Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет19/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Аударыспақ

«Аударыспақ» ─ өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлттық спорт ойыны. «Аударыспақ» – қазақ халқының арасында кеңінен таралған ойын. Балалар екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай), ұзындығы 70-80 сантиметрдей ағаш аттарға мінеді. Бір-біріне қапталдас орналасқан ағаш аттардың ара қашықтығы екі жақтан созылған қол жететіндей болса жеткілікті. Оларға мінген шабандоз балалар бір-біріне қарама-қарсы отырып қол ұстасады. Төрешінің белгісімен бірін-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын ағаш аттан аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Онда ойын шарты бұзылады. Ойын алаңының айналасына құм немесе жұмсақ кілем төселуі керек. Қай топ жеңсе сол топ жеңімпаз атанады.




Теңге ілу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әр қайсысы жеке- жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан теңге салынады. Содан соң екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, теңгені іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған теңгелерінің санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.




Түйілген орамал

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады, қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.


38
Қара құлақ

Ойынға 5-10 бала қатысады. Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады. Басқалары әрі кетеді. Содан кейін ойынға қатысушылар қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі.


Таяп келіп мынау кім?–деп бір-бірінен сұрасады. Біреуі ой бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі. Қалғандары да – қарақұлақ, қара құлақ!-деп бытырай қашады. Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады. Ұсталған бала қарақұлақ болып, ойын әрі қарай жалғасады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет