Рт-40 және рт-50 релесінде орындалынған фаза аралық қысқа тұйықталулар мен жүктелуден қуаты 2000 кВт дейінгі асинхронды қозғалтқыштың қорғанысымен студенттерді таныстыру



бет1/2
Дата29.09.2023
өлшемі86,03 Kb.
#183032
  1   2
Байланысты:
2 лаба
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, 4-Дәріс ЭжАТҚ, Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері-melimde.com, 1 rubezhka

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Ғұмарбек Даукеев атындағы АЭжБУ колледжі»
«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылған көздері» кафедрасы
№2 зертханалық жұмыс бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Пәні: Электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысының негіздері
Тақырыбы: Асинхронды қозғалтқышының максималды ток қорғанысын және ток үзіндісін зерттеу
Мамандығы: 6В07101 – “Электроэнергетика”
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:

_______ ________________ «____» ________________2022ж.


Алматы 2022


Мазмұны
2.1. Жұмыстың мақсаты..........................................................................................3
2.2. Зертханалық стендтің түсіндірмесі.................................................................3
2.3. Тапсырма...........................................................................................................4
2.4. Есептеулер.........................................................................................................5
2.5. Қорытынды........................................................................................................6

2.1. Жұмыстың мақсаты: РТ-40 және РТ-50 релесінде орындалынған фаза аралық қысқа тұйықталулар мен жүктелуден қуаты 2000 кВт дейінгі асинхронды қозғалтқыштың қорғанысымен студенттерді таныстыру.
2.2. Зертханалық стендтің түсіндірмесі
Амперметрлер, РТ-40 ток релесі, уақыт релесі (УР) және катушкалар стендке шығарылған аралық реле және блок контактілер электр қозғалтқышының және батарея конденсаторларының тогын мен қорғанысын өлшеу үшін қолданылады. Басқарудың салыстырғышы ИУ-1 таңдау бойынша электр қозғалтқыштың немесе конденсатор батареяларының шығысындағы қысқа тұйықталуды табуға мүмкіндік береді.
Бұл зертханалық жұмыста қуаты Рдв.н.≤2000 кВт кернеуі 6-10 кВ тек қана асинхронды қозғалтқыштың қорғанысы зерттелінеді. Зерттеу моделі стендтің артында орнатылған қуаты аз Рн=2 кВт; Uн=0,4 кВ; cosφ=0,8; КТА=20/5 электр қозғалтқышы болып табылады.
Электр қозғалтқышына параллель – жұлдызша жалғанған модельге кедергісі R қосылған. Бұл кедергі R қозғалтқыштың номиналды тогына Iқоз.ном сәйкес келетін токты қамтамасыз етеді. Электр қозғалтқышының іске қосылуы имитациясы үшін кедергінің R бір бөлігі шунтталады, ол оның номиналды токтың бес еселік мәнін қамтамасыздандырады, яғни Iқоз.іс.қосуп•Iқоз.ном. Іске қосылудың ұзақтылығы стендтің артында орналасқан контактілері басқару сұлбасына қосылған уақыт релесінің 2УР тағайыншамаларының өзгеруімен оқытушымен өзгертілуі мүмкін. Бұл іске қосылудың жеңіл, орташа және ауыр имитациясын қамтамасыз етеді. Жүктелу КУ-1 көмегімен кедергінің R бір бөлігін шунттау арқылы іске асырылады. Бұл жүктелуден электр қозғалтқышының номиналды тогының екі еселік мәнін және ток релесінің уақыт ұстанымен әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Электр қозғалтқышының қысқышындағы (зажим) қысқа тұйықталу ИУ-1, ИУ-2 кілттерімен R2 кедергіге тізбекті тұйықтаумен, тумблерлерді қосумен және ҚТ батырмасын басу арқылы іске асырылады. ҚТ-дың уақыты стендтің артында орналасқан 3УР уақыт релесімен шектелінеді. ИУ-2 кілтін I немесе II жағдайына қойып және 1Т, 2Т немесе 3Т тумблерлерін қосып екі және үш фазалы ҚТ екі мәнін алуға болады. Бұл ҚТ токтарының әртүрлі мәні кезінде электр қозғалтқышының ток үзіндісінің сезімталдығын тексеруге мүмкіндік береді. Сұлба қорғанысы фаза токтарына және екі фаза токтарының әр түрлілігіне орындалуы мүмкін. Сұлбада трансформация коэффициенті КТА=4 А және С фазасында орналасқан, екінші орамының клеммалары стендке шығарылған ток трансформаторлары қолданылады. А1 және А2 амперметрлері қозғалтқыштың іске қосу және жұмыс токтарын өлшеуге, ал А3 қозғалтқыш шықпасындағы (зажим) ҚТ токтарын өлшеуге арналған. ҚТ токтары өзгерген кезінде А1 және А2 амперметрлері шунтталынады.
Стендке А автоматы арқылы айнымалы токтың кернеуі 220 В беріледі, осы кезде жүйенің кернеуде тұрғанын көрсететін табло жанады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет