Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше



бет3/5
Дата15.01.2022
өлшемі187,85 Kb.
#129353
1   2   3   4   5
Байланысты:
құрмалас сөйлем
Практика СУ за пожилыми людми 7497197b383bc85339a3545669059b18, Сканирование июля 29, 2020 (1), Сканирование июля 29, 2020 (1), жазылым, аннотация (1), мәтін лингв Әдістемелік нұсқау
Салалас құрмалас сөйлем— құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов), себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).

13.12.2021



Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет