С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет11/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
ktj 20324
жұмысқа қабылдау, Вопросы для подготовки к тестам
 

 

5-дәріс. 

Тарихи деректерді талдау әдісі. 

1. Деректанулық  сын

2. Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі  — методология, методика 

және техника. 

3.  Деректермен  жұмыс  істеудің  негізгі  үш  кезеңі:  деректерді  іздеу,  табу 

(деректанулык,  эвристика),  деректанулық  талдау  (сын),  деректердегі  алынған 

мәліметтер нақты зертгеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау (методика). 

 



13 

 

Дәріс  тезистері: 

Тарихи  деректанудың  өзекті  мәселесі  деректегі 

сақталынған  ақпарларды  ала  білу  жолдарын  іздестіру  және  сол  ақпарларды 

тарихи  зерттеулерде  ғылыми  пайдалана  білу  тәсілдері.  Деректанулық    сын

В.Н.Татищев  деректанулық  сын  туралы.  А.Л.Шлецердің  тарихи  деректанулық 

сынды  негізгі  топтарға  бөлуі.  Ол  тарихи  сынды  үш  топқа  бөлу  арқылы 

жіктеген: 

1. Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау. 

2. Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын 

және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс 

па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін 

анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын 

(ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау 

дейді. 

Жазба  дерктерді  ғылыми  сынның  негізгі  ережелері  белгілі  деректанушы  

А.С.  Лапо-Данилевскийдің  еңбектерінде  жан-жақты  көрсетілген.  Ол  екі 

кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын». 

Тарихи деректерге мұндай  көзқарас алдыңғы  парагровта  айтылған белгілі 

француз  ғалымдары  Ш.Лангуа  мен  Ш.Сеньбосқа  да  тән  болды.  Олардың 

Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде 

шынайылықта айқындау «автордың көңіл күйін анықтау арқылы жүреді»-дейді. 

Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі - методология, методика 

және техника. Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық, принцип 

– деректану методикасының негізгі принциптері. Деректермен жұмыс істеудің 

негізгі  үш  кезеңі:  деректерді  іздеу,  табу  (деректанулык,  эвристика), 

деректанулық  талдау  (сын),  деректердегі  алынған  мәліметтер  нақты 

зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау (методика). 

Тарихи деректерге мұндай  көзқарас алдыңғы  парагровта  айтылған белгілі 

француз  ғалымдары  Ш.Лангуа  мен  Ш.Сеньбосқа  да  тән  болды.  Олардың 

Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде 

шынайылықта  айқындау  «автордың  көңіл  күүйін  анықтау  арқылы  жүреді»-

дейді. 

Ғылыми  еңбектерде,  деректану  бойынша  жүргізілген  кәзіргі  зерттеулерде 

деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты 

зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. 

Сондықтан  методтың  ауқымы  кең,  оған  методика  да  енеді.  Ол  негізгі  үш 

құрамдас бөлімнен тұрады: 

-  Нақты  методология-басқаша  айтсақ,  метод  теориясы,  осының  негізінде 

ғылыми таным принціптері жасалады; 

- Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері

- Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы. 

Үш  құрамдас    бөлім-  методика,  методология  және  техника  бір-бірімен  тығыз 

байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.  

 

 



14 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет