Құрмалас сөйлемдердің топтастырылуындағы функционалдық ұстаным. Теңдік және айқындауыштық қатынастар


Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлемдер



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі82,42 Kb.
#86028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
4 лекция

Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлемдер.

Зат атауы мен оның белгісінің арасындағы байланыстан туындайтын бұл қатынас түрі құрмалас сөйлем компоненттері арасында өзіндік ерекшелікке ие

  • Компоненттер құрамында қандай (І) – сондай (ІІ) есімдіктер жұбы қолданылады немесе І компоненттегі қандай есімдігімен атрибутивтік қатынастағы есім сөздердің мəні екінші компонентте ашылады: Өзі қандай көрікті болса, сөзі де сондай келісті. Оның досы Ғафу қандай ақын болса, Ізтай содан кем болмаған (Қ.Мұханбетқалиұлы)
  • Алғашқы компонент құрамындағы зат есімнің не есім мəнді сөздің сыны ретінде мынадай, сондай сөздері қолданылады да, келесі компонентте сол сөздердің мəні ашылады: Жаны сондай сұлу еді, қасына барып ерсі сөз айта алмайсың. Мынадай жағдай болады: сіз туған өлкеңізді көп кезесіз (З.Қабдолов). Мынадай қызық оқиға болған: түн ішінде бір бірімізді танымай амандаспаппыз.
  • Айқындауыштық
  • атрибутивтік
  • Тілдік мəнбірлер атрибутивтік қатынастағы құрмаластардың алғашқы компонентінің баяндауышы етістіктен, құрама баяндауыштардан жасалатынын да нақтылайды. Мысалы: Сондай оқиға біздің басымызда да болды, жап-жас екі қыз бас-аяғы он минуттың ішінде біраз қаражатымызды олжалап үлгерді (газеттен). Аз уақыт ішінде біраз өзгешеліктер болған: бір-бірімен таласа көп қабатты үйлер бой көтерген (газеттен). Асқар əкесі биік жардан құлап түскені туралы түс көріпті: түсінде əкесі биік жардан құлап түсіпті (З.Шашкин)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет