Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қадірлі қала тұрғындары!



бет6/19
Дата21.07.2020
өлшемі39,83 Kb.
#63512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 млрд. 641 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 101,9 пайызға артты.

2016 жылы мал шаруашылығы саласында 1 мың  769 тонна ет5 мың 132 тонна сүт өнімдері өндірілді.

Қаламызда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша біршама жұмыс атқарылды.

«Сыбаға» бағдарламасымен қаладағы 17 шаруа қожалығы «Аграрлық Несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 103 млн. теңге жеңілдетілген несиеге, 19 шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен, барлығы 670 бас асыл тұқымды мал сатып алынды.

Бұл, Қызылорда қаласының аграрлы-индустриялықаймақ ретінде дамуының нақты көрінісі.

Егін шаруашылығы саласында 6 мың 800 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Қала тұрғындарын өзін-өзі көкөніс, бақша дақылдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау мақсатында Қосшыңырау ауылдық округінен өтініш білдірген әр тұрғынға 10 сотықтан маусымдық негізде егістік жерлер үлестірілді.

Қала көлемінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін өткен жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында аптасына бір рет, облысымыздың барлық аудандарының қатысуымен тұрақты түрде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

*******

Қаламыздың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға халықаралық қаржы институттарымен жобаларды бірлесіп қаржыландыру қарастырылып, «Еуропалық қайта құру және даму банкі» мен облыс әкімдігі арасында несиелік келісімдерге қол қойылған.

Осы жобалар аясында 3,9 млрд. теңгенің кредиттік келісім шарттары бойынша жұмыстар басталды.

Ауыз су, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 154,4 млн. теңге, Ұлттық қор есебінен 1 млрд.   389 млн. теңге бөлінді.

Ұлттық қордан бөлінген 1 млрд. 299 млн. теңгеге ұзындығы 14,6 шақырым болатын су құбыры қайта жаңғыртудан өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет