Лекция № Ландшафт компоненттері және ландшафты қалыптастырушы факторлар. Ландшафт құрушы компоненттер



Дата11.06.2023
өлшемі30,19 Kb.
#178615
түріЛекция
Байланысты:
Ландшафт компоненттері
практикалық тапсырмалар Менеджмент, практикалық тапсырмалар 2, Доклад Сәтпаев, практикалық тапсырмалар 3

ЛЕКЦИЯ № 4.


Ландшафт компоненттері және ландшафты қалыптастырушы факторлар.

1. Ландшафт құрушы компоненттер.


2. Ландшафтты қалыптастырушы факторлар.

Климат. Рельеф. Гидрология. Топырақ. Өсімдік жамылғысы.
1. Ландшафтты табиғи географиялық компоненттер құрайды. Географиялық компоненттер деп төмендегілерді түсінеді:


1. жер қыртысының қатты қабатын;


2. гидросфера массасын (жер үсті және жер асты сулары);


3. атмосфераның ауа массасын;


4. өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығын;


5. топырақ жамылғысын.


Географиялық компоненттердің бір-бірімен тығыз байланыстылығын және олардың қүрделі материалдық кешендер немесе жүйелер қүруын, олардың кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып отыруынан көреміз. Осындай өзгерістерді кез келген территорияда кешендік профиль жасау арқылы білумізге болады. Мысалы: солтүстіктен оңтүстікке қарай климаттың өзгеруіне байланысты су балансы, топырақ жамылғысы, өсімдік пен жануарлар дүниесі келісімді түрде өзгереді. Жергілікті жерде мұндай өзгерістерді жер бедерінің әртүрлі элементтері кездесетін жерлерге профиль жасау арқылы көруге болады. Мысалы, су айырығы арқылы беткейге, терраса арқылы өзен арнасына, яғни жер бедерінің өзгеруіне байланысты жер беті шөгінділерінің, микроклиматтың, жер асты сулары деңгейінің, топырақ түрлерінің өзгеруі. Географиялық компоненттер бір-бірімен тек кеңістікте ғана емес, уақыт бойынша да байланысты. Мысалы, климаттың өзгеруі міндетті түрде топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі типті жер бедері пішіндерінің өзгеруіне алып келеді, бірақ бұл өзгеріс бір-талай уақыт бойына созылады. Демек, компоненттер бір-бірімен сәйкестікке келуі керек. Сондықтан ТТК – тек компоненттердің қарапайым жиынтығы немесе үйлесуі ғана емес, ол біртұтасттық қасиеттке ие құрделі материалдық құрама болып табылады. Сонымен, ТТК деген біртұтас ретінде дамитын және өзінің орналасуында өзара шарттанған географиялық компоненттердің кеңістікті-уақытты жүйесі. ТТК жер беті затының белгілі бір деңгейдегі үйымдастырылуы. Компоненттер жеке болуы мұмкін емес, яғни компонент жеке жүйе түрінде болмайды.


2. Ландшафтты қалыптастырушы факторлар. Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе-теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Мысалы, қайсыбір жылдары Алматы маңындағы жеміс бақтары өнім бермейді. Зерттеген кезде сол жылдары жемістер гүлден, тозаңданарда ауа райының қолайсыздығынан жәндіктер дер кезінде ұшпай қалып, гүлдеген жеміс бақтар ұрықтанбай өнімсіз өседі екен. Сондықтан да жәндіктердің ұрықтандырушы әрекеттері жемістердің өнім берунідегі шешуші фактордың рөлін атқарады.
Тағы бір айта кететін жайт — төтенше әрекеттесетін фактордың рөлі ландшафтының құрылымы күрделеніен сайын жойыла береді. Мысалы, жазық жердегі аңызақ пен қара суыққа байланысты болатын жұт таулы жерде еш уақытта байқалмайды. Өйткені тау бедерінің кедір-бұдыры мен биіктігінің әр түрлілігі аңызақ желдіқ арынын, қара суықтың ызғарын басады. Тау беткейінде байқалатын температуралық және ылғал инверсиялары да ландшафт құрамдас бөліктерінің тепе-теңдік жағдайының сақталуына қолайлы әсер етеді.
Ландшафтының тузілуі әр уақытта геологялық-геоморфологиялық факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардың штаты азоиалы болып кееледі. Геологиялық-геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мүхит шараларьша белшектенуі, жер беті жы-ныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады.
Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, климат мұхиттан қашықтаған сайын континенті, немесе мұхитқа жақындаған сайын теңіздік климат болып қалыптасады. Климаттың ерекшеліктеріне қарай ландшафтының басқа да, әсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық (бөлік) бағытта бөлінеді. Жылу мен ылғалдың бойлық бағытардағы әр түрлі мөлшерлерде бөлі-нулерінің айқын мысалдарын Исландия минимумы мен Сібір максимумдарының әсерлерінен көруге болады. Мұхиттар мен құрлықтардағы ауа массасының климатқа тигізетін әрекетіне қарай Еуразия құрлығының ландшафтысы төрт бөлікке бөлінеді. Алғашқысына БатысыЕуропа жатады. Мұнда Атлант мұхитының әрекеті байқалады. Екіншісі — Шығыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батыстан шығысқа қарай ауысуы аиқын байқалғанымен, ландшафтының қалыптасуында континентті ауа массасының әрекеті басым болады. Үшіншісі — Орта және Шығыс Сібір жерлерін қамтып. Сібірлік бөлікке жатады. Мұңда ландшафт мәңгі тоң жағдайында қалыптасқан. Төртінші — Шығыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі.

Жер беті жьныстарының литогенді құрамы жер асты және топырақтағы судың режимін, толырақ қабағының тұздылығын, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі.
Атан айтқанда, жазық жерде жер беті жыныстарының литогенді құрамы саздақты, құмды келеді. Соған орай сазды жынысты жерде зоналы ландшафтыны сор, құмды жынысты жерде шағылдар ерекше керіктендіреді.
Тауда жер беті жынысының литогенді құрамы өте күрделі болады. Ол тасты шағінді жыныстар мен жаңартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы-жақтарлы қабат зарынан, кесектасты блоктарынан турады. Сондықтан жер
Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғаларь; арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауьш рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сипаттан келген ауа ағымының ылгалын тосып қалады да, гумидті ландшафтының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы қалыптасады. Мәселен, Іле Алатауының терістігі гу-мидті ландшафт, ал оның қарсысындағы Күнгей Ала-тауының күнгей беткейі желдің ығында жатқандықтан, аридті болып келеді.
Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін әсері барлық географиялық белдеулерде бірдей бола бермейді, ол ауа массасы айналымының бағытына, таудың биіктігіне, орналасқан жеріндегі климат жағдайына байланысты болады. Еуразияның шығысындағы таулар меридиан бағытында орналасқандықтан, тынық мұхиттық муссонды тосады да, Арктиканың суық ауа массасының ауысуына әсер етпейді. Орал таулары онша биік болмағандықтан, батыстан соғатын желдің де, Сібір антицик-лонының да екпінін баса алмайды. Іле Алатауы мен Алтай тауларының биіктік айырмасы болмаса да, қарсы беткейлі ландшафт айырмасы екі түрлі. Іле Алатауының ылғал айырмасына байланысты бсткейлерінің ландшафтылы белдеулері бір-біріне тіптен ұқсамайды, ал Алтай тауларының ылғалы жеткілікті болғандықтан, ондағы қарсы беткей ландшафт айырмасы онша күрделі емес.
Тау беткейлерінің көрінісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сәулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланстарының ауытқуы артады да, Идиіафтысы аридті бағытта, ал теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылғал балансының артуына байланысты жылу мен ылғал қатынасы үйлесімді болғандықтан, ландышафтысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрінісінің айырмасы қоңыржай белдеуде ғана айқын байқалады, ал ыстық және суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сәулесі жер бетіне 66—90° бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн көкжиектен онша биікке көтерілмейді, сондықтан одан келген жылу мөлшері мардымсыз болады. Осыған байланысты қарсы беткейлердің жылу балансы айырмасының практикалық мәні жоқтың қасы. Көптеген жагдайда тау беткейлерінің циркуляциялық және инцоляциялық әрекеті қатар дамиды. Мұндайда тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқынын арттырьп, қарсы беткейлердің ландшафт айырмасы айқындала түседі. Тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқыны тау беткейлерінің еңістігіне де байланысты. Беткейлері жатық Карпат таулары ландшафтысының айырмашылығы шамалы. Тянь-Шань тауларының беткейлері тік, еңіс болғандықтан, етегіндегі жазықтардан тік көтерілген ауа тез суынады да, шық нүктесі белдеуіндегі (1600—2200 м) бұл жауын-шашын мөлшерін молайтады. Шық нүктесі белдеуінің үстіндегі ауа құрамында ылғал өте аз болады, ол қарсы беткейге ылғалсыз құрғақ куйінде ауысады. Бұл айтылғаннан Тянь-Шань тауларының қарсы беткей ландшафтысының ұқсас құбылыс болмайтындығын түсіну қиын емес.
Таулы аймақтардың тектоникалық-эрозиялық және эрозиялық жолдармен тілімденулері де ландшафтының бөлінуіне әсер ететін фактор. Тау эрозиялық процестер нәтижесінде тауаралық жазықтарға, қауіпі аңғарларына бөлінеді. Таулардың бастапқы беткейлерінен қосалқы бет-кейлер туындайды. Оларға байланысты тауаралық және таулы аңғарлы ауа айналымы кушейеді, климат инверсиясы жиіленеді. Осылайша қосалқы беткейлердің өзіне тән климаты қалыптасады. Олар территориялық табиғат кешендерін түрлендіріп отырады.
Ландшафтының территориялық бөлшектенуіндегі жер беті биіктерінің атқаратын рөлін өткен ғасырдың өзінде-ақ П.П.Семеиов-Тян-Шанский мен В.В.Докучаев тұжырымдап, биіктік зоналылық деген атпен ғылымға енгізген. Ол кездегі биіктік зоналылық туралы түсінік жалпы ұғым шегінен шығын кете алмады. Кейіннен жер беті биіктігінің әсері жан-жақты зерттелді де, биіктік белдеуі деген атпен жалпы географиялық зандылық дәрежесіне дейін көтерілді. Соңғы жылдардағы биіктік белдеуі туралы тұжырым айтқан ғалымдардан А.Г.Исаченко мен НЛ.Гвоздецкийді атауға болады.
Әдебиеттер:


    1. Исаченко А.Г. Ландшафттану негіздері. - А., Мектеп, 1996.

    2. Физическая география Республики Казахстан. - Под.общ.Ред.К.М. Джаналиевой. А., Қазақ университеті, 1998.

    3. Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. - М., 1991.

    4. Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт негіздері. А.,1994.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет