Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі


Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу –



бет6/6
Дата27.04.2022
өлшемі5,08 Mb.
#141149
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих през
60512754.a4, Презентация (11) туған жерім

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Жылдам дәуірде кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.


4
    • Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Жылдам дәуірде кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.


5

ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.

Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады.

Бұл кезеңде елімізде белгілі

бір жаңғыру болды. Бірақ,

бұл – ұлттың емес,

аумақтың жаңғыруы.

Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді.

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды. Сананың ашықтығы: - Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді; - ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз; - бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.


6

ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР


1
    • Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру

2
    • Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы

3
    • Мәдениет және салт-дәстүрлерге айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі «Туған жер» бағдарламасы

4
    • «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы

5
    • Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы

6
    • «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына назар аудару

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет