Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа


ТАҚЫРЫП  Фотоға дұрыс түсіру



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

3 ТАҚЫРЫП 
Фотоға дұрыс түсіру
Адамдардың басым бөлігі әлеуметтік желіге өз ойларын жазғысы келеді, 
тіпті жазады да. Бірақ ақпараты қаншалықты қызық және пайдалы 
болғанымен, қаралым мен like аз жиналады. Оның себептерінің бірі - 
сай емес немесе дұрыс түсірілмеген сурет. Біз сізді пропорционалды, 
әдемі және қызықты сурет жасауды үйретеміз.


Телефоныңыздың барлық мүмкіндіктерін білесіз бе? 
Заманауи, соңғы жылдардың телефондары, профессионалды 
фотоаппаратпен түсірілген фотодан кем түсірмейтіндей дәрежеге 
көтерілген. Сондықтан аккаунтыңызда сапалы фотолар болу 
үшін, міндетті түрде фотосессия немесе қымбат профессионалды 
фотоаппарат сатып алудың қажеті жоқ. 
Телефоныңыздың бар мүмкіндігін, және фото түсірудің бірнеше 
құпияларын білсеңіз болғаны. 
Сізде iPhone не Android қайсысы болмасын, барлық мүмкіндіктерімен 
танысқан жөн. Мысалы, HDR фото түсіру мүмкіндігі сапалы фото 
түсіруге мүмкіндік береді. 
Егер экспозициясы әр түрлі, бірақ бір ракурста бірнеше фото 
түсірсеңіз, телефоныңыз ең көркемделген фото ұсына алады. Ақ 
жерлерін ағартып, қара жерін қарайтып дегендей… 
Айта кететін жайт фотоларға арналған фильтрді жиі қолданбаған 
абзал. 
Өкінішке орай, фильтрдің түрлілігінен, фильтрсіз фотолар жоқтың 
қасы. Жасанды көріне бермеу үшін, фотоның шынайы болғаны кейде 
ерекшеленеді.
Әр түрлі ракурсты іздеңіз
Телефонды қолға алып, батырманы барлығы да баса сала алады. 
Ал әдемі фото шығу үшін, неге жақсы ракурс таңдамасқа? 


Өмірге басқа нүктеден қарауға қорықпаңыз. 
Кейін фото түсіруге арнайы дайындалатын уақыт бола бермейді. 
Кейде қызық сәтті тез арада жадыға сақтап қалу керек. Сондай кезге 
де дайын болыңыз. Оған арнайы телефонның ыстық батырмалары 
бар, мыласы iPhone экранын сол жаққа қарай ығыстырсаңыз, фото 
функциясы бірден шығады. 
Әр түрлі қашықтықтан түсірген фото.
Бір камера бола тұра, ракурстан басқа, қашықтықта рөл атқарады. 
Жоғарыда көрсетілген фотода, қызды әр түрлі объективпен түсірген. 
Бір қыз, бір жер болса да, 4 түрлі эффект. 
Фотоны жиі шығара бергеннен де аулақ болған дұрыс деп есептейміз. 
Инстаграм слайд мүмкіндігін қосса да, әлі күнге дейін, тойдағы 
фотоларды 10-15 постқа созып жіберетін аккаунттар бар. Бір фотоны 


қайталай бермей, Фотоның санына емес, жалпы посттың сапасына мән 
беру керек. 
Немесе керісінше, әдемі жерде, телефонға бір рет қана фотоға 
түсіп, сосын қарап жатса, бұлынғыр болып қалатын жайттар да бар. 
Сондықтан бірнеше рет фотоға түсу керек. Соның ішінен ең жақсысы 
дегенін таңдап, инстаграмға жариялайсыз. 
Жарық
Фото түсіру туралы айтып, жарықты айтпауға болмайды. 
Өйткені фотоның жақсы, не жаман шығуында жарық өте маңызды. 
Профессионал фотографтар табиғатта фотоның жақсы шығуы үшін, 
күн енді атар кезде, арнайы 5-6 да фотоға түсіретін кездері болады. 
Фотоны түнде, не күн тура жоғарыда, яғни түс кезінде түсірмеген дұрыс. 
Фотостудия жасанды жарықтарды міндетті түрде пайдаланады. 
Сіздерге арнайы құрылғылар алудың қажеті жоқ. Тек бөлмеде фотоға 
түсірер алдында, максималды жарық жерде, терезенің маңында түскен 
фотолар әдемі шығады. 
Үштік ережесі
Фотолардың үйлесімді шығуы үшін, үштік ережесі бар. 
Смартфоныңызда, камераға линиялар не сетка функциясын қосыңыз. 
Яғни 3 көлденең, 3 тігінен сызық шығуы керек. Сетканы қалай қосатынын 
білмесеңіз: тура өзіңіздің смартфоныңызға қатысты моделін Гууглға 
айтып, біліп аламыз. 
Ең басты объект сызықтардың қиылысқан жерінде орналасу қажет. 
Үштік ережесі


Дұрыс-бұрыс мысалдар. Бірінші суретте бала фотоның үлкен 
бөлігін алып тұр. акцент оң жақта. Екінші суретте қыз қатты шетке кетіп 
қалған, бос орын өте көп. Үшінші суретте қыз, сызықтар қиылысында 
орналасқан. фото үйлесімді. 
Симметрия, перспектива
Кей жағдайда фотода симметрия, және белгілі көріністің аяқталған 
образы рөл ойнайды. Сондықтан толыққанды фото түсіру үшін, 
алшақтан, бөлмеде болсаңыз, бөлме бұрышынан түсіру керек. Сіздерге 
симметрия, перспективасы бар фотолар нұсқасын үсынамыз. 


Центр, басты объект
Өнімді көрсету үшін, оны тура фотоның ортасына қойып түсіруге 
де болады. Сонда барлық зейін, өнімде болып, өзіне назар аудартады. 
Бұл фото түсіру әдісі, интернет дүкендерінде жиі қолданылады. Өнімнің 
артықшылықтарын максималды түрде ашу үшін, фонның бір келкі, не 
фотода артық заттардың болмағаны дұрыс. 


Мысалдар
Жоғарыдағы екі сурет, дұрыс емес фото мысалы. Фотода заттар 
саны өте көп, зейін шашырап, фотоның қай объектісіне аудару керек 
екені түсініксіз.
Дұрыс мысалдар, фон бір келкі, артық зат көп емес, керісінше 
үйлесімді, көрініс толық аяқталған.
Жеңске жетудің қазақша жолы қызықтырса, «Екінші болма! Бизнесте, 
карьерада және өмірде жеңіске жетудің қазақша жолы» кітабын сатып 
алыңыз. Қазақстан бойынша «Меломан» дүкендер желісінде немесе 
www.2-bolma.kz 
сайтында, 8-778-066-66-08 нөмірі бойынша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет