Құрметті түлектер мен жоғары оқу орындарының студенттері!


Гранттар қандай университеттерге және қандай мамандықтарға беріледі?



бет3/7
Дата17.02.2023
өлшемі35,65 Kb.
#169142
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
в СМИ по грантам Ru-Kz ОК
Патолог.анат фельдшер . каз. 2021- , 7кл КСП я2
3. Гранттар қандай университеттерге және қандай мамандықтарға беріледі?
«Қазақстан халқына» ҚҚ-ң 2022-2023 оқу жылына білім беру гранты» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын ЖЖОКБҰ (университеттердің) тізбесі «Қазақстан халқына» ҚБ-ң https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs/17-charity-ru/190 сайтында жарияланған.
Мамандықты түлектің өзі таңдайды, яғни мамандықтар бойынша шектеулер жоқ.
4. Грант қандай оқу кезеңіне таралады, оқу құны бойынша шектеме бар ма?
Шәкіртақы төленетін грант Бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды.
Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.
5. Грант алушылардың Қордың алдында қандай да бір міндеттемелері бар ма?
Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.
6. Грант беру туралы кесімді шешімді кім қабылдайды?
Ағымдағы оқу жылында түлектердің арасынан үміткерлерді іріктеуді білім беру гранттарын жүзеге асыру аясында ЖЖОКБҰ (университтер) жанында әрекет ететін қабылдау комиссиясы немесе кез-келген басқа комиссия жүзеге асырады. Яғни, түпкілікті шешімді ЖЖОКБҰ жанындағы Комиссия қабылдайды. Қорға қабылдау комиссиясының отырысындағы хаттаманың көшірмесі және іріктеуден өткен үміткерлердің тізімі беріледі.
Студенттердің арасында грантқа үміткерлерді іріктеуді «Taiburyl» ҚБ жанында құрылған комиссиялар жүзеге асырады. Қорға қабылдау комиссиясының отырысындағы хаттаманың көшірмесі және іріктеуден өткен студенттердің тізімі беріледі.
7. Студент қандай жағдайларда гранттан айырыла алады?
Білім беру грантын төлеу мынадай жағдайларда тоқтатылады:
- жеке себептері бойынша немесе денсаулығына байланысты оқуын тоқтатқан кезде (академиялық демалыс), студент білім беру ұйымынан шығарылған кезде, студент басқа оқу орнына ауысқан кезде, студент алмасу бағдарламаларының аясында басқа білім беру ұйымында оқыған жағдайды ескермегенде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет