С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет2/8
Дата13.11.2016
өлшемі2,02 Mb.
#1627
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе


Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттілігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы.

Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап беруді нысан етіп отыр. Кәсіби лексиканы өз мамандығына байланысты қатысымдық тұрғыда меңгеру - олардың өздерінің сөздік қорын тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық-әлеуметтік салада және оқу үрдісінде еркін пайдаланып, сауатты жаза білуіне көмектеседі.Бағдарламада қоғамдық денсаулық сақтау, медико-профилактика мамандығына қатысты ең қажетті деген тақырыптар берілген. Яғни касіби лексиканы меңгертуге бағытталған.

Қазіргі таңда тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысынан қарастырылуда. Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметтері, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалды грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілерлің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.

Тілді меңгертудің стратегиясы мен тактикасы:



  • тілдік білім берудің негізгі құзіреттілігі және оның нәтижелі болуы;

  • коммуникативті-функционалдық бағыт; пән мазмұны мен оның нәтижесінің белгіленген типтік стандарт бойынша оқытылу мен тілді меңгертуі;

  • пән мазмұнының сала, тақырып, шағын мәтін және қатысымдық-типтік жағдаяттарынан құралған когнитивті-лингвомәдени кешен түрінде берілуі;

  • тілдік құзіреттілікті анықтаудың параметрлік өлшем бірліктерін көрсету.


2.2. Пәннің мақсаттары:

Кәсіби лексиканы мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйрету. Өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу.

Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына сәйкес білімді игеруде үйренушінің жалпы дүниетанымын кеңейту.

Дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру; Өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыпарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;

Белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;

Күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаятарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл-күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау);

Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

Мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; байқампаздық таныту; көңілі толуы-толмауын, қызығушылығын немқұрайдылығын білдіру.


2.3. Міндеттері:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы» және «Білім туралы заңын» білу.

5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.

  • Кәсіби бағытта сауатты жазуға дағдыландыру;

  • Студенттердің болашақ мамандықтарына байланысты кәсіби терминдерді түсініп, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру;

  • Кәсіби лексиканы болашақ мамандығына сәйкес пайдалануды үйрету;

  • Медицинада, әлеуметтік ортада, жеке тұрмыста, өндіріс орындарында дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету,

  • Кәсіби сөздердің ерекшелігіне, қолдану аясын білуге машықтандыру


2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттердің білуі және меңгеруі керек:

  • Кәсіби лексиканы;

  • кәсіби терминдерді;

  • терминдердің жазылу үлгісін, талаптарын;

  • ауызекі сөйлеу тілін;

  • сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін;

  • мамандыққа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін;

  • сөздікпен дұрыс жұмыс жасауды;

  • мәтінді дұрыс айта алуды;

  • негізгі ойды қорытындылай алуды;

  • сөйлем құрауды;

  • дұрыс сұрақ қоя білуді;

  • дұрыс жауап беруді;


2.5. Пәннің пререквизиті:

Қазақ тілі, психология, анатомия т.б.


2.6. Пәннің постреквизиті

Жалпы гигиена, физиология, микробиология т.б.


2.7 Тәжірибелік сабақтар мен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары





Апта

Сабақтардың тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны

1

1

Адам және табиғат.

тәжірибелік

2

2

2

Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар.

тәжірибелік

2

3

3

Ас әзірлеу гигенасы.

тәжірибелік

2

4

4

Тұрғын үй гигиенасы.

тәжірибелік

2

5

5

Қазақстандағы экологиялық дағдарыс

тәжірибелік

2

6

6

Қазақтың хадық медицинасы мен гиенасы

тәжірибелік

2

7

7

Аралық бақылау.

тәжірибелік

2

8

8

Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы.

тәжірибелік

2

9

9

Арал тағдыры – адам тағдыры

тәжірибелік

2

10

10

Шылым шегу – ақыл-ойды күйзелтеді.

тәжірибелік

2

11

11

Тазалық – денсаулық кепілі.

тәжірибелік

2

12

12

Судың адам ағзасы үшін маңызы.

тәжірибелік

2

13

13

Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты шарты

тәжірибелік

2

14

14

Ұйқының гигиеналық маңызы.

тәжірибелік

2

15

15

Топырақтың гигеналық маңызы.

Аралық бақылау




2

Барлығы




30





Апта

Сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны

1.

1

Ағзаның қорғаныс қабілеті

ОСӨЖ

1

2

2

Тағамтану ғылымының іргетасын қалаушы - Төрегелді Шарманов

ОСӨЖ

1

3

3

Ауыз су әсерінен болатын аурулардың алдын алу

ОСӨЖ

1

4

4

Ибн-Сина гигена ғылымының негізін қалаушы

ОСӨЖ

1

5

5

Қазақстанның қалалары

ОСӨЖ

1

6

6

Қазақтың ұлттық ойындары

ОСӨЖ

1

7

7

Қазақстан экологиясы

ОСӨЖ

1

8

8

Жастар - біздің болашағымыз.

ОСӨЖ

1

9

9

Мемлекеттік тіл –қазақ тілі

ОСӨЖ

1







Қоғам және жастар




1

10

10

Шипагер, ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлы

ОСӨЖ

1

11

11

Дене тәрбиесі – дәрісіз ем.

ОСӨЖ

1

12

12

Медицина атасы Гиппократ және оның қанатты сөздері.

ОСӨЖ

1

13

13

Тұздың емдік қасиеті

ОСӨЖ

1

14

14

Уақытты бағалай білейік

ОСӨЖ

1

Барлығы

14


2.8 Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ)

тақырыптық жоспары




Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ)

тақырыптары мен тапсырмалары

Бақылау нысандары

Сағат саны

1

Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиет, зерттеулер, интернет т.б) өздігімен немесе студенттердің шағын тобы құрамында жұмыс жасау.


Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы

33

2


Студенттердің бір-бірімен ұйымдастырған іскерлік ойын (рөлдік ойын) өткізу.

Жазбаша есеп (ақпарат)

Сценарий


30

3


Белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинақтау:

Орта ғасыр ойшылдары.

Ұлылардан қалған сөз.

Медицина жаңалықтары т.б.



Ақпарат көздерінің тізімін дайындау (презентация)

30

4

Қандай да бір пікір алуандығын туғызатын мәселе бойынша мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама құрастыру.

Сауалнама.

Сауалнама нәтижелерін талдау.




45




Сағат саны

138


2.9 Пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі:

Негізгі:

1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.

3. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

5. Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, «Ана тілі», 1994 ж

6. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.

7. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002 ж.

8. Жиенбаев С. Қазақ тілі. Алматы, Мектеп, 1987 ж.

9. Жапбарова А. Основы методики изучения стилистики казахского языка. 1991.ж.

10. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 2011 ж

11. Искаков А. Современный казахский язык. Алматы, 1991ж.

12. Қалиев Б. Лаб. работы по современному каз. языку. Алматы, 1992ж.

13. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі. Алматы, 1990 ж.

14. Құлмағамбетова Б. Уроки казахского языка для взрослых. Алматы, 1990ж.

15. З.Күзекова Қазақ тілі. «Таным». Астана 2003ж.

16.


Қосымша:

1. Оралбаева Н. Изучаем казахский язык. Алматы, 1989 ж.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004ж.

3. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж.



Сөздіктер:

1. Ақыжанова А.Т. Қазақша –орысша сөздік. Алматы, 2000 ж.

2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Алматы, «Рауан» 2000, 344 б.
2.10. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Тәжірибелік сабақты өткізу түрі: мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер беру, презентациялар жасау, пікірталас, сұхбаттасу, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.
Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау т.б.
ОСӨЖ-ді өткізу түрі: мәтінмен жұмыс түрлері, терминологиялық, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс, жаттығу жұмыстарын орындау т.б.
СӨЖ-ді ұйымдастыру түрі

Өздік жұмыс – оқу танымдық әрекеттің ерекше түрі. Оны орындау барысында оқытушы тек кеңес беруші, бағыттаушы қызмет атқарады. Өзіндік жұмыс студенттің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, оны өз білімінің траекториясын анықтауға және қолданатын білім әдістерін таңдауға баулиды. Сөйтіп оның еркін әрекет жасау дағдысын қалыптастырады.

Оқу үрдісіндегі СӨЖ-дің мазмұны мынадай талаптарға сай болу қажет:


  • тапсырма мазмұны тіл үйренушінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек;

  • бұған дейін қамтылған білімге сай құрылу керек,

  • берілген тапсырма түсінікті, мазмұны қызығушылық танытатындай болу керек;

  • тапсырма мазмұны мен орындау тәртібі бірте-бірте күрделене берілуі керек;


2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

1. Когнитивті - білім компетенциясы (тақырыптық материалды білу) – 100 балл

2. Операционалды – дағды компетенциясын білу – 100 балл

3. Коммуникативті компетенцияны қолдану – 100 балл

4. Құқықтық компетенция – 100 балл

5. Өзін – өзі дамыту – 100 балл
Ағымдық бақылау t- құзыреттілік қалыпты деңгейлік бағасы

t=(Z+N+K+P+S)/n

n-барлық құзыреттілік бойынша саны

Z: z1 + z2+... zn – білімді бағалау

N: n1+ n2+... nn – дағдыны бағалау

K: k1+ k2+... kn – коммуникативті құзыреттілікті бағалау

P: p1+p2+...pnқұқықтық құзыреттілікті бағалау

S: s1+s2+...sn – СӨЖ бағалау
Әрбір құзыреттілік 100 балмен бағаланады.

Бағалау формасы, әрбір құзыреттілік бойынша тапсырма саны жұмыс бағдарламасында (п 2.9 білімдерін және оқыту дағдыларын бағалау әдістері) және Силлабус (п 2.10 білімін бағалау ережесі және критериі).


Аралық бақылау r-коллоквиум

Пән саясаты саны және өткізу түрі бойынша анықталады.


Рейтингіге жіберу

Рейтингіге жіберу студенттің қорытынды бағасы 60% кем болмау керек,

0.6 формуласымен анықталады.

 – ағымдық бақылау

 – бірінші рейтинг

 – екінші рейтинг



Қорытынды бақылау

Қорытынды бақылау: Емтихан 2 кезеңнен тұрады. 1) тестілеу 2) ауызша (билет бойынша).





 - 1 кезеңдегі емтихан балы

 - 2 кезеңдегі емтихан балы

Қорытынды баға

Қорытынды баға – рейтингіге жіберу және қорытынды бақылауды қосумен анықталады.



І  R*0.6+E*0.4

I – қорытынды баға

R – рейтингіге жіберу бағасы

Е – пән бойынша емтиханның қорытынды бағасы

Қорытынды рейтингі – рейтингіге жіберу 60% және қорытынды бақылау бағасы 40% тұрады.





  • Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақтың уақытында іске асырылады.

  • Аралық бақылау: әр семестр сайын оқу тақырыптарын игеру деңгейін анықтау мақсатында

іске асырылады. Оқу жылында 2 аралық бақылау тапсырады.

  • Қорытынды бақылау - емтихан (ауызша және тест әдісі).

Қорытынды бақылау, аралық бақылау және кеңес беру уақыты.



  1. Кеңес беру уақыты, оқу бөлімінің кестесімен сәйкес өтіледі.

  2. Аралық бақылау уақыты: 7-14 аптада.

  3. Қорытынды бақылау уақыты – семестрдің соңында ОҮБжЖБ-ң сабақ кестесі бойынша.


Тәжірибелік сабақты бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Оқу бағдарламасы бойынша барлық тақырыптарды толық меңгеру. Компетенциялар бойынша игеру. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру. Жұмыстарды жауапкершілікпен орындап, тапсырмаларды жоғарғы деңгейде дайындау. Сөздік қоры мол, шығармашылық, ғылыми қабілеті жоғары болу.

А-

3.67

90-94

Тақырыпты толық меңгеру. Лексиканы қолдану арқылы ойын толық жеткізу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Сабақ барысында әр түрлі қызығушылықпен көзге түсу.

В+

3.33

85-89

Оқу бағдарламасын толық білу. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындай білу. Айтылған сөздердің қателерін тауып, өз бетімен жұмыс істеу.

В

3.0

80-84

Сабақ барысында берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау.

В-

2.67

75-79

Оқу бағдарламасын толық біле тұра, тапсырмаларды толық, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.

С+

2.33

70-74

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Лексиканы толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы. Қойған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы.

С

2.0

65-69

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы. Сабаққа деген қызығушылығы толық болмауы.

С-

1.67

60-64

Оқу бағдарламасын меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.

D

1.0

50-54

Тәжірибелік сабақтарға деген белсенділігі мүлдем төмен. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.

F

0

0-49

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі, игермеуі. Шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен.

Аралық бақылауды бағалау критериі

Әріптік жүйе бойын-ша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындау. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру, жазу. Тест жұмыстарын толық орындай білу. Лексикалық, грамматикалық тақырыпты толық біліп, айту. Компетенция бойынша игеру.

А-

3.67

90-94

Мәтінмен жұмыс түрлерінің толық болуы. Аударма жұмыстарын жасау, сұрақтарға жауап беру. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындау.

В+

3.33

85-89

Берілген тапсырмаларды толық, түсінікті орындай білу. Берілген сөздер мен сөзтіркестердің қателерін тауып, өз бетімен жұмыс істеу.

В

3.0

80-84

Берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып олармен жұмыс жасау.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды біле тұра, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы. Сұрақтарға толық жауап бермеуі.

С+

2.33

70-74

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы.

С

2.0

65-69

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі, меңгермеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы. Сөздік қорларының нашар болуы.

D

1.0

50-54

Тақырыптарды білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.

F

0

0-49

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі. Пәнге деген қызығушылығы төмен.



СӨЖ-ді бағалау критерийі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквивален-ті

%

Бағалау критерийі

А

4.0

95-100

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық біліп, меңгеруі. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. қолдана алуы. Ғылымға деген ынтасы жоғары және белсенділік танытуы. Сөздік қорының мол болуы.

А-

3.67

90-94

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Ғылыми шығармашылығы толық. Тұсаукесердің мағынасы өте жақсы деңгейде болуы.

В+

3.33

85-89

Жұмысын толық меңгеру. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Өз бетімен жұмыс түрлерін орындау.

В

3.0

80-84

Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау. Тұсаукесердің мағынасы жақсы деңгейде болуы.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды толық біле тұра, мағынасыз, түсініксіз орындауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.

С+

2.33

70-74

Ойын толық жеткізе алмауы. Сөйлем құрылысы мен сөздердің дұрыс айтылмауы. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы. Ғылыми шығармашылығы орта.

С

2.0

65-69

Жұмысты толық меңгермеуі және білмеуі. Сөздік қоры нашар. Ғылыми тақырыптың мағынасы түсініксіз болуы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырыпты толық білмеуі және сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.

D

1.0

50-54

Ғылыми жұмысының белсенділігі мүлдем төмен, сапасы мен мағынасы нашар.

F

0

0-49

Ғылыми, шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен. Қызығушылығы нашар.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №1

Қазақ тілі кафедрасы

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша, коды KRYa 1104

Мамандығы – 5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау (электив)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет