Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет7/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Тамақтануға дайындық

Әр тамақтану алдында балалардың ыстық тамаққа күйіп қалмауы үшін тәрбиеші баяу әрекет түрлерін ұйымдастырады. Балаларды еңбек әрекетіне баулу, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретуде ересек топтан бастап


21
балалардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Кезекшілікке балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін арнайы алжапқыштар мен қалпақтар дайындау маңызды. Кезекшілікті атқару кезінде педагогтің балалармен әңгімелесуі қажет, жетекші сұрақтар қою арқылы балалардың назарын үстелдегі асхана құралдарына аудару ұсынылады (қанша қасық немесе тәрелке қойдың?, кесенің түсі қандай?, тәрелкенің пішіні қандай? және т. б.).


Гигиеналық шараларды ұйымдастыру, балаларды дербестікке баулу: қолдарын ескертусіз өздігінен жуу, негізгі ережелерді сақтау. Қолды жуудың маңызын оның денсаулықты сақтау үшін өмірлік қажетті дағды екенін балалармен талқылау. Жуыну кезінде балалардың жақсы көңіл-күйде болуы үшін педагог сабырлы және мейірімді болуы қажет, сондай-ақ балаларға гигиеналық шараларды дұрыс орындауға көмектесуі керек, тақпақтар, шағын өлеңдер, қолды дұрыс жууға көмектесетін көрнекі материалдарды қолдануға болады.


https://youtu.be/s7MFTllOhPk


https://youtu.be/4EWAXsFvqZM
https://youtu.be/zbeYvWI9YyE
https://youtu.be/C2T9ws-Fcis


Тамақтану (таңғы ас, түскі ас, бесін ас)

Тамақтану кезінде балалардан толық тыныштықты талап етпей, өздерін еркін сезініп, бір-бірімен жай әңгімелесуге мүмкіндік беру ұсынылады. Балаларды асықтырмай, оларды орынсыз ескертпелермен алаңдатпай, тағамның жағымды түрі, дәм, иісі, пайдасы туралы әңгімелесе отырып, балалардың назарын тағамға аудару қажет. Кейбір балалардың тамақты асықпай жейтінін, ал кейбір балалардың жылдам жейтінін ескере отырып, оларды асықтырмай, керісінше тамақты жақсылап шайнауға, ұсынылғанның бәрін тауысып жеуге үйрету керек.


Балаларды үстел басында тамақты күтіп отыруға немесе тамақтанғаннан кейін үстел басында отыруға мәжбүрлеуге болмайды. Балалар мынадай ережені білуі қажет: тамақ ішіп болғаннан кейін алғыс айту және басқалары тамақтанып болғанша ойнауына болады.


https://youtu.be/KsXdpGSnz7I https://youtube.com/shorts/3qFQx8NbxYM?feature=share






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет