Ұрықтық дамудың қатерлі кезеңдері


Ұрықтық дамудың қатерлі кезеңдері



бет2/5
Дата14.02.2022
өлшемі383,96 Kb.
#131692
1   2   3   4   5
Байланысты:
ры ты дамуды атерлі кезе дері (1)

Ұрықтық дамудың қатерлі кезеңдері

Жануарлар дамуын зерттеу нәтижесінде дамудың қатерлі кезендері болатындығы анықталды. Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның әр түрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтамыз. Бұл кезендерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің калыпты жүруі бүзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әр түрлі ақаулар қалыптасады. Дамудың қатерлі кезеңі терминін 1897 жылы Браун енгізген болатын.

Дамудың әр түрлі қатерлі кезеңдерінде ұрықтар түрліше факторларға сезімтал болады. Мысалы: дамушы уылдырықтар оттегі жетіспеушілігіне, жылылыққа, механикалық әрекеттерге сезімтал.Онтогенездің кейбір кезеңдерінде ұрықта өте жоғары сезімталдық болатынын австриялық дәрігер Норман Грегг (1944ж) және Кеңес эмбртологы П.Г Светлов (1960ж) анықтады. Дамудың қатерлі кезеңдерінде ұрықта метаболизм, тыныс алу құбылыстары күшейеді, РНҚ қасиеттері, иммундық мәртебесі өзгереді, өсу қарқыны төмендейді. Оттектің және нуклеин қышқылдарының жеткілікті болуы қиын кезеңдер салдарын байқатпайтын факторлар болып табылады. Дамудың қатерлі кезеңдері эмбриогенездің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуімен, морфологиялық жіктелу сатыларымен тұспа-тұс келеді. Адам ұрығының дамуының қиын кезеңдері бірінші аптаның аяғы-екінші аптаның басы аралығы және жүктіліктің 3—6 апта аралығы болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет