн Абу-Бакара ибн Сада” деген кіріспе бөлімдерді түгелдей аудармай тастап кетудің себебі белгісіз.

Шындығында, бұл ақындық беташарда көп мағына тереңдік, ұлы шығарманың идеялық-көркемдік сырына жетелейтін бірқыдыру бастаулар бар. Бірқыдыру хикаялар да аударылмай қалған.

Түгелдей алғанда, “Бұстанның” қазақша аудармасы жоғары талаптарға жауап беретін сапалы, құнды еңбек екені дау туғызбайды.



Каталог: repository -> history
history -> Қазақ Әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана,
history -> Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
history -> Қазыналы биікте. Р. Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. –Алматы,
history -> Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
history -> ҚазақТЫҢ ЖҮз романы. Оқу құралы. Құрастырып, баспаға дайындаған академик Рымғали Нұрғали. –Астана: «Фолиант», 2004. 456 бет. «Қазақтың жүз романы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет