С. Ж. Асфендияров атындағЫ


«Тәтті ұйқы – тәнге шипа»



бет6/8
Дата13.11.2016
өлшемі2,02 Mb.
#1627
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

«Тәтті ұйқы – тәнге шипа»

Негізінен, ұйқыға ертерек жатуға дағдыланған жөн. Ағзаны бір мезгілде ұйықтауға үйрету – денсаулыққа өте пайдалы. Ұйқыға ерте жату үшін мына ақыл-кеңестерді орындауға тырысыңыз: ұйықтар алдында теледидарды көрмеңіз. Әсіресе, жаңалықтарды тыңдамаңыз. Теледидар бағдарламасы, оның ішінде кейбір жағымсыз жаңалықтар адам миын әртүрлі мәселелерменшаршатып, мазасын алады, ойға батырады. Ондай жағдайда ұйықтап кету оңайға түспейді. Сол себепті, ұйықтар алдында қуанышты, көңілді ойларға берілгеніңіз дұрыс. Жатын, яғни, ұйықтар бөлме қараңғы болсын. Өйткені, көздің қабақтары жұқа келетіндіктен, ұйықтап жатқан көз мимен бірге терезеден түскен жарыққа да, теледидар сәулелеріне де мазасызданады. Пәтеріңіздегі, үйіңіздегі ұйықтайтын бөлменің тыныш болуы, сырттан ішке ешқандай дыбыстың естілмеуі өте маңызды. Компьютердің гуілі, көршілердің айқай-шуы, сөндірілмеген теледидардың дауысы ұйқының тыныштығын бұзады, адамның жүйкесін шаршатады.

Академик И.Павловтың айтуынша, ұйқы жүйке жүйесінің «құтқарушысы», ол ең алдымен миды тынықтырады. Ұйқы жүйке жүйесін күйзелуден сақтайды. Ұйқының көмегімен жүйке жасушалары келесі жұмыс күніне дайындалып, көңілдің көтеріңкі болуын қамтамасыз етеді, адамның жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді.

Ұйқы кезінде ағза тынығады, жүйке жүйесіне түсетін ауыртпалық азаяды.

Ұйқының ұзақтығы адамның денсаулық жағдайына, жасына байланысты. Әдетте мектепке дейінгі 5-7 жастағы балаларға 12 сағат, төменгі сынып оқушыларына (7-11 жас) – 11 сағат, ересек адамдарға 7-8 сағат ұйықтау ұсынылады.

Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс.

Жақсы желдетілген немесе терезесі ашық бөлмеде, яғни ауасы таза жерде ұйықтаған жөн. Терезені ашып ұйықтауға жыл мезгілінің жылы кездерінде ғана үйренуге болады. Бұл жағдайда тыныс алу тереңдеп жүрек бірқалыпты соғатын болады. Ағзаның таза ауамен тыныс алып отыруы мидың қызметін жақсартып, оны қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Ғалымдардың атуынша, ұйқы режимін сақтамау, ауа жетіспеу, айқай-шу ұйқының бұзылуына себеп болады.

Ұзақ уақыт ұйқы қанбаса адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, басы ауырып, әлсіздік пайда болатыны дәлелденген.

Адам табиғатын, оның ұйқысын зерттеушілер төсекке жатқанда «мен таңертең сағат соншада ұйқымнан тұрамын» деп бірнеше рет қайталап айтса, осы уақыт миында сақталып қалып, ойлаған кезінде оңай тұрады, - дейді. Өмірде іске асыруға жеңіл ақыл-кеңес, сынап көріңіздер.


4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ұйқының адамға қандай маңызы бар?

  2. Жақсы ұйықтау үшін қандай жағдайларға мән беру керек?

  3. Ұйықтайтын бөлме қандай болуы керек?

  4. Ұйқысы қанбаған адамның жағдайы қандай болады?

  5. Ұйқысы қанған адамның жағдайы қандай болады?


1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аударып, сөйлемдерге сұрақ қойыңыз?

Ағза ұйқы арқылы тынығады, өзін ширақ сезінеді, еңбек етуге деген құштарлығы артады. Дене температурасының бәсеңдеуі ұйқыға кірісудің ішкі белгісі (сигналы) болып саналады. Ұйқысыздық адам ағзасы үшін зиянды. Ұйкы қанбаса, бас ауырып, мең-зең болады, шаршайды. Есте сақтау кабілеті төмендеп, жүйке жөне т. б. ауруларға шалдығуы мүмкін.Жаңа туған нәресте тәулігіне - 21-22 сағат, алты айлық нәресте 14 сағат, бір жасар сәби 13 сағат үйыктайды. Төрт жасар сәби төулігіне - 12 сағат, жеті жасар бала - 11 сағат, он жасар бала - 10 сағат ұйықтайды. 15 жасар жасөспірім төулігіне - 9 сағат, 17 жасар жасөспірімдер 7 - 8 сағат ұйықтаса да жеткілікті. Ұйқы кезіндегі мидың белсенділігіне байланысты үйкы екі түрге бөлінеді. Оның бірі баяу ұйқы екіншісі - тез ұйқы. Баяу ұйқы кезінде ми қыртысында баяу, биоэлектрлі толқындар пайда болады. Бұл кезде тынысалу, тамырдың соғуы баяулайды, бұлшықеттер босаңсиды, қан қысымы төмендейді. Адамның козғалыс белсенділігі төмендеп, тез ұйқыға кетеді.



5-тапсырма. Жақсы ұйықтаудың қарапайым тәсілдерін оқып, есте сақтаңыз.


  • Төсектің қамын ойлаңыз. Дұрыс таңдалған көрпе мен ыңғайлы жастық та ұйқының сапасына әсер етеді.

  • Төсекке тікелей жатардың алдында ұйықтайтын бөлмені жақсылап желдету керек.

  • Кешкі хош иістендіруші шомылу тек денеге ғана емес, сонымен бірге жанға да босаңдатушы әсер етеді.

  • Тым кеш жатпауға тырысыңыз және таңертеңгі сағат 7-ге қарай тұрыңыз.

  • Ұйқы алдындағы соңғы 5 минуттың ұйқының сапасына әсер ететінін ұмытпаңыз, сондықтан бұл кезде ең жағымды сәт туралы ойлаңыз.


6-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыпша қойыңыз.

Ұйқының бұзылуы ағзада бұрыннан қалыптасқан биологиялық ырғақтардың бұзылуына өсер етеді. Ұйқының бұзылуынан жеке мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметтерінде ауытқу байқалады.Ұйқының көп таралған бұзылуының бірі - ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі,мазасыздық,ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан болады.Ішімдіктер ішу адамның ұйқысының қатты бұзылуына әкеп соғады.Ұйқысыздықты болдырмау үшін дұрыс демалып,көп таза ауада серуендеу керек.Міндетті түрде жақсы желдетілген бөлмеде ұйықтау, жәнеде көрпемен бетті жауып алмай, барынша жеңіл әрі ыңғайлы киімде ұйықтау керек.


10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативтік компетенция бойынша

1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды

айтыңыз.

  1. Өзіңіз ұйықы гигиенасын қалай сақтайсыз?

  2. Ұйқысыздықтан құтылудың қандай жолы бар?

  3. Қалыпты, тыныш ұйқыны камтамасыз ету үшін қандай ережелерді есте сақтау керек?

  4. Жақсы ұйықтаудың қандай тәсілдерін білесіз?

  5. Адам өмірінің қанша бөлігін ұйқымен өткізеді?


Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

2-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.


  1. Ұйқы тынықтырады, Жұмыс – шынықтырады.




  1. Тұр-тұрдан хабар келсе,

Ұйқыдан маза кетедi.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

3-тапсырма. Ұйқының маңыздылығы туралы ғалымдардың айтқан ой-пікірлерінің

мағынасын түсіндіріңіз.

  1. Барлық қалыпты процестердің ішіндегі патологиялық емес тазартуға бейімі ұйқы. Ауыр тынышсыздықтан немесе ақыл шатасуларынан арылудың ең жақсы тәсілі – ұйықтап алу.

(Виктор Пекелис).

  1. Ұйқы барлық дәрілерден жақсы. Ұйқы емдеуші дәрігерден қымбат. Ұйқың қанып тұрғаның – жасарып тұрғаның. Кімге ұйқы әрдайым келіп-кетіп жүрсе, кімге белгілі бір уақытта, белгілі бір мезгілде ақырын ғана білінбей келіп, сол келгеніндей білінбей кетіп отырса, сол адам бақытты.

(Гейне)

  1. Сағат үшін оның серіппесін бұрап жүргізу қандай қажет болса, адамға ұйқы да сондай қажет.

(Шекспир)

2-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Ұйқыға ерте жату, ұйықтар алдында, жағымсыз жаңалықтар, адам миын шаршату, ойға батыру, оңайға түспейді, көңілді ойларға берілу, жарыққа, теледидар сәулелеріне мазасыздану, ұйықтайтын бөлменің тыныш болуы, дыбыстың естілмеуі маңызды, айқай-шу, теледидардың дауысы, ұйқының тыныштығын бұзады, миды тынықтыру, жүйке жүйесін күйзелуден сақтау, адамның жұмыс істеу қабілеті, ағза тынығады, жақсы желдетілген, терезесі ашық бөлме, ұйықтаған жөн, мидың қызметін жақсарту, ұйқы режимін сақтамау, ұйқы қанбаса, жұмыс істеу қабілеті төмендеу.


11. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 183б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 75б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 32б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 96б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 24б.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 78 б.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

15 тақырып: Топырақтың гигиеналық маңызы.



Аралық бақылау

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы:Топырақтың гигиеналық маңызы. Аралық бақылау.
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Топырақтың гигиеналық маңызы» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы. Студенттердімаман ретінде топырақтың гигиеналықмаңызы туралықазақша айта білуге үйрету. Топырақтың гигиеналық маңызы жайлы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. «Топырақтың гиеналық маңызы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру. Терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету. Қажетті әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,

тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,


4. Негізгі ұғымдар:

Топырақ-барлық игілік көзі, табиғи ресурс, жасанды материал, өсімдіктерді өсіру,тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы, кәсіп орындардан, химиялық заттармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы, биологиялық ластану, жұқпалы және паразиттік аурулар, топырақтағы патогенді микрофлоралар, өздігінен тазару қабілеті, ауа өткізгіштік, су өткізгіштік және жылу өткізгіштік те қасиеттері, оттегі мөлшерінің азаюы, адам ағзасына жағымсыз әсер етуі улы заттардың топырақ астына жиналуы, сулардың тазаруы, жер асты суларының ластанбауы,қалпына келуін сақтап қалу,топырақ ластанатын болса, топырақтағы тірі ағзалар жойылып кетуі.


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (5 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

Топырақ-барлық пайда көзі, табиғи ресурс, жасанды материал, өсімдіктерді өсіру,тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы, кәсіп орындардан, химиялық заттармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы, биологиялық ластану, жұқпалы және паразиттік аурулар, топырақтағы патогенді микрофлоралар, өздігінен тазару қабілеті, ауа өткізгіштік, су өткізгіштік және жылу өткізгіштік те қасиеттері, оттегі мөлшерінің азаюы, адам ағзасына жағымсыз әсер етуі улы заттардың топырақ астына жиналуы, сулардың тазаруы, жер асты суларының ластанбауы,қалпына келуін сақтап қалу,топырақ ластанатын болса, топырақтағы тірі ағзалар жойылып кетуі.


2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.

топырақ – почва

қалдықтар – остаток

қолданады – использует

қасиеті – свойство

құрамы – состав

жойылу – уничтожение, исчезнуть

ластау-загрязнит; засорить

азаю-уменьшиться

зардап-последствие; вред

арнайы-специально

3-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.
Топырақтың гигиеналық маңызы
Еңбек – байлықтың әкесі болса, топырақ – анасы.

К.Маркс.
Топырақ ешнәрсеге айрыбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал табылған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген  әдісі де топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды .

Тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы өте зор. Топырақ кәсіп орындардан, көліктерден ауаға бөлінетін түрлі экзогенді химиялық заттармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы мүмкін. Ол үнемі биологиялық ластануға ұшырап отыратындықтан, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу факторы болып та табылады. Сонымен қатар топырақ өздігінен тазарып та отырады. Өздігінен тазару үрдісінде топырақтағы патогенді микрофлоралар жойылады. Топырақтың өздігінен тазару қабілетін өндірісте сұйық және қатты қалдықтарды зарасыздандыру, өңдеу және қайта пайдаға асыру үшін қолданады.

Топырақтың ауа өткізгіштік, су өткізгіштік және жылу өткізгіштік те қасиеттері бар. Ау мен су топырақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Топырақтың жоғарғы қабатындағы ауа құрамы атмосфералық ауаның құрамына жақын болады. Топырақ тереңдеген сайын оттегінің мөлшері азаяды да, көмірқышқыл газының қосындысы көбейе түседі. Адам ағзасына жағымсыз әсер ететін біраз улы заттар топырақ астына жиналады, сөйтіп ауа тазарады. Топырақтың сүзгіштік қасиеті сулардың тазаруына ықпал етеді. Жерге төгілген сулар топырақ әсерінен сүзіліп, тазарады. Соның нәтижесінде жер асты сулары ластанбайды.

Топырақтың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары емес, сондықтан сыртқы температуралық ауытқулар 2 м тереңдікке 2 айдан соң жетеді. Осының нәтижесінде жазда мұндай тереңдікте жер бетіне қарағанда біршама салқын, ал қыста жылы болады. Топырақтың мұндай қасиетін адамдар азық-түліктерді сақтайтын қоймалар салуға пайдаланады

Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, ким үшін талшық, құрылыс материалдарын береді.

Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы мәселе- топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келуін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

Егер топырақ ластанатын болса, онда топырақтағы тірі ағзалар жойылып кетуі мүмкін.


4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Топырақтың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

  2. Топырақтың құрамын қалай қарастырады?

  3. Топырақтың ластану көздерін қалай анықтайды?

  4. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірін атаңыз?


1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тақырыпша қойыңыз.

Топырақтың қатты бөлігінде алғашқы (кварц, дала шпаты, слюда, т.б.) және екінші ретті минералдар (гидрослюда, монтмориллонит, каолинит, т.б.) басым келеді. Топырақ борпылдақтығының қалыптасуы осы қатты бөлігінің кұрамы мен оның кұрылымының ерекшеліктеріне байланысты. Топырақтың негізгі массасын, негізінен түйірлері 1 мм-ден кіші болатын ұсақтопырақтар құрайды. Табиғи түріндетопырақ массасы көлемінің бір бөлігін — қатты бөлігі, ал қалған бөліктерін топырақ ерітіндісі ментопырақ ауасынан тұратын бөлігі құрайды.        Топырақтың қатты бөлігінің минералды және химиялық құрамына қарай көбіне оның құнарлылығын анықтауға болады. Органикалық заттар ыдыраған кезде оның құрамындағы азот өсімдіктердісіңіре алатындай түрге айналады.

         Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты болады.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):

Операционалды-дағды компетенциясы бойынша

1-жаттығу. Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Топырақ - барлық пайда көзі, табиғи ресурс, жасанды материал, өсімдіктерді өсіру,тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы, кәсіп орындардан, химиялық заттармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы, биологиялық ластану, жұқпалы және паразиттік аурулар, топырақтағы патогенді микрофлоралар, өздігінен тазару қабілеті, ауа өткізгіштік, су өткізгіштік және жылу өткізгіштік те қасиеттері, оттегі мөлшерінің азаюы, адам ағзасына жағымсыз әсер етуі улы заттардың топырақ астына жиналуы, сулардың тазаруы, жер асты суларының ластанбауы,қалпына келуін сақтап қалу, топырақ ластанатын болса, топырақтағы тірі ағзалар жойылып кетуі.



2-жаттығу. Мәтінді аударып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

Топырақтың қатты бөлігінде алғашқы (кварц, дала шпаты, слюда, т.б.) және екінші ретті минералдар (гидрослюда, монтмориллонит, каолинит, т.б.) басым келеді. Топырақ борпылдақтығының қалыптасуы осы қатты бөлігінің кұрамы мен оның кұрылымының ерекшеліктеріне байланысты. Топырақтың негізгі массасын, негізінен түйірлері 1 мм-ден кіші болатын ұсақтопырақтар құрайды. Табиғи түріндетопырақ массасы көлемінің бір бөлігін — қатты бөлігі, ал қалған бөліктерін топырақ ерітіндісі ментопырақ ауасынан тұратын бөлігі құрайды.        Топырақтың қатты бөлігінің минералды және химиялық құрамына қарай көбіне оның құнарлылығын анықтауға болады. Органикалық заттар ыдыраған кезде оның құрамындағы азот өсімдіктердісіңіре алатындай түрге айналады.

         Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты болады.
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіп, сөйлемді толықтырыңыз.

Тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың ... зор. Топырақ кәсіп орындардан, көліктерден ауаға бөлінетін түрлі экзогенді химиялық заттармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ... мүмкін. Сонымен қатар топырақ өздігінен ... та отырады. Топырақтың ауа өткізгіштік, су өткізгіштік және жылу өткізгіштік те ... бар. Ау мен су топырақтың негізгі ... бөлігі болып табылады. Адам ағзасына жағымсыз әсер ететін біраз улы ... топырақ астына жиналады, сөйтіп ауа тазарады. Топырақтың сүзгіштік ... сулардың тазаруына ықпал етеді. Топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келуін сақтап қалуға барынша ... жасау.


Аралық бақылау (когнитивті-білім, операционалды-дағды, коммуникативтік, өзін өзі дамыту компетенциялары бойынша сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):


  1. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

1. Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы қандай?

2. Арал теңізінің жалпы жағдайы туралы.

3. Шылым шегудің қандай зияндылығы бар?

4. Тазалық – денсаулық кепілі дегенді қалай түсінесіз?

5. Судың адам үшін қандай маңызы бар?

6. Дұрыс тамақтану үшін қандай ережелерді сақтау керек?

7. Ұйқының гигиеналық маңызы қандай?
І нұсқа

1-тапсырма. Өтілген мәтіндер бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем

құрастырыңыздар

Ауа тазалығы, арал мәселесі, адамзаттың жіберген қателігі, зиян, шылым шегу, жастар, құтылудың жолы, сақтану, тазалық, жуу, лас, денсаулық, маңызды.


2 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Әрбір адам қоғамдық және күнделікті өмірде гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасына дене гигиенасы, киім мен төсек орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады.Адам тіршілігінде терінің атқаратын қызметі зор. Кір теріге микробтар еніп, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда,жырылған, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. Ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек.


3 – тапсырма.Өтілген мәтіндер бойынша берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды,

ұсынысыңызды айтыңыз.

1. Ауа тазалығын сақтау үшін қандай жұмыстар, шаралар атқаруға болады?

2. Арал теңізің мұндай күйге түскеніне кім кінәлі? Сізді теңіз тағдыры алаңдата ма?

3. Шылым шегудің алдын алу үшін не істеу керек?

4. Шылымды көбінесе кімдер шегеді? Себебі неде?

5. Тазалыққа нелерді жатқызасыз? Тазалықтың маңызы қандай?


ІІ нұсқа
1-тапсырма. Өтілген мәтіндер бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем

құраңыздар.
Су, маңызы, қажет, дұрыс тамақтану, денсаулыққа пайдалы, таза, ұйқының маңызы, уақытында, тыныш, тынықтырады, топырақтың маңызы, топырақты сақтау, маңызы, байлық.
2 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Топырақтың ауа өткізгіштік, су өткізгіштік және жылу өткізгіштік те қасиеттері бар. Ау мен су топырақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Топырақтың жоғарғы қабатындағы ауа құрамы атмосфералық ауаның құрамына жақын болады. Топырақ тереңдеген сайын оттегінің мөлшері азаяды да, көмірқышқыл газының қосындысы көбейе түседі. Адам ағзасына жағымсыз әсер ететін біраз улы заттар топырақ астына жиналады, сөйтіп ауа тазарады. Топырақтың сүзгіштік қасиеті сулардың тазаруына ықпал етеді. Жерге төгілген сулар топырақ әсерінен сүзіліп, тазарады. Соның нәтижесінде жер асты сулары ластанбайды.




3 – тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым –... деп аталады. Дұрыс ... де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс ... кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам ...тағам әр түрлі әрі қуаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік ... болуы шарт. Астың жақсы ... жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар әсер етеді. Ұзақ өмір сүрушілердің басты себептері де дұрыс тамақтана білуге тікелей ... . Адам күнделікті бір мезгілде тамақтануға ... тиіс. Мұндай дағдыға үйренген ...асқорыту сөлдері дер кезінде бөлініп, тағам тез қ... әрі жылдам сіңеді.


4-тапсырма. Өтілген мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

1. Өзіңіз суды қалай пайдаланасыз? Күніне неше литр су ішесіз?

2. Дұрыс тамақтану үшін қандай ережелерді ұстанасыз? Қазіргі жастардың (студент, оқушылардың) тамақтануы қалай?

3. Ұйқының қандай маңызы бар? Өзіңіз неше сағат ұйықтайсыз? Уақытында ұйқыға жатасыз ба?

4. Топырақтың қандай қасиеттері бар?
Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 180б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 120б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 81б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 79б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 45б.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 116 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет