Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет9/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады.


Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

  • аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған

24
іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;








  • балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;




  • әрбір балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы заттық дамытушы ортаны (орталықтарға бөлу және оның балаларға қолжетімді болуын қарастыру, оның мүмкіндіктерін барынша қолдану) құру.

Түрлі жас топтары перспективалық жоспарында балалардың жасына сәйкес


(егер 3, 4 немесе 5 жастағы балалар болса онда осы аталған жас балалары үшін) Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес міндеттер жеке-жеке көрсетіліп, ортақ бір жоспар жасалады (1 қосымша). Ал циклограмманы жасауда осы міндеттерді шешу үшін балалардың түрлі әрекеттері айқындалады. Балалардың түрлі әрекеттерін ойын түрінде ұйымдастыруда балаларға тапсырмалар жасына сәйкес беріледі.


Арнайы жасақталған қызығушылық орталықтарында балалардың еркін ойындары мен дербес әрекеттері үшін уақыт бөлінуі керек.


Еркін ойын балалардың кез-келген еркін әрекеті, ол тек ойын сипатында ғана болмайды, басқа да әрекет түрінде болуы мүмкін (мысалы, өз қалауы мен ойлауы бойынша сурет салу, ұсақ моториканы дамыту үшін материалдарды қолдану және т.б.).


«Еркін ойын» баланың ойынға арналған материалдарды және ойындағы серіктесін өздігінен таңдауын, ойын кеңістігінде өз қалауы бойынша әрекет етуін білдіреді. Бірақ, мектеп жасына дейінгі балалар еркін ойынды өздігінен басқара алмайтындықтан, педагогке баламен өзара әрекет ете отырып, оған бағыт беру, әңгімелесу арқылы жетекші сұрақтар қою және баладан толық жауаптар алу ұсынылады.


https://youtu.be/LZYSO4PE3_Q


Педагогтің міндеті — әр балаға өзінің қызығушылықтары бойынша әрекетпен айналысуға жағдай жасау, балалардың зерігуін болдырмау.


Еркін ойын

Еркін ойын балалардың ойын әрекетін дамытуға септігін тигізеді, ол ересектердің қатысуымен де, қатысуынсыз да өткізіледі, еркін ойын балаға өзін белсенді түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Ойынның мәні-балаға еркіндік берілуінде. Бала өзі ересек адамның қатысуынсыз, қоршаған ортадан көргендерінің бәрін ойынға енгізеді. Ойынның мазмұнын балалардың өздері толық анықтайды және кейде мүлдем күтпеген оқиғалар болуы мүмкін. Бұл жағдайда таным процесі жетілдіріледі. Еркін ойын - балалардың өз ерік-жігерін сыртқы әлемнің заттарын тануға бағыттайтын, әртүрлі біліктер мен дағдыларды меңгеретін табиғи әрекеті. Балалар өз ойларының ықпалымен өз бетінше әрекет етеді, оларды жүзеге асырады, әлемді таниды. Алдын-ала әзірленіп,


25
ұйымдастырылған ойын қызықсыз болуы мүмкін және бұл ойында балалар шынайылық танытпайды.

Тәрбиешінің міндеті- балаларды әртүрлі, қарқынды ойын әрекеттеріне, еркін ойын ұйымдастыруға ынталандыру балаларға ойын барысында қажет болуы мүмкін заттарды (үстелдер, орындықтар, мата қиындылары, орамалдар, тақтайшалар, төсеніштер, жастықтар, әртүрлі табиғи материалдар және т.б.) дайындау немесе олардың қиялын оятуға мүмкіндік беру.


https://youtu.be/RKVf1UwpnKw


https://youtu.be/YhrUVzV-kDQ


https://youtu.be/_EIee0XGo4w
https://youtu.be/Q-15td3aYIc
https://youtu.be/hw-SaijUqFs
https://youtu.be/yjYIlJZ5YfQ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет